"Балапан" бағдарламасын әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды пысықтау үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 18 ақпандағы № 30-ө Өкімі

      Балабақшалардағы орын тапшылығын жоюға және балаларды мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамтамасыз етуге бағытталған «Балапан» бағдарламасын әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды пысықтау мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Орынбаев                 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ербол Тұрмаханұлы          орынбасары, жетекші

Сарыбеков                - Қазақстан Республикасының Білім және
Махметғали Нұрғалиұлы      ғылым вице-министрі, жетекшінің
                           орынбасары

Аршабеков                - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Нұрғали Рахымғалиұлы       министрлігі Мектепке дейінгі және орта
                           білім департаментінің директоры, хатшы

Нұрғожаева               - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Татьяна Александровна      министрлігі Қаржы департаментінің
                           директоры

Бөрібеков                - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Қадырбек Қозыбайұлы        министрлігі Техникалық және кәсіптік
                           білім департаментінің директоры

Тұрышова                 - Қазақстан Республикасы Құрылыс және
Дәрібала Ақылтайқызы       тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері
                           агенттігі Сәулет, жобалау жұмыстары және
                           сметалық нормалар департаментінің
                           директоры

Үсіпбекова               - Қазақстан Республикасы Экономика және
Варвара Жапарғалиқызы      бюджеттік жоспарлау министрлігінің
                           Әлеуметтік саланы дамыту департаменті
                           директорының орынбасары

Камиева                  - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Бәтима Қайриденқызы        Заңға тәуелді актілер департаментінің
                           сарапшысы

Сәрсебеков               - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Марат Болатұлы             Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
                           комитетінің басқарма бастығы

Бимендина                - Астана қаласының әкімдігі Білім
Әсима Тимкенқызы           басқармасының бастығы

Иманғалиев               - Қарағанды облысының әкімдігі Білім
Есенғазы Нұртөлеуұлы       басқармасының бастығы

      2. Жұмыс тобы 2010 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде «Балапан» бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды пысықтасын және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ж.Қ. Түймебаевқа жүктелсін.

      Премьер-Министр                                      К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады