"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне "электрондық үкіметті" дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 6 тамыздағы № 112-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «электрондық үкіметті» дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Мемлекеттік органдар:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      Премьер-Министр                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2010 жылғы 6 тамыздағы
№ 112-ө өкімімен   
бекітілген      

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
«электрондық үкіметті» дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
2010 жылғы 15 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі

Р/с

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Акт нысаны

Жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭДСМ (жинақтау), БАМ

2010 жылғы қыркүйек

2

Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БАМ (жинақтау), ҰБ (келісім бойынша)

2010 жылғы қыркүйек

3

Лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭДСМ (жинақтау), БАМ

2010 жылғы қыркүйек

4

«Электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің операторы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БАМ (жинақтау), ҰБ (келісім бойынша)

2010 жылғы қыркүйек

5

Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторын айқындау жөнінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БАМ (жинақтау), БҚА

2010 жылғы қыркүйек

6

Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БАМ (жинақтау), ЭДСМ

2010 жылғы қыркүйек

7

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БАМ (жинақтау), Қаржымині

2010 жылғы қыркүйек

8

Өз құзыретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуді мемлекеттік органдардың қамтамасыз ету мерзімдері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БАМ (жинақтау), ЭДСМ

2010 жылғы қыркүйек

9

Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын куәландырушы орталық және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы қызметінің қағидаларын бекіту туралы

БАМ бұйрығы

БАМ (жинақтау), ҰБ (келісім бойынша)

2010 жылғы қыркүйек

10

Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын куәландырушы орталық және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы туралы

БАМ бұйрығы

БАМ (жинақтау), ҰБ (келісім бойынша)

2010 жылғы қыркүйек

11

Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу пайдалану және тарату қағидаларын бекіту туралы

БАМ бұйрығы

БАМ (жинақтау)

2010 жылғы қыркүйек

12

«Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2007 жылғы 31 шілдедегі № 311-п бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БАМ бұйрығы

БАМ (жинақтау)

2010 жылғы қыркүйек

13

«Қазақстан Республикасында нотариаттық іс қағаздарын жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 16 шілдедегі № 83 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Әділетминінің бұйрығы

Әділетмині

2010 жылғы қыркүйек

14

«Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулық» туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Әділетминінің бұйрығы

Әділетмині

2010 жылғы қыркүйек

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

Әділетмині     - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қаржымині      - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭДСМ           - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және
                 сауда министрлігі
БАМ            - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат
                 министрлігі
ҰБ             - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
БҚА            - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау
                 агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады