"Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 42-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      Премьер-Министр                                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2010 жылғы 9 наурыздағы
№ 42-ө өкімімен   
бекітілген     

«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы»
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңын іске
асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық
актілердің тізбесі

Р/с

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау ережесі және сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Әділетмині

2010 жылғы наурыз

2.

Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Әділетмині

2010 жылғы наурыз

3.

Қазақстан Республикасының сот сараптамасы зерттеулері әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Әділетмині

2010 жылғы наурыз

4.

Сот сараптамасы объектілерін пайдалану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Әділетмині

2010 жылғы наурыз

5.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарына алғаш жұмысқа кіретін адамдардың арнайы кәсіптік даярлықтан өту ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2010 жылғы наурыз

6.

Күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу және олардың күрделілік санаттарын айқындау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2010 жылғы наурыз

7.

Кешенді сот сараптамаларын жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2010 жылғы наурыз

8.

Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2010 жылғы наурыз

9.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі біліктілік комиссиясы қызметінің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2010 жылғы наурыз

10.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиясы қызметінің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2010 жылғы наурыз

11.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиясының сот сарапшысын аттестаттау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2010 жылғы наурыз

Ескертпе: Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады