Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министірінің 2010 жылғы 9 маусымдағы № 81-ө Өкімі

      Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын дайындау және өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2010 жылғы 11-12 маусым кезеңінде Астана қаласында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаоның мемлекеттік сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес «1+10» форматы бойынша Қытай Халық Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын, 2010 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету» және 003 «Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен сапарды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қытай Халық Республикасы ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарында, жүретін бағыттары бойынша бірге жүру қауіпсіздігін, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Қытай Халық Республикасы Төрағасының арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ресми қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.
      6. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін.
      7. Астана қаласының әкімдігі Қытай Халық Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу бойынша ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайды, тұратын орындарын және көшелерді безендіруді, болатын жерлеріне бірге баруды, сондай-ақ мәдени бағдарламаны ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      8. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қаласының әуежайында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаоны қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.
      9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2010 жылғы 9 маусымдағы
№ 81-ө өкіміне   
қосымша       

Қытай Халық Республикасы ресми делегациясының мүшелерін
қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету жөніндегі
ұйымдастыру шаралары

      1. Қытай Халық Республикасы ресми делегациясының мүшелерін (1+10 форматы бойынша) және Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қаласындағы қонақ үйде орналастыру.
      2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      3. Қытай Халық Республикасының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру және гүлдермен безендіру.
      4. Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Қытай Халық Республикасының Төрағасы құрметіне қабылдау (таңғы, түскі, кешкі астар) ұйымдастыру.
      5. Қытай Халық Республикасы делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      6. Іс-шараларды өткізу орындарын гүлдермен безендіру.
      7. Қытай Халық Республикасы ресми делегациясының мүшелері мен бірге жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсету.
      8. Қытай Халық Республикасы ресми делегациясының мүшелері мен бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады