Словакия Республикасының Президенті Иван Гашпаровичтың Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 47-ө Өкімі

      Словакия Республикасының Президенті Иван Гашпаровичтың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2010 жылғы 29 - 31 наурызда Астана және Алматы қалаларына Словакия Республикасының Президенті Иван Гашпаровичтың Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):
      1) қосымшаға сәйкес Словакия Республикасының ресми делегациясының мүшелеріне «1+1+13» форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      2) сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2010 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету» және 003 «Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3) Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Словакия Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің Астана және Алматы қалаларының әуежайларындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Словакия Республикасының Президенті арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Астана және Алматы қалаларының әуежайларына қонуын және одан ұшып шығуын;
      2) Астана және Алматы қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан ресми қабылдаулар кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.
      7. Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері Словакия Республикасының ресми делегациясын Астана және Алматы қалаларының әуежайларында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайларды және көшелерді безендіруді, баратын орындарда бірге жүруді, Алматыда көлік қызметін көрсетуді, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      8. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана және Алматы қалаларының әуежайларында Словакия Республикасының Президентін қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.
      9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің   
2010 жылғы 30 наурыздағы
№ 47-ө өкіміне     
қосымша        

Словакия Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Словакия Республикасының ресми делегациясының мүшелерін «1+1+13» форматы бойынша және Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана және Алматы қалаларындағы қонақ үйлерге орналастыру.
      2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, автомобильдерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      3. Словакия Республикасының ресми делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      4. Словакия Республикасының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана және Алматы қалаларының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру.
      5. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атынан Астана қаласында Словакия Республикасының Президенті Иван Гашпаровичтың құрметіне қабылдаулар (таңертеңгі, түскі және кешкі ас) ұйымдастыру.
      6. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.К. Мәсімовтің атынан Астана қаласында Словакия Республикасының Президенті Иван Гашпаровичтың құрметіне қабылдау ұйымдастыру.
      7. Іс-шаралар өткізілетін орындарды гүлмен безендіру.
      8. Словакия Республикасының ресми делегациясының мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсету.
      9. Словакия Республикасының ресми делегациясының мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет корсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады