1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балық шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 21 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілер қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2010 жылғы 25 ақпандағы
№ 37-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балық шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 21 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындалуына жауапты мемлекеттік орган |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Табиғи мекендеу ортасынан алынған бекіре тұқымдас балықтарды және олардың уылдырығын мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның өткізу ережесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2010 жылғы қараша |
2. |
Жануарларды интродукциялау мен будандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2010 жылғы наурыз |
3. |
Жануарлар дүниесі объектілерін алуға арналған квоталарды бөлу ережесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2010 жылғы наурыз |
4. |
Су айдындарын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу ережесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2010 жылғы наурыз |
5. |
Республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту ережесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2010 жылғы наурыз |
6. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2010 жылғы наурыз |
7. |
Балық аулаудың кәсіпшілік және кәсіпшілік емес құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен тәсілдерін (эксперименталды аулау тәртібімен) қолдануға арналған рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы |
АШМ бұйрығы |
АШМ |
2010 жылғы наурыз |
8. |
Балық аулауға және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгі нысанын белгілеу туралы |
АШМ бұйрығы |
АШМ |
2010 жылғы наурыз |
9. |
Қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін бекіту туралы |
АШМ бұйрығы |
АШМ |
2010 жылғы наурыз |
10. |
Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесін бекіту туралы |
АШМ бұйрығы |
АШМ |
2010 жылғы наурыз |
11. |
Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің жағалаулық шекараларын білдіретін белгілер мен аншлагтардың үлгілерін, сондай-ақ Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын белгілеу туралы |
АШМ бұйрығы |
АШМ |
2010 жылғы наурыз |
12. |
Балык ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолдамалар туралы мәліметтер беру ережесі мен нысандарын бекіту туралы |
АШМ бұйрығы |
АШМ |
2010 жылғы наурыз |
13. |
Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралы |
АШМ бұйрығы |
АШМ |
2010 жылғы наурыз |
14. |
Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін биологиялық негіздеме дайындау ережесін бекіту туралы |
АШМ бұйрығы |
АШМ |
2010 жылғы наурыз |
15. |
Жолдаманың үлгі нысанын, сондай-ақ оны беру ережесін бекіту туралы |
АШМ бұйрығы |
АШМ |
2010 жылғы наурыз |
16. |
Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгі нысандарын бекіту туралы |
АШМ бұйрығы |
АШМ |
2010 жылғы наурыз |
17. |
Жануарлардың өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулау мен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын түрлерінің, жануарлардың шаруашылық мақсаттарда пайдаланылмайтын, бірақ экологиялық, мәдени және өзге де құндылығы бар түрлерінің, жануарлардың халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау, қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметіне айтарлықтай зиян келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттелуге тиіс түрлерінің тізбелерін бекіту туралы |
АШМ бұйрығы |
АШМ |
2010 жылғы наурыз |
18. |
Жануарларды интродукциялау, су айдындарына балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіру жөнінде жұмыстар жүргізу, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы ережесін бекіту туралы |
АШМ бұйрығы |
АШМ |
2010 жылғы наурыз |
19. |
Жануарлар дүниесін пайдаланушы жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасасқан шарттарын уәкілетті органда тіркеу және оларды бұзу туралы ақпарат беру ережесін бекіту туралы |
АШМ бұйрығы |
АШМ |
2010 жылғы наурыз |
20. |
Халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімдерін бекіту туралы |
АШМ бұйрығы |
АШМ |
2010 жылғы наурыз |
21. |
Республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату мен олардың аумақтарын қысқартудың жаратылыстану-ғылыми негіздемесінің жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы |
АШМ бұйрығы |
АШМ |
2010 жылғы наурыз |
22. |
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында арнайы бөлінген учаскелерде жергілікті тұрғындардың мұқтажы үшін әуесқойлық (спорттық) балық аулау ережесін бекіту туралы |
АШМ бұйрығы |
АШМ |
2010 жылғы наурыз |
23. |
Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының су айдындарында балықтың қырылуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесін бекіту туралы |
АШМ бұйрығы |
АШМ |
2010 жылғы наурыз |
24. |
Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оны беру ережесін бекіту туралы |
АШМ бұйрығы |
АШМ |
2010 жылғы наурыз |
25. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
АШМ бұйрығы |
АШМ |
2010 жылғы наурыз |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі