Бірінші қазақстандық Халықаралық қару-жарақ пен әскери техника көрмесін өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі N 55-ө Өкімі

      2010 жылғы 26 - 29 мамыр кезеңінде Астана қаласында бірінші Халықаралық қару-жарақ пен әскери техника көрмесін (бұдан әрі - көрме) өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі көрмені өткізуді сондай-ақ оны жариялау жөнінде веб-сайт ашуды қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі белгіленген тәртіппен көрмені бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерін болатын көрме туралы хабардар етсін, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ұсынған тізімге сәйкес ресми делегацияларды шақыруды қамтамасыз етсін және көрмені шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастырсын.
      4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі көрмені өткізу кезеңінде құқық тәртібін және делегациялардың жүріп-тұруын күзетуді қамтамасыз етсін.
      5. Астана қаласының әкімдігі:
      1) 2010 жылғы 28 - 29 мамыр кезеңінде көрмені өткізу орнына дейін қоғамдық көліктің қосымша бағыттарын енгізуді;
      2) көрмеге қатысушылар мен келушілер үшін ақылы қоғамдық тамақтандыруды және ұлттық кәдесыйлармен сауда ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп:
      1) делегациялар басшылары арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтулерін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      2) шетелдік ресми делегацияларға VIP қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін.
      7. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешевке жүктелсін.

      Премьер-Министр                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады