Ядролық материалдар айналымына мемлекеттік бақылауды күшейту жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 27 мамырдағы № 79-ө Өкімі

      Ядролық материалдар айналымына мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында:
      1. 2010 жылғы 1 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі:
      1) Қазақстан Республикасында ядролық материалдар мен иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерін ұйымдастыру ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2344 Жарлығымен ратификацияланған 1994 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа байланысты кепілдіктерді қолдану туралы келісім және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 ақпандағы Заңымен ратификацияланған 2004 жылғы 4 ақпандағы оған Қосымша хаттама бойынша есептерді дайындау және ұсыну туралы ережені әзірлеу;
      3) ядролық және радиоактивті материалдардың заңсыз айналымы жағдайларына ден қою кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылы мәселелерін пысықтасын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті өз құзыретінің шеңберінде радиоактивті материалдарды сақтауды қамтамасыз ету және құрамында ураны бар өнімдердің айналымын бақылауды күшейту жөнінде қосымша іс-шараларды іске асырсын және Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігін хабардар етсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады