Норвегия Корольдігінің Крон-Ханзадасы Хокон Магнустың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 3 ақпандағы № 17-ө Өкімі

      Норвегия Корольдігінің Крон-Ханзадасының Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2010 жылғы 4 - 5 ақпанда Астана қаласында Норвегия Корольдігі Крон-Ханзадасының Хокон Магнустың Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу бойынша протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес «1+10» форматы бойынша Норвегия Корольдігі делегациясының ресми мүшелеріне қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету» және 003 «Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Норвегия Корольдігінің ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Норвегия Корольдігінің Крон-Ханзадасы арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      2) Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан ресми түскі ас кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.
      6. Астана қаласының әкімдігі Норвегия Корольдігінің ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайды және көшелерді безендіруді, баратын орындарға бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламаны ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қаласының әуежайында Норвегия Корольдігінің Крон-Ханзадасы қарсы алу және шығарып салу ресми салтанатына қатыссын.
      8. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2010 жылғы 3 ақпандағы
№ 17-ө өкіміне    
қосымша        

Норвегия Корольдігінің ресми делегациясының мүшелерін қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары

      1. Норвегия Корольдігі ресми делегациясының мүшелерін «1+10» форматы бойынша және Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қаласындағы қонақ үйге орналастыру.
      2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      3. Норвегия Корольдігі делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      4. Норвегия Корольдігінің ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру.
      5. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің атынан Астана қаласында Норвегия Корольдігі Крон-Ханзадасы Хокон Магнустың құрметіне ресми қабылдауларды (таңертеңгі ас, түскі және кешкі тамақ) ұйымдастыру.
      6. Іс-шаралар өткізілетін орындарды гүлмен безендіру.
      7. Норвегия Корольдігі ресми делегациясының мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсету.
      8. Норвегия Корольдігі ресми делегациясының мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады