Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулық

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітілді 1998 жылғы 28 шілде N 539. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 10 тамызда тіркелді. Тіркеу N 564. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2012.01.31 № 31 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің    
1998 жылғы 28 шілдедегі
N 539 бұйрығымен      
бекітілді             

Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді
жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулық

      Ескерту: Нұсқаулықтың атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрлігінің 2000.11.20 N 527-к бұйрығымен;
      Барлық мәтін бойына "келісім-шарттары", "келісім-шарттың", "келісім-шарт", "келісім-шартында", "келісім-шарттарды", "келісім-шартта", "келісім-шарттар", "келісім-шартқа", "келісім-шартты" деген сөздер тиісінше "шарттары", "шарттың", "шарт", "шартында", "шарттарды", "шартта", "шарттар", "шартқа", "шартты" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Әділет министрлігінің 2006.01.16 N 13 бұйрығымен.

Мазмұны

1-БӨЛІМ
1-ТАРАУ. Жалпы ережелер
2-БӨЛІМ
2-ТАРАУ. Нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың негізгі ережелері
3-БӨЛІМ  Мәміллерді куәландыру
          Мәмілелерді куәландырудың жалпы ережелері
          Мүлікті иеліктен алу туралы шарттарды куәландыру
          Мүлікті ақысыз пайдалануға немесе жалға беру туралы
          шарттарды куәландыру
          Мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттарды
          куәландыру
          Мүлікті бөлу туралы шарттарды куәландыру
          Некелік келісім-шарттарды куәландыру
          Өсиеттерді куәландыру
          Сенімхаттарды куәландыру
          Кепілгерлік шарттарын куәландыру
4-ТАРАУ  Шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын
          куәландыру
5-ТАРАУ  Мұрамен сенімгерлік басқарушыны тағайындау
6-ТАРАУ  Мұраға құқық туралы куәліктер беру
7-ТАРАУ  Жұбайлардың жіне ортақ бірлескен меншік құқығы
          негізінде мүлкі бар басқа адамдардың ортақ мүліктері
          үлеске меншік құқығы туралы куәліктер беру
8-ТАРАУ  Мүлікті иеліктен алуға тыйым салу және тыйымды жою
9-ТАРАУ  Құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің
          дұрыстығын куәландыру
10-ТАРАУ Құжаттардағы қолдардың түпнұсқалығын куәландыру
11-ТАРАУ Құжаттардың бір тілден екінші тілге аудармасының
          дұрыстығын куәландыру
12-ТАРАУ Азаматтың тірі табылу фактісін куәландыру
13-ТАРАУ Азаматтың белгілі бір жерде табылу фактісін куәландыру
14-ТАРАУ Құжаттардың көрсетілу уақытын куәландыру
15-ТАРАУ Жеке және заңды тұлғалардың арыздарын басқа жеке және
          заңды тұлғаларға беру
16-ТАРАУ Ақшаларды депозитке қабылдау
17-ТАРАУ Орындау қағаздарын жазу  
18-ТАРАУ Вексельдер наразылықтарын жасау
19-ТАРАУ Құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау
20-ТАРАУ Теңіз наразылықтарын жасау
21-ТАРАУ Дәлелдерді қамтамасыз ету
22-ТАРАУ Нотариустың басқа мемлекеттердің құқық нормаларын қолдануы
          халықаралық шарттар

1-БӨЛІМ
1-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. Осы Нұсқаулық "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген құзыреттер шегінде нотариаттық іс-әрекеттер жасауы кезінде мемлекеттік нотариустардың және жеке практикамен айналысатын нотариустардың (бұдан әрі - нотариустардың), сондай-ақ нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілдік берілген жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және консульдық міндетті атқарушы адамдардың Қазақстан Республикасы атынан нотариаттық іс-әрекеттер жасау тәртібін белгілейді.

      2. Нотариус мынадай нотариаттық іс-әрекеттер жасайды:
      1) мәмілелерді куәландырады;
      2) шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландырады;
      3) сенiмгерлiк басқарушыға мұрагерлiктi тағайындайды;
      4) мұраға құқық туралы куәліктер береді;
      5) жұбайлардың және ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар өзге де адамдардың ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәліктер береді;
      6) мүліктерді иеліктен алуға тыйым салады және салынған тыйымды алып тастайды;
      7) құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландырады;
      8) құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады;
      9) құжаттардың бір тілден екінші тілге дұрыс аударылғанын куәландырады;
      10) азаматтың тірі екендігі фактісін куәландырады;
      11) азаматтың белгілі бір жерде болу фактісін куәландырады;
      12) құжаттардың берілген уақытын куәландырады;
      13) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа және жеке заңды тұлғаларға береді;
      14) ақшаларды депозитке қабылдайды;
      15) <*>
      16) вексель наразылықтарын жасайды;
      17) құжаттар мен бағалы қағаздарды сақтауға қабылдайды;
      18) теңіз наразылықтарын жасайды;
      19) дәлелдемелерді қамтамасыз етеді.
      Ескерту: 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен , 2004 жылғы 7 шілдедегі N 206 бұйрығымен .

      3. Қазақстан Республикасының заң актілерімен нотариус жасайтын өзге де нотариаттық іс-әрекеттер көзделуі мүмкін.

      4. Нотариустың көмекшілері мен сынақтан өтушілері болуы мүмкін. Нотариустың сынақтан өтушісінің құқықтық жағдайы мен құзыреті Қазақстан Республикасының әділет министрлігі бекіткен Нотариустың сынақтан өтушісі туралы ережемен белгіленеді . Нотариус көмекшісінің құқықтық жағдайы мен құзыреті нотариус пен көмекші арасындағы жеке еңбек шартымен белгіленеді.
      Ескерту: 4-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қарашадағы N 175 бұйрығымен .

      5. Нотариустың өз тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ мемлекеттік нотариат кеңсесінің атауы (мемлекеттік нотариустың мөрі) не лицензияның нөмірі мен берілген күні (жекеше нотариустың мөрі) көрсетілген жеке мөрі, куәландыру жазбаларының мөртабандары және жеке бланкілері болады.

      6. Нотариаттық іс жүргізу Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарына сәйкес жүргізіледі және Қазақстан Республикасының әділет министрлігі бекіткен Нотариаттық іс жүргізу туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

2-БӨЛІМ
2-ТАРАУ. НОТАРИАТТЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІ ЖАСАУДЫҢ
НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

      7. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгілі бір нотариустың оның қызметінің аумағы шегінде нотариаттық іс-әрекет жасауы тиіс екендігі туралы осы Нұсқаулықта көзделгеннен басқа жағдайларда кез-келген нотариус Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында нотариаттық іс-әрекет жасай алады.

      8. Нотариус қызметінің аумағы мынадай нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде сақталады:
      1) мұрамен сенiмгерлiк басқарушыны тағайындау;
      2) мұраға құқық туралы куәліктер бергенде;
      3) жұбайлардың және ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар өзге де адамдардың ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәліктер бергенде;
      4) тіркеуге жататын жылжымайтын мүліктерді иеліктен алу және кепілге салу туралы құжаттарды куәландырғанда.
      Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 7 шілдедегі N 206 бұйрығымен .

      9. Нотариаттық іс-әрекеттер нотариаттық кеңсенің үй-жайында, үй-жайдан тыс жерлерде де жасалуы мүмкін. Егер нотариаттық іс-әрекеттер нотариат кеңсесі немесе жеке қызметпен айналысатын, нотариус кеңсесі үй-жайынан тыс жерлерде жасалса, онда құжаттағы куәландыру жазбасында және нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған тізілімде, бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің (бұдан әрі - БНАЖ) электрондық тізілімінде нотариаттық іс-әрекеттер жасалған орынның мекен-жайы және уақыты көрсетіле отырып жазылады.
      Бұл ретте БНАЖ электрондық тізіліміндегі жазба сапарды жүзеге асырғаннан кейін, бірақ нотариаттық іс-әрекет сапарға шығып жасалғанда ағымдағы күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
      Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2000.11.20 N 527-к, 2010.09.30 N 271 бұйрықтарымен.

      10. Нотариаттық іс-әрекеттер бұл үшін барлық қажетті құжаттар табыс етіліп, мемлекеттік нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасаған жағдайда мемлекеттік баж салығы төленген не жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттеріне ақы төленген күні жасалады.

      11. Нотариаттық іс-әрекеттерді жасау мынадай негіздер бойынша:
      1) жеке және заңды тұлғалардан қосымша мәліметтерді талап ету қажет болғанда;
      2) құжаттарды сараптамаға жібергенде;
      3) басқа бір мүдделі адам куәландырмақшы болған құқықты немесе фактіні сотта даулаушы мүдделі адамның жазбаша өтініші бойынша кейінге қалдырылуы мүмкін. Бұл ретте нотариус қабылданған өтінішке оның қабылданған күні және өтініш беруші адамның жеке басын анықтағаны, сондай-ақ өтініш берген адамға сотқа жүгіну тәртібі мен мерзімін түсіндіргені жөнінде белгі соғады.

      12. Нотариаттық іс-әрекет жасауды кейінге қалдыру туралы қаулы шыққан күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін ("Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 2-тармағы ).
      Нотариаттық іс-әрекет жасау кейінге қалдырылған жағдайда нотариус мүдделі адамға нотариаттық іс-әрекет жасауға жүгінген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, нотариаттық іс-әрекет жасауды кейінге қалдыруының дәлелді себебі көрсетілген қаулыны береді.
      Ескерту: 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігінің 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 13 бұйрығымен .

      13. Мүдделі адамның арызы бойынша нотариаттық іс-әрекет арыз берілген күннен бастап он күннен аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін ("Нотариат" Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 3-тармағы ).
      Егер осы мерзімнің ішінде соттан арыздың түскені туралы жазбаша хабарлама алынбаса нотариаттық іс-әрекет жасалуға тиіс.
      Басқа бір мүдделі адам куәландыруды өтінген құқық пен фактіні даулаушы мүдделі адамның өтінішінің түскені туралы соттан жазбаша хабар алынған жағдайда, нотариаттық іс-әрекеттер жасау сот істі шешкенге дейін тоқтатыла тұрады ("Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 4-тармағы ).

      14. Нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаған кезде нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген азаматтың, оның өкілінің немесе заңды тұлға өкілінің жеке басын анықтайды.
      Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын анықтау Қазақстан Республикасы ішкі істер немесе әділет органдары берген Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты немесе жеке куәлігі бойынша жүргізіледі.
      Кәмелетке толмағандардың жеке басын ата-анасының бірі (асырап алушысы) немесе қамқоршысы кәмелетке толмағандардың тууы туралы куәлігінің және ата-анасының бірінің (асырап алушысының), қамқоршысының жеке куәлігінің немесе паспортының негізінде анықтайды.
      Әскери қызметшілердің жеке басы әскери бөлімдер мен әскери мекемелердің командованиелері беретін әскери қызметшілердің жеке куәлігінің немесе әскери билетінің негізінде анықталады.
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамның жеке басы Қазақстан Республикасы ішкі істер немесе әділет органдарының тұратын жері бойынша тіркелгені туралы белгі соғылған куәлігі бойынша анықталады.
      Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген азаматтығы жоқ адамның жеке басы оның тұратын елінің құзыретті органдары берген және белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының ішкі істер немесе әділет бөлімдерінде тіркелген, оның жеке басын куәландыратын жарамды құжаты бойынша анықталады.
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматының жеке басы жарамды ұлттық төлқұжаты мен Қазақстан Республикасында қоныстануға арналған уақытша ықтиярхат бойынша анықталады.
      Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген шетел азаматының жеке басы белгіленген тәртіппен тіркелген жарамды ұлттық төлқұжаты бойынша немесе оны ауыстыратын құжат бойынша анықталады.
      «Мемлекеттік элекрондық ақпараттық ресурстарда БНАЖ арқылы нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға жүгінгендердің жеке бастары туралы ақпарат салыстырылады.
      Ескерту: 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігінің 2006.01.16 N 13, 2010.09.30 N 271 бұйрықтарымен.

      15. Мәмілелерді куәландыруда және кейбір нотариаттық іс-әрекеттерді жасауда мәмілеге қатысушылар мен нотариаттық іс-әрекет жасауға тілек білдірген басқа адамдардың қойылған қолдарының түпнұсқалығы тексеріледі.

      16. Мәмілелерді куәландырғанда азаматтардың әрекет қабілеттілігі және мәмілелерге қатысушы заңды тұлғалардың нотариаттық іс-әрекет жасау сәтіндегі құқық қабілеттілігі тексеріледі. Өкілмен мәміле жасау жағдайында оның өкілеттілігі тексеріледі.
      Жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігі жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген жасы бойынша, сондай-ақ нотариуспен әңгімелесудің барысында анықталады.

      17. Мәмілеге қатысушылардың кейбірінің жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмауы немесе өзін-өзі билей алмауы немесе спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшырататыны нотариустың болжамына негіз болса, ал адамның әрекет қабілеттілігі жоқ немесе әрекет қабілеттілігі шектелгені жөнінде мәліметтер болмаса, нотариус мәмілені жасауды он күнге кейінге қалдыра тұрады және адамды әрекет қабілеттілігі жоқ немесе әрекет қабілеттілігін шектелген деп тану туралы сот шешімінің бар-жоғын тексереді. Егер сот осындай шешім шығармаса, нотариус Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңына сәйкес, өзінің болжамы туралы соттың алдында осы адамды әрекет қабілеттілігі жоқ деп немесе әрекет қабілеттілігін шектеу жөнінде мәселе қоюға құқықты адамдардың біріне немесе ұйымдардың біріне хабарлайды және қабылданған шешім туралы хабарлауды өтінеді. Құзыретті адамдардың қабылдаған шешімдеріне қарай нотариус мәмілені не куәландырады, немесе оны сотта іс қаралғанға дейін тоқтата тұрады.

      18. Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлғаның құқық қабілеті оны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік пен Жарғы (Ереже) бойынша, сондай-ақ мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстарда БНАЖ арқылы анықталады. Заңды тұлғаның Жарғысында (Ережесінде) көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге қайшы келетін мәміле немесе басқа нотариаттық іс-әрекет куәландырылмайды.
      Ескерту: 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігінің м.а. 2010.09.30 N 271 бұйрығымен.

      19. Шетел заңды тұлғасының әрекет қабілеттілігі сауда тізілімінің көшірмесі немесе осы заңды тұлғаның белгіленген тәртіпте тіркелгендігін растайтын басқа құжаттар бойынша анықталады.

      20. Заңды тұлғаның бiрiншi басшының өкiлеттiгi, Жарғы (Ереже), заңды тұлғаны тiркеу туралы куәлiк, оны қызметке тағайындау туралы бұйрық, қызметке сайлау туралы жиналыс хаттамасы бойынша тексерiледi.
      Заңды тұлға өкілінің, сондай-ақ филиалдың (өкілдіктің) басшысының өкілеттілігі заңды тұлғаның атынан өкілетті орган берген сенімхат бойынша анықталады.
      Ескерту: 20-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қарашадағы N 175 бұйрығымен .

      21. Жеке тұлға өкілінің өкілеттілігі заңмен белгіленген тәртіпте куәландырылған сенімхат бойынша немесе заңмен көзделген басқа құжаттардың негізінде тексеріледі.

      22. Ата-аналардың өздерінің кәмелетке толмаған балаларының мүдделерін білдіру жөніндегі өкілеттіктері баланың тууы туралы куәлігі бойынша, қамқоршылыққа алынушыға (қорғаншылыққа алынушыға) қатысты қамқоршының (қорғаншының) өкілеттілігі қамқоршы және қорғаншы органдардың рұқсаты мен Әкімнің шешімі бойынша анықталады. Ата-аналардың, қамқоршының (қорғаншының) жеке басы олардың паспортымен немесе жеке куәлігімен белгіленеді, сондай-ақ мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстарда БНАЖ арқылы салыстырылады.
      Ескерту: 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігінің 2006.01.16 N 13, 2010.09.30 N 271 бұйрықтарымен.

      23. Нотариус куәландыратын мәмілелерге, өтініштерге және басқа құжаттарға нотариустың қатысуымен қатысушылардың қолдары ғана қойылмай, олардың өз қолымен жазған тегі, аты және әкесiнiң аты жазылады.
      Ескерту: 23-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен , 2002 жылғы 22 қарашадағы N 175 бұйрығымен .

      24. Егер нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген жеке тұлға дене кемістігі салдарынан немесе әлдебір өзге себептермен өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша және оның қатысуымен, сондай-ақ нотариустың қатысуымен нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген азаматтың, бұл туралы құжаттың өзіндегі мәтінде және нотариус тексерген, куәландырған жазбасында белгі жасауды құжатқа қол қоя алмау себептерін көрсете отырып, мәмілеге, өтінішке немесе өзге құжатқа басқа азамат қол қоя алады.
      Нотариус нотариаттық iс-әрекеттердi тiркеуге арналған тiзiлiмге және БНАЖ электрондық тізіліміне, тегi, аты, әкесiнiң аты, және туған жерi, тұрғылықты жерi, жеке басын куәландыратын құжат туралы деректердi көрсетiп, құжатқа қол қойған адам туралы мәлiмет енгiзедi.
      Бұл норма қолдардың үлгілері мен мөр бедерлемесі бар банкке арналған құжаттарға қойылған қолдың дұрыстығын куәландыру кезінде қолданылмайды.
      Ескерту: 24-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2000.11.20 N 527-к, 2002.11.22 N 175, 2006.01.16 N 13, 2010.09.30 N 271 бұйрықтарымен.

      25. Егер нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген азамат керең, мылқау немесе керең әрі мылқау болса, онда нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде мәмілеге қатысушы керең, мылқау, керең әрі мылқау азаматпен түсінісе алатын кез-келген сауатты адам міндетті түрде қатысуы және мәміленің мазмұны оның ниетіне сәйкес екендігін өзі қол қоюмен куәландыруы қажет.

      26. Егер азамат сауатсыздығынан немесе дене кемістігінің (нашар көруі немесе мүлдем көрмеуі) салдарынан нотариаттық куәландырылатын құжаттың мазмұнымен таныса алмаса, онда нотариус оған құжаттың мәтінін оқып беруге міндетті, ол туралы құжатқа белгі қойылады.

      27. Егер азамат нотариаттық іс жүргізу тілін білмесе, онда нотариаттық куәландырылатын құжаттың мәтіні оған осы тілді білетін нотариуспен немесе аудармашымен аударылып беруге тиіс, ол туралы құжатқа белгі қойылады.
      Нотариус нотариаттық iс-әрекеттердi тiркеу үшін құжатты аударған тұлға туралы мәліметте тегін, атын, әкесінің атын, туған күні мен жерін, тұрғылықты орнын, құжаттары туралы мәлiметтердi, жеке басын куәландыратын құжат туралы деректердi көрсете отырып, тiзiлiмге және БНАЖ электрондық тізіліміне жазу енгiзедi.
      Ескерту: 27-тармақ толықтырылды, өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2002.11.22 N 175, 2010.09.30 N 271 бұйрықтарымен.

      28. Нотариаттық куәландырылатын немесе расталатын құжаттың мәтінінде құжаттың мазмұнына қатысты сандар мен мерзімдер ең болмағанда бір рет сөзбен жазылуға тиіс.

      29. Егер нотариаттық іс-әрекет жасауды сұрап заңды тұлға жүгінсе, онда оның тұрған мекен-жайы, туған күні мен жері толық көрсетілуі тиіс.
      Жеке басын куәландырылатын ұсынылған құжаттар күмән тудырған жағдайда, нотариус нотариаттық iс-әрекеттер жасауға жүгiнген адамның жеке басын растайтын қосымша құжаттарды (әскери билет, қызметтiк куәлiк және т.б.) талап ете алады, бұл туралы нотариаттық iс-әрекеттердi тiркеу үшін тiзiлiмге және БНАЖ электрондық тізілімінде белгi соғылады.
      Егер нотариаттық іс-әрекет жасауды сұрап жеке тұлға жүгінсе, онда оның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні және тұрған жері көрсетіледі, ал шетел азаматтары жөнінде - олардың азаматтығы, азаматтығы жоқ тұлғаларға - бұл жөнінде мәлімет көрсетіледі.
      Егер құжат нотариустың iсiнде сақтауға қалдырылса нотариалды куәландыратын құжатта не нотариус iсiнде құжат сақтауға қалдырылмаған жағдайда тiзiлiмде нотариалдық әрекеттерді тіркеу үшін және БНАЖ электрондық тізілімінде заңды және жеке тұлғалар туралы мәлiмет көрсетiледі.
      Ескерту: 29-тармақ толықтырылды, өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2002.11.22 N 175, 2010.09.30 N 271 бұйрықтарымен.

      30. Нотариус нотариаттық іс-әрекет жасауға өшіріп тасталған не қосылып жазылған, сызылған сөздері және өзге де келісілмеген түзетулері бар құжаттарды, сондай-ақ мөр бедерлемесі анық көрінбейтін қарындашпен жазылған құжаттарды қабылдамайды. Егер ұсынылған құжаттар екі не одан көп парақтардан тұрса, олар баулануы және оның парақты нөмірленуі, ал бауланған парақтардың саны құжат беруші ұйымның лауазымды адамының қолымен және мөрімен расталуы тиіс.
      Ескерту: 30-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігінің 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 13 бұйрығымен .

      31. Нотариаттық куәландыратын құжаттың мәтіні анық, дәл жазылуға немесе басылуға тиіс. Сызылуға рұқсат етілмейтін шетелдерде әрекет етуге арналған құжаттардан басқа құжаттардағы бос жолдар және басқа ашық жерлері сызылып тасталынады. Қосып жазулар мен түзетулер мәмілеге қатысушылар мен құжатқа қол қойған басқа адамдар қол қойғанға дейін ескертілуі және куәландыру жазбасының алдында қайталануы қажет, сонымен бірге барлық түзетулер, қате жазылған, соңынан сызылып тасталған түзетулер бастапқы мәтінде оқылатындай болуы тиіс.

      32. Тараптар қол қоймайтын құжаттың мәтініндегі түзетулер туралы куәландыру жазбасының соңында нотариус ғана ескертеді.

      33. Егер куәландыруға немесе растауға жататын құжаттың мазмұны Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмесе немесе сауатсыз дайындалса, нотариус келген адамдарға оны түзетуді немесе жаңа құжат жасауды ұсынады. Жүгінген адамның өтініші бойынша құжатты белгіленген тарифтік ставкалар бойынша мемлекеттік нотариус немесе тараптардың келісімі бойынша жекеше нотариус ақы алып дайындауы мүмкін ("Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 3-тармағы).

      34. Нотариус өзіне нотариаттық іс-әрекет жасату үшін келген адамға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге, сондай-ақ олардың заңды білмегендігінен өздеріне зиян келмеуі үшін жасалған нотариаттық іс-әрекеттерінің салдары жөнінде ескертуге міндетті, ол туралы құжаттың мәтініне белгі қойылады ("Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 2-тармағы ).
      Ескерту: 34-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қарашадағы N 175 бұйрығымен .

      35. Мәмілелерді куәландырғанда, нотариаттық куәландырылған құжаттардың дубликатын бергенде құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын, құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын, құжаттардың бір тілден екінші тілге дұрыс аударылғанын, құжаттардың берілген уақытын куәландырғанда тиісті құжаттарға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен нысандарда куәландыру жазбалары жасалынып, нотариустың жеке қолы қойылып, мөрі басылады. Бұл ретте нотариуспен қойылған қолдың көшiрмесiн қолдануға жол берiлмейдi.
      Ескерту: 35-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 7 шілдедегі N 206 бұйрығымен , 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 13 бұйрығымен .

      36. Куәландыру жазбалары анық басылған немесе қолдан анық жазылған болуы тиіс, өшіруге жол берілмейді, бос қалған жерлері сызылуы, қосып жазулар мен ескертілмеген түзетулер бұдан бұрын баяндалған ережелер бойынша ескертілуге тиіс ("Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 1-тармағы ). Куәландыру жазбаларын жасау үшін тиісті жазу мәтіні бар мөртабандар қолданылады.

      37. Егер куәландыру жазбасы тиісті құжатқа сыймай қалса, ол құжатқа қосылған парақта жалғастырылуы немесе толық жазылуы мүмкін. Бұл жағдайда құжаттың мәтіні көрсетілген беттер және куәландыру жазбасы бауланып тігіледі және нөмірленеді, парақтардың саны нотариустың қолымен расталып, мөрімен бекітіледі. Куәландыру жазбасын немесе оның жалғасын жазу үшін парақты қосып желімдеуге болады. Басылған мөрдің бір бөлігі желімделген бетке түсуі керек.

      38. Мұрагерлік құқық, меншік құқығы, азаматтың тірі екендігі және белгілі бір жеке және заңды тұлғалардың басқа жеке және заңды тұлғаларға мәлімдеген жерінде болу фактілері куәландырылғанда, құжаттар сақтауға қабылданғанда тиісті куәліктер беріледі.
      Мұраны сенімгерлік басқарушыны тағайындау кезінде нотариус тиісті қаулы шығарады.
      Ескерту: 38-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен , 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 13 бұйрығымен .

      39. Барлық нотариаттық іс-әрекеттер нотариаттық әрекеттерді тіркеу үшін және БНАЖ электрондық тізілімінде тіркеледі .
      Тізілімдер, олардағы нотариаттық іс-әрекеттерді тіркегенге дейін бауланып тігілуге, нөмірленуге тиіс, парақтардың саны нотариустың қойған қолымен расталып, әділет аумақтық органының нотариат істері жөніндегі бөлімінің немесе аумақтық нотариат Палатасы қызметкерінің қолымен куәландырылуға тиіс, қол тиісті әділет органының немесе нотариат Палатасының мөрімен бекітіледі.
      Нотариус өзі жасаған барлық нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтерді енгізетін жеке тізілім жүргізеді.
      БНАЖ жұмысы техникалық себептермен тоқтаған жағдайда нотариус бұл туралы акті жасайды және нотариаттық әрекеттерді тіркеу үшін тізілімге жазба жазылады. БНАЖ жұмысын қалпына келтіру кезінде БНАЖ электрондық тізілімінде көрсетілмеген жазбалар нотариаттық әрекеттерді тіркеуге арналған, тізілімде жүргізілген жазба кезегімен 24 сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі.
      Ескерту: 39-тармақ толықтырылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2000.11.20 N 527-к, 2010.09.30 N 271 бұйрықтарымен.

      40. Әрбір нотариаттық іс-әрекетке жеке реттік нөмір беріледі. Тізілімге нотариаттық іс-әрекет тіркелген нөмір нотариустың беретін куәліктерінде және құжаттардағы куәландыру жазбаларында көрсетіледі.

      41. Нотариаттық іс-әрекетті тізілімге нотариаттық әрекеттерді тіркеу үшін және БНАЖ электрондық тізілімінде тіркеуді жазу нотариус куәландыру жазбасына немесе нотариус беретін құжатқа нотариус қол қойғаннан кейін ғана жүргізеді. Жазуларды қарындашпен жазуға жол берілмейді.
      Ескерту: 41-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.09.30 N 271 бұйрығымен.

      42. Нотариаттық іс-әрекет жасауға негіз болған құжаттар нотариуста қалдырылатын куәліктердің данасына немесе нотариаттық куәландырылатын мәміленің түпнұсқасына қосылады. Ұсынған адамдарға құжаттардың түпнұсқалары қайтарылуы қажет болған жағдайда, нотариус ол құжаттардың көшірмесін өзіне қалдырады. Нотариус істерінде қалатын құжаттың көшірмесінің дұрыстығы нотариустың түпнұсқаның көшірмесінің дұрыстығы, нотариустың қойған қолы, күні көрсетілген жазбасымен куәландырылады.
      Ескерту: 42-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      43. Нотариус мынадай құжаттарды немесе олардың көшірмелерін:
      1) заңды тұлғалардың атына және солардың атынан мәмілелерді (соның ішінде сенімхаттарды) куәландырғанда - заңды тұлғалардың жарғылары мен олар туралы ережелерді, сондай-ақ филиалдардың өкілдерінің өкілеттіктерін растайтын (нақты мәмілені жасауға берілген біржолғы сенімхаттардан басқа) құжаттарды;
      2) иеліктен алу шарттарын куәландырғанда - автомотокөлік құралдарының техникалық паспорттарын, көлік құралын тіркеу туралы куәлікті және автомотокөлік құралдарының өзге де тіркеу құжаттарын;
      Аталған құжаттардың бар екендігі туралы мәміленің нотариуста қалатын данасына, мұрагерлік құқық туралы және меншік құқығы туралы куәліктер беру туралы арыздарға белгі соғылады, бұдан кейін олар соларды ұсынған адамға немесе иеленушіге (мұрагерге) қайтарылады.
      Ескерту: 43-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      44. <*>
      Ескерту: 44-тармақ алынып тасталды - ҚР Әділет министрлігінің 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 13 бұйрығымен .

      45. Нотариустар мен нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға уәкілетті басқа да адамдар жасалатын нотариаттық іс-әрекеттердің құпиялылығын сақтауға міндетті.
      Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер мен құжаттар олардың өндірісіндегі істер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының жазбаша талабы бойынша, прокуратура органдарына, сондай-ақ олардың қызметін тексеруді және бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті әділет органдары мен нотариаттық палаталарға беріледі.
      Көрсетілген сұрау салулар жазбаша нысанда жасалуға және барлық қажетті деректемелерді (сұрау салушы органның атауы, сұрау салудың күні мен нөмірі, қозғалған немесе өндірістегі қылмыстық немесе азаматтық істер жөніндегі мәліметтер, сұрау салушы лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты, телефоны, лауазымның атауы мен қолы басылады) қамтуға тиісті.
      Сұрау салынушы органның қажетті деректемелерін қамтитын нотариаттық іс-әрекеттер туралы жазбаша талап бланкіде ұсынылмаған жағдайда, сұрау салу мөр таңбасымен бекітіледі.
      Ескерту: 45-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен

      45-1. Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер, нотариаттық куәландырылған, сондай-ақ нотариат берген құжаттардың көшірмелері тек қана олардың атынан немесе тапсырмасы бойынша нотариаттық іс-әрекеттер жасалған, оларға не олардың уәкілетті адамдарына қатысты осы іс-әрекеттер жасалған заңды және жеке тұлғаларға беріледі.
      Уәкілеттік берілген адамдар деп заңмен белгіленген тәртіпте көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды алуға арнайы уәкілеттік адамдар деп танылады.
      Нотариус куәландырған немесе берген құжаттар жоғалған жағдайда заңды және жеке тұлғалардың жазбаша арыздары бойынша олардың атынан немесе тапсырмасы бойынша осы нотариаттық іс-әрекет жасалған, не олардың уәкілетті адамдарының жоғалған құжаттардың дубликаттары беріледі.
      Құжат дубликаты куәландырылған немесе берілген құжаттың барлық мәтінін, нотариустың куәландырылған жазбасымен қоса қамтуы тиіс.
      Құжаттың дубликатында белгіленген нысан бойынша куәландыру жазбасы жазылады.
      Егер, нотариус дубликатты сенімді тұлғаға сенімхат негізінде берген жағдайда, куәландырылған жазбада дубликат алушы адамның тегі, аты және әкесінің аты жазылады.
      Ескерту: 45-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      46. Өсиеттер, өсиеттердің дубликаттары мен өсиеттердің көшірмелері туралы мәліметтер мұрагерлерге тек өсиет қалдырушы қайтыс болғаннан кейін беріледі. Өсиетте көрсетілген мұрагерлер қайтыс болған жағдайда өсиеттің дубликаты олардың мұрагерлеріне олар өсиет қалдырушы мен өздері одан кейін мұрасын иеленетін, сондай-ақ мұрагерлiктi қабылдау үшiн негiз болып табылатын туыстық және басқа да қарым-қатынасты дәлелдейтiн құжаттар қайтыс болған мұрагердің өлгендігі туралы куәлікті ұсынған жағдайда беріледі.
      Қайтыс болу фактісі, туысқандық не мұрагерлікті қабылдауға негіз болатын өзге де қатынастарда мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарда БНАЖ арқылы тексеріледі.
      Ескерту: 46-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2002.11.22 N 175, 2004.07.07 N 206, 2010.09.30 N 271 бұйрықтарымен.

      47. Нотариус нотариаттық іс-әрекет жасағанда азаматтың немесе лауазымды адамның қолданылып жүрген заң нормаларын бұзғанын байқаған жағдайда осы туралы қажетті шаралар қабылдау үшін тиісті мекемелерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе прокурорға хабарлайды.

      48. Егер ұсынылған құжаттың түпнұсқалығы күмән туғызса, нотариус осы құжатты ұстап қалып, оны сараптамаға жіберуге құқылы.
      Құжаттың сараптамаға жіберілгендігі туралы қаулы шығарылады, онда:
      1) қаулы шығарылған күн;
      2) нотариустың тегі, аты-жөні, қажет болған жағдайларда - мемлекеттік нотариат кеңсесінің атауы;
      3) құжаттың атауы, оның кімнің атына берілгендігі;
      4) нотариаттық іс-әрекет жасау үшін құжатты ұсынған адамның тегі, аты, әкесінің аты және тұрған орны;
      5) құжатты сараптамаға жіберу қажеттілігін туғызған жағдайлар;
      6) құжаттың қай сараптама мекемесіне (немесе сарапшыға) сараптама жүргізу үшін жіберілгені;
      7) сарапшының шешуі үшін қойылған сұрақтар көрсетіледі.

      49. Мемлекеттiк нотариалдық кеңседе қызмет жасайтын нотариус, және жергiлiктi атқарушы органның лауазымды тұлғасы нотариалдық iс-әрекеттi жасағаны үшiн мемлекеттiк бажды, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көрсетiлген ставкамен алады.
      Жекеше нотариустардың нотариалдық iс-әрекеттердi жасау төлемi Қазақстан Республикасы салық заңнамасында көрсетiлген мемлекеттiк баждардың өлшемiне сәйкес ставка бойынша жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерiнiң лауазымды тұлғасы нотариалдық iс-әрекеттердi жасағаны үшiн алымды консулдық тарифпен айқындалған алымға сәйкес алады. см. K080099
      Ескерту: 49-тармаққа жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 7 шілдедегі N 206 бұйрығымен .     

      50. Жеке және заңды тұлғалар үшін заңдармен көзделген нотариаттық іс-әрекетке ақы төлеу жөніндегі жеңілдіктер осы адамдар үшін жекеше нотариус нотариаттық қызмет көрсеткенде де қолданылады ("Салық және бюджетке төленетiн басқа міндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 502-бабы ). см. K080099
      Ескерту: 50-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қарашадағы N 175 бұйрығымен .

      51. Нотариаттық іс-әрекетті жұмыс орнынан тыс жерде жасағанда мүдделі адамдар нотариустың нақты көлік шығындарын өтейді ("Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 6-тармағы ).

      52. <*>
      Ескерту: 52-тармақ алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 7 шілдедегі N 206 бұйрығымен

      53. Мемлекеттік нотариус тағайындаған сараптама бойынша шығыстарды төлеу Қазақстан Республикасы тағайындаған азаматтық іс жүргізу заңдарымен белгіленген тәртіпте жекеше нотариуспен - сараптама мекемесімен (сарапшымен) келісім бойынша белгіленген мөлшерде мүдделі адамдармен жүргізіледі.

      54. <*>
      Ескерту: 54-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қарашадағы N 175 бұйрығымен , алынып тасталды - 2004 жылғы 7 шілдедегі N 206 бұйрығымен .

      55. Нотариустың қажетті жағдайларда шақыратын өзге мамандардың қызметіне ақы төлеу, сондай-ақ мамандардың өздеріне жүктелген міндеттерді орындауына байланысты ақы төлеу мүдделі адамдардың көрсетілген мамандармен келісімі бойынша жүргізіледі.

      56. Мынадай нотариаттық іс-әрекетті жасаудан бас тартылуы мүмкін, егер:
      1) мұндай іс-әрекетті жасау заңға қайшы келсе;
      2) іс-әрекетті басқа нотариус жасауға тиіс болса;
      3) нотариаттық іс-әрекет жасау жөнінде әрекет қабілеттілігі жоқ адам немесе қажетті өкілеттігі жоқ өкіл өтініш жасаса;
      4) заңды тұлға атынан жасалған мәміле оның жарғысында немесе ережесінде көрсетілген мақсаттарға қайшы келсе;
      5) мәміле заң талаптарына сәйкес келмесе;
      6) нотариаттық іс-әрекет жасау үшін табыс етілген құжаттар заң талаптарына сәйкес келмесе ("Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы ).

      57. Нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартқан жағдайда нотариус мүдделі адамға нотариаттық іс-әрекет жасауға жүгінген күннен бастап он күннен кешіктірмей, нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартуының дәлелді себебі көрсетілген БНАЖ-де тіркелген қаулыны береді.
      Нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарту туралы қаулыда мыналар көрсетілуі тиіс:
      1) қаулы шығарылған күн;
      2) нотариустың тегі және аты-жөні;
      3) нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген адамның тегі, аты, әкесінің аты және тұрған орны (немесе заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері);
      4) мүдделі адам жасауды өтінген нотариаттық іс-әрекет;
      5) нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартудың себептері (заңға сілтеме жасай отырып);
      6) бас тартқаны үшін сотқа шағымданудың тәртібі мен мерзімі.
      Нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартуға немесе нотариаттық іс-әрекеттің дұрыс жасалмағаны үшін сот тәртібімен шағымдануға болады ("Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 2-тармағы).
      Ескерту: 57-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.09.30 N 271 бұйрығымен.

      58. Егер нотариус жіберілген қатенің салдарынан өзінің жасаған нотариаттық іс-әрекеті қолданылып жүрген заңдарға қайшы келгенін немесе заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғанын анықтаса, онда ол бұл туралы заңмен белгіленген тәртіпте көрсетілген нотариаттық іс-әрекеттің күшін жою жөнінде шаралар қабылдау үшін тиісті прокуратура органдарына хабарлауға міндетті. Прокурорға ұсыныс жасалғаны туралы нотариус аумақтық прокуратура органына мүдделі адамдарға, әділет органдарына, нотариаттық палатаға жеткізеді.
      Ескерту: 58-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қарашадағы N 175 бұйрығымен .

      59. Нотариус өз бастамасы бойынша немесе мүдделі адамдардың өтініші бойынша куәландырылған немесе берілген құжаттың мәнін өзгертпейтін және заңмен қорғалатын үшінші жақтардың құқықтары мен мүдделеріне тимейтін көпе-көрінеу жаңылыс жазулар мен арифметикалық қателерді түзете алады.
      Нотариустың қызметі тоқтатылған не мемлекеттік нотариаттық кеңсе таратылған жағдайда нотариаттық куәландырылған немесе берілген құжаттарға жоғарыда көрсетілген түзетулерді құжаттар сақтауға берілген нотариус, нотариатқа палата енгізеді.
      Ескерту: 59-тармақ толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен

3-БӨЛІМ
МӘМІЛЕЛЕРДІ КУӘЛАНДЫРУ
МӘМІЛЕЛЕРДІ КУӘЛАНДЫРУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

      60. Нотариус заңдармен бекітілген міндетті нотариаттық нысанды мәмілелерді куәландырады. Тараптардың тілегі заңмен міндетті нотариаттық нысан белгіленбеген мәмілелер мен басқа да мәмілелер куәландырылуы мүмкін.
      Қолданылып жүрген заңға сәйкес мәмілелердің мынадай түрлері міндетті нотариаттық куәландырылуға жатады:
      1) рента шарты;
      2) өсиеттер;
      3) мүліктік басқаруға, егер заңда өзгеше көрсетілмесе нотариаттық куәландыруды талап ететін мәмілелерді жасауға берілетін сенімхаттар;
      4) азаматтық заңдармен көзделгендегіден басқа жағдайларда қайта сенім білдіру тәртібімен берілетін сенімхаттар;
      5) шаруашылық серіктестіктерінің құрылтайшылық құжаттары;
      6) неке шарттары;
      7) заңды мұрагерлердің олардың және мұраға әуестік кезектілігі мен олардың үлестерінің мөлшері туралы келісімі;
      8) алиментті төлеу туралы келісімі.
      Ескерту: 60-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      61. Нотариус тараптарға олар табыс еткен мәмілелер жобасының мазмұны мен мағынасын түсіндіруге және оның мазмұны тараптардың шын ниеттеріне сәйкес келетінін және заң талаптарына қайшы келмейтінін тексеруге міндетті ("Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабы ).

      62. Егер мәміле жасау сәтінде әрекет етуге қабілетті жеке тұлға алкогольдік немесе есірткілік масаю халінде болса нотариус мәмілені куәландырудан бас тартуға тиіс.

      63. 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың атынан мәмілелерді олардың ата-аналарының бiрі (асырап алушылар, қамқоршылар), ал әрекет қабілеттілігі жоқ азаматтардың атынан - қамқоршылары жасайды.
      14-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мәмілелерді ата-аналарының бiреуінің (асырап алушылардың, қорғаншыларының), ал әрекет қабілеттілігі шектелген адамдар - қорғаншыларының келісімімен жасайды.
      Мұндай келісімнің нысаны заңдарда мәмілелер үшін белгіленген нысанға сәйкес келуі тиіс.
      Ескерту: 63-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қарашадағы N 175 бұйрығымен .

      64. Кәмелетке жасы толмағандар, қамқорлыққа алынғандар (қорғаншылыққа алынғандар) атынан қамқоршылар (қорғаншылар) мәміле жасау үшін немесе оларды заңда көрсетілген жағдайларда жасау үшін  қамқоршылық және қорғаншылық органдарының келісімі талап етіледі.

      65. Тіркелуге жататын мүлікті иеліктен алу және кепілге салу туралы мәлімдемелер иеліктен алынатын немесе кепілге салынатын мүлікке деген құқықты растайтын құжаттарды көрсеткен жағдайда куәландырылады.
      Ескерту: 65-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен , 2002 жылғы 22 қарашадағы N 175 бұйрығымен .

      66. Тармақ алынып тасталынды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен

      67. Шартты бұзу мәмілелері тіркеуші органда тіркелген жағдайда шартқа қосып келісім құру жолымен рәсімделеді. Мұндайда нотариус тиісті келісімді куәландырады және оны белгіленген тәртіп бойынша тіркейді.
      Мемлекеттік тiркеуден өткен жылжымайтын мүлiктi иелiктен айыру туралы шартты бұзған жағдайда, нотариус шартты бұзған сәтте жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасы негiзiнде келiсiмдi куәландырады, оны белгiленген тәртіпте тiркейдi және құқықты белгiлейтiн құжатты мүлiк иесiне қайтарады.
      Тиісті органда тіркеуден өтпеген шарт тараптардың бірлескен өтініштері негізінде шарттың барлық даналары мен тізілімдері жазбаша өтініш жолымен бұзылады. Мұндайда құқықтарын белгілейтін құжаттар мүлік иесіне қайтарылады.
      Шартты бұзу тәртібіне қарамастан нотариус тараптардағы ерлі-зайыптылар келісімін талап етуге міндетті.
      Аталған шарттарды бұзу кезінде осы келісімдерді бұзу үшін бұрын өндірілген мемлекеттік баж (жекеше нотариуске төленген сома) тараптарға қайтарылмайды.
      Ескерту: 67-тармақ өзгертілді, толықтырылсын - ҚР Әділет министрлігінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен , 2002 жылғы 22 қарашадағы N 175 бұйрығымен , 2004 жылғы 17 мамырдағы N 136 бұйрығымен .

      68. Соттың заң күшіне енген шешіміне сәйкес мәміле жарамсыз деп танылса, нотариус бұл туралы нотариустың іс-қағаздарына сақталынған тізілімге және мәміле данасына нотариалдық әрекеттерді тіркеу үшін және БНАЖ электрондық тізілімінде жазба жасауға міндетті.
      Ескерту: 68-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2000.11.20 N 527-к, өзгерту енгізілді - 2010.09.30 N 271 бұйрықтарымен.

      69. Мәміле жарамсыз деп танылғанда нотариус бұл жөнінде тізілімде нотариаттық әрекеттерді тіркеу үшін, БНАЖ электрондық тізілімінде осы туралы белгі қояды және иеліктен айырушыға құқық беретін құжаттарды қайтарады. Бұл ретте бұрын алынған мемлекеттік баж салығы (жеке нотариустың қызметіне ақы төлеу) тараптарға қайтарылмайды.
      Ескерту: 69-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2000.11.20 N 527-к, 2004.07.07 N 206, 2010.09.30 N 271 бұйрықтарымен.

      70. Мәмілелердің мазмұны баяндалатын, нотариаттық тәртіпте куәландырылатын құжаттар данасының саны нотариаттық іс-әрекет жасауға өтініш берген адамдардың санымен белгіленеді, бірақ екі данадан кем болмауы қажет. Құжаттардың бір данасы нотариустың ісінде қалады, екінші данасы тарапқа (тараптарға) беріледі.
       Ескерту: 70-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрлігінің 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 13 бұйрығымен .

МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУ ТУРАЛЫ
ШАРТТАРДЫ КУӘЛАНДЫРУ

      71. Нотариус жылжымайтын мүлікті иеліктен алу (сату, айырбастау, сыйға тарту және т.б.) және өзге де жылжымайтын мүлікке заттық құқықты иеліктен алу шарттарын мүліктің тұрған жері бойынша, сонымен қатар жылжымалы мүлікті иеліктен айыру шарттарын - оның тұрған жеріне байланыссыз куәландырады ("Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабының 2-тармағы ).

      72. Меншік иесінің ортақ бірлескен меншіктегі немесе үлеске меншік құқығындағы мүліктің үлесін алуы барлық қатысушылардың келісімімен жүргізіледі. Нотариаттық куәландыруды немесе мемлекеттік тіркеуді талап ететін мәмілелерді жасау кезінде нотариус мәмілелерді жасауға ортақ бірлескен меншіктің басқа қатысушыларының келісімі туралы өтінішті талап етуге міндетті.
      Ескерту: 72-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрлігінің 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 13 бұйрығымен .

      73. Ерлі-зайыптылардың біреуі ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне билік ету жөніндегі мәміле жасасқан кезде, егер неке шартымен мүліктің өзге тәртібі белгіленбеген болса, екіншісінің келісімі керек болады. Сондықтан ерлі-зайыптылардың біреуі жылжымайтын мүлікке билік ету жөніндегі мәмілені және белгіленген тәртіппен нотариаттық куәландыруды және (немесе) тіркеуді талап ететін мәмілені жасасу үшін ерлі-зайыптылардың екіншісінің нотариаттық куәландырылған келісімін не иеліктен айыруға жататын мүлік иесінің некеде тұрмайтыны туралы арызды талап ету қажет. Азаматтық хал актілер туралы мәліметтер мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарда БНАЖ арқылы салыстырылады.
      Ерлi-зайыптылардың бipeуi жылжымайтын мүлiктi сатып алу жөнiнде мәмiле мен нотариаттық куәландыруды және (немесе) заңда белгiленген тәртiппен тiркеудi талап ететiн мәмiле жасаған кезде басқа жұбайдың келiсiмi қажет ("Неке және отбасы туралы" Заңның 33-бабының 2-тармағы). Бұл ретте шарттың мәтінінде сатып алушы мүлiктi өз зайыбының келiсiмiмен сатылығын көрсетуi тиiс.
      Ескерту: 73-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2000.11.20 N 527-к, 2002.11.22 N 175, 2010.09.30 N 271 бұйрықтарымен.

      74. Егер жұбай нотариусқа өзі келіп, жылжымайтын мүлікті иеліктен алуға өтініш берсе, қолының түпнұсқалығын куәландыру нотариатпен талап етілмейді. Бұл жағдайда нотариус жұбайдың жеке басын анықтайды және қойылған қолының түпнұсқалығын тексереді, бұл туралы өтінішке белгі қояды және жеке басты анықтайтын құжатты, оның нөмірін, берілген күнін, құжат беруші мекеменің атауын көрсетеді.
      Ерлі-зайыптылардың некелік қарым-қатынастарын нотариус неке туралы куәлік бойынша тексереді, бұл туралы арызда белгі жасайды және куәліктің нөмірін және берілген күнін, құжатты берген органның атауын көрсетеді.
      Ескерту: 74-тармақ толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      75. Егер жұбайдың өтінішінде мүлікті иеліктен алуға нақты кім турасында келісім беретіні, немесе бағасы және басқа талаптары көрсетілсе, нотариус шартты куәландыру кезінде осы талаптардың орындалуын тексеруге міндетті.

      76. Жалпы мүліктегі үлесті (үлестің үлесін) бөгде адамдарға сату кезінде сатылатын үлесті меншіктің қалған қатысушылары оның сатылатын бағасы бойынша және (жария саудаға салып сату реттерінен басқа) және тең жағдайларда сатып алуға басым құқығы болады.
      Үлесті сатушы оның сату бағасын және оны сатудың басқа да шарттарын көрсете отырып, үлесті меншіктің басқа қатысушыларына өз үлесін бөгде адамға сату ниеті туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті, егер үлесті меншіктің басқа қатысушылары сатып алудан бас тартса немесе меншік құқығындағы жылжымайтын мүліктегі сатылатын үлесті бір ай ішінде, ал басқа мүлік жөнінде хабар алған күннен бастап он күн ішінде иеленбесе (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 216-бабы ), сатушы өз үлесін иеліктен алуға құқылы.
      Ортақ үлестік меншік құқығындағы басқа қатысушылардың үлесті (үлестің үлесін) сату жөніндегі хабарламасының дәлелдемесіне төмендегілер жатуы мүмкін:
      1) қойылған қолының түпнұсқалығы, нотариаттық куәландырылған ортақ үлестік меншікке қатысушының өтініші;
      2) ортақ үлестік меншікке қатысушының нотариуске өзі әкеліп берген өтініші, нотариустың осы Нұсқаулықтың 44-тармағындағы ережені сақтай отырып ортақ үлес меншігіне қатысушыларға бөлген үлесті (үлестің үлесін) сатушының хабарламасы.
      Сондай-ақ егер ортақ үлесті меншіктің басқа қатысушылары жылжымайтын мүлік орналасқан жерде тұрмаса және олардың мекен-жайы белгісіз болған жағдайда, иеліктен айыру шарты куәландырылуы мүмкін. Оны растайтын анықтама бюросының (адрес столының) тиісті құжаты ұсынылуға тиіс.
      Ескерту: 76-тармақ толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен

      77. Жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шарттарын куәландырғанда нотариус ең алдымен иеліктен алынатын жылжымайтын мүліктің орналасқан жер учаскесінің құқықтық тәртібін анықтауы қажет.

      78. Қолданылып жүрген жер туралы заңға сәйкес жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлікті иеліктен алу сол жер учаскесіне тиісті меншік құқығы алынған (жер құқығын пайдалану) жағдайда ғана жүзеге асырылады.
      Ескерту: 78-тармақ толықтырылды, өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қарашадағы N 175 бұйрығымен , 2004 жылғы 7 шілдедегі N 206 бұйрығымен .

      79. Жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шарттарын куәландыру кезінде нотариус жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттарды талап етеді және жер учаскесі (жер пайдаланушы) меншік иесінің оған тиісті құқықтарды алу жөніндегі өкілеттіктерін айқындайды. Жылжымайтын мүлікке арналған құқық белгілейтін құжаттар туралы мәліметтер мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарда БНАЖ арқылы салыстырылады.
      Көп пәтерлі тұрғын үйлерде пәтерлерді иеліктен алу кезінде жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттар талап етілмейді.
      Ескерту: 79-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің м.а. 2010.09.30 N 271 бұйрығымен.

      80. Жер заңнамасына сәйкес нотариус иелiктен айыруды куәландыруға құқығы жоқ:
      1) шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдiк заңды (мемлекеттiк емес) тұлғалардың тауарлы ауылшаруашылық өндiрiсiн жүргiзуге және орман өсіруге арналған жер учаскелердi (Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 23 бабы );
      2) мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың шаруа (фермер) қожалығын, өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысына арналған жер учаскелердi (Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 23 бабы );
      3) шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, ауылшаруашылығы мақсатында шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн (Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 24 бабы );
      4) шетелдiк жер пайдаланушыларға тұрақты жер пайдалану құқығы (Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 34 бабы );
      5) мемлекеттiк жер пайдаланушының өзiне тиесiлi жер пайдалану құқығын иелiктен шығаруға, жер учаскесiнде орналасқан жылжымайтын мүлiктi не оның кепiлiн белгiленген тәртiппен иелiктен шығаруға болмайды (Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 39 бабы ).
      Ескерту: 80-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қарашадағы N 175 бұйрығымен , 2004 жылғы 7 шілдедегі N 206 бұйрығымен .

      81. Нотариус тараптарға жер учаскесін иеліктен алудың осы учаскеге ауыртпалық әкелмейтінін түсіндіреді (сервитут және т.б.).

      82. Нотариус жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шарттарын куәландыру кезінде осы мүліктің тиесілігін тексереді. Жылжымайтын мүліктің (пәтерлердің, тұрғын үйлердің, саяжайлардың, гараждардың, ғимараттар мен әкімшілік және өндірістік бағыттағы үйлердің, жер учаскелерінің және т.б.) жеке немесе заңды тұлғаға тиесілігін растайтын құжаттарға мыналар жатуы мүмкін:
      1) жеке меншік құқығындағы тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру жөніндегі нотариаттық куәландырылған шарт немесе құрылыс салу құқығы туралы 1948 жылдың 26 тамызына дейін жасалған шарт;
      2) жеке меншік тұрғын үй құрылысын салатын тұрғын-үй құрылыс ұжымына тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскесін беру туралы шарт;
      3) сатып алу-сату (оның ішінде сатушыны өмір бойы асырау шартымен), айырбас, сыйға тартудың нотариаттық куәландырылған (немесе 1931 жылдан 1936 жылға дейінгі кезеңде коммуналдық орган куәландырған) шарт;
      4) жекешелендіру шарты;
      5) жария саудадан алғандығы туралы акт;
      6) ортақ мүліктегі (оның ішінде жұбайлардың мүлкіне) үлеске меншік құқығы туралы куәлік;
      7) меншік құқығын растайтын (оның ішінде мүлікті бөлу кезіндегі және т.б.) заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі;
      8) мүлікті бөлу туралы шарт;
      9) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 ақпандағы қаулысымен бекітілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеу тәртібі туралы Уақытша ереже қабылданғанға дейін берілген тіркеу куәлігі;
      10) жергілікті атқарушы органдар беретін меншік құқығы туралы куәлік;
      11) мұраға құқық туралы куәлік;
      12) құрылтайшылық шарт және шаруашылық серіктестігінің жарғылық қорына салым енгізу кезіндегі қабылдау-тапсыру актісі;
      13) заңды тұлға мүлкі меншік иесінің немесе меншік иесі өкілеттік берген органның немесе құрылтайшылардың (қатысушылардың), немесе заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттарымен өкілеттенген органның шешімі, немесе сот органының шешімі (заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде), сондай-ақ осындай шешіммен бекітілген бөлу балансы немесе өткізу актісі;
      14) сауда, конкурстар, аукциондар нәтижелерінің хаттамасы, мемлекеттік мүлік және т.б. көрсетілген мекен бойынша тікелей сатудың шарты, мемлекеттік мүлікті сатудың сатып алу-сату шарты немесе аталған хаттамалардың кез-келгенінің негізінде жасалған өзге шарт;
      15) Әкімнің шешімі, сатып алу-сату шарты, жер учаскесіне меншік құқығы (жерді тұрақты пайдалану құқығы) туралы мемлекеттік акт.
      Осы тармақта көрсетілген тізбе бәрін толық қамтымайды. Құқық беруші құжаттар қатарына жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растауға құзырлы органдардың заң актілері тәртібінде белгіленген өзге де құжаттар жатуы мүмкін. Жылжымайтын мүлікке арналған құқық белгілейтін құжаттар туралы мәліметтер мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарда БНАЖ арқылы салыстырылады.
      Ескерту: 82-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің м.а. 2010.09.30 N 271 бұйрығымен.

      83. Жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шартын куәландыру кезінде нотариус мемлекеттік тіркеуді белгіленген тәртіппен тіркеуші органның құжат мәтініндегі белгісі негізінде тексереді.
      Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеудің және жылжымайтын мүлікті тіркеу үшін белгіленген тәртіппен құрылған басқа мемлекеттік ұйымдардың тіркеуші органдар нақтылы құрылғанға дейін олармен жасаған мәмілелерінің заңды күші болады.

      84. Жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шартын куәландыру кезінде нотариус жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама бойынша иеліктен алынатын мүлікке Тыйым салудың (қамауға алудың) әліпбилік есеп кітабы бойынша және ауыртпалықтардың жоқтығын тексереді. Жылжымайтын мүлікке арналған ауыртпалықтардың болмауы немесе болуы туралы мәлімет мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарда БНАЖ арқылы салыстырылады. 
      Ескерту: 84-тармақ толықтырылды, өзгертілді- ҚР Әділет министрінің 2000.11.20 N 527-к, 2004.05.17 N 136, 2010.09.30 N 271 бұйрықтарымен.

      85. Бір жылдан аса мерзімге пайдалану құқығымен жылжымайтын мүлікті иеліктен алуға мына жағдайларда жол беріледі, егер:
      1) мүлікті иеліктен алушы мен аталған құқық иегері арасындағы бір жылдан асатын мерзімге пайдалану құқығын беру туралы шарттың жағдайларымен осындай иеліктен алуға тікелей тыйым салмаса;
      2) ауыртпалықты мүлікті иеліктен алуға бір жылдан аса мерзімге жылжымайтын мүлік құқығын пайдалану құқығына иегердің келісімі болса жылжымайтын мүлік меншік иесінің шартында мұндай келісім тікелей көзделген жағдайларда;
      3) жылжымайтын мүлікті бір жылдан аса мерзімге пайдаланудың ауыртпалық құқығын сатып алушы нотариус арқылы алынатын мүлікті пайдалану құқығының барлығы және оның тоқтатылуы туралы құлақтандырылса.

      86. Бір жылдан аса мерзімге пайдаланудың ауыртпалық құқығымен жылжымайтын мүлікті иеліктен алу туралы нотариаттық куәландырылатын шарттың мәтінінде, шарттың мәні осындай құқық ауыртпалығын көтеретіні және сатып алушы (сыйға алушы және т.б.) құқықты пайдалану иесімен қарым-қатынаста иеліктен алушының құқықтық мұрагері болып табылатыны көрсетіледі.

      87. Рента төлеуші мүлікті иеліктен шығарған кезде оның рента шарты жөніндегі міндеттемелері мүлікті иеленушіге көшеді, ал рента ауыртпалығымен жылжымайтын мүлікті басқа адамның меншігіне берген тұлға рентаны алушыға қатысы жөнінде заң актілерімен немесе шартпен көзделген жауапкершілік көтереді.
      Нотариус мына шарттарды сақтай отырып, рентамен ауыртпалық түскен жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шартын куәландырады:
      1) мұндай иеліктен алуға заң актілерімен немесе рента шартымен тыйым салынбаса;
      2) рента алушының рента ауыртпалығы түскен мүлікті иеліктен алуға нотариаттық куәландырылған келісімі болса, осындай келісімнің қажеттілігі рента шартында тікелей көзделген жағдайда;
      3) рента ауыртпалығы түскен жылжымайтын мүлікті сатып алушыны нотариус рента шартының шарттары және иеліктен алушының рента төлеу жөніндегі міндеттерінің оған көшетіні туралы құлақтандырғанда;
      4) рента ауыртпалығы түскен мүлікті иеліктен алушы рентаны алушы жөнінде мүлікті сатып алушының рентаны төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны үшін заң актілерімен немесе шартпен көзделген жауапкершілікті көтеруге міндеттенеді.

      88. Рента ауыртпалығы түскен жылжымайтын мүлікті иеліктен алу туралы нотариаттық куәландырылатын шарт мәтінінде шарт мәні рента ауыртпалығы бар екендігі, сатып алушы (сыйлық алушы және т.б.) рента алушымен өзара қарым-қатынаста иеліктен алушының құқықтық мұрагері болып табылатыны, ал иеліктен алушы сатып алушының рента төлеу жөніндегі міндеттемесін орындамағаны үшін заң актісінде немесе шартта көзделген жауапкершілікті көтеретіні туралы белгі соғылады.

      89. Нотариус кепіл ауыртпалығы түскен (ипотека) мүлікті иеліктен алу шартын мына жағдайларды сақтай отырып куәландырады:
      1) мұндай иеліктен алуға заң актілерімен, кепіл актілерімен тыйым салынбаса және кепіл мәнінен туындамаса;
      2) кепіл ұстаушының жазбаша келісімі болса;
      3) кепілмен ауыртпалық түскен жылжымайтын мүлікті сатып алушы нотариус арқылы кепіл шарты туралы, кепіл құқығының күшін сақтайтыны туралы және кепіл ұстаушы, егер борышкер белгіленген мерзімдерге негізгі міндеттемесін орындамаса, сатылып алынған немесе кепілге салынған мүлікті өндіріп алуға құқылы екені туралы құлақтандырылса.

      90. Кепілмен ауыртпалық түскен нотариаттық куәландырылатын жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шартының мәтінінде ол шарттың мәні кепіл ауыртпалығы болып табылатыны туралы белгі соғылады.
      Нотариус кепілге салынған мүлікке меншік құқығын иеліктен алудың негізгі міндеттеме бойынша борыштың ауысуына әкеп соқпайтынын түсіндіреді (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 323-бабы ).

      91. Жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шарттарын куәландыру кезінде нотариус:
      1) құқық белгілеуші құжатты;
      2) Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы.
      Иеліктен алынатын мүлікті бағалау актісі мұны тек мәміле тараптары (не олардың бірі) көзделген жағдайларда ғана талап етіледі.
      Ескерту: 91-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрлігінің 1999 жылғы 8 қазандағы N 81 бұйрығымен ( бұйрықтың күші жойылды - Әділет министрінің 2000 жылғы 1 сәуірдегі N 30 бұйрығымен.), 2004 жылғы 17 мамырдағы N 136 бұйрығымен .

      92. Техникалық төлқұжатта көрсетілген техникалық сипаттама осындай құжатты берген күннен бастап алты ай ішінде жарамды болып табылады. Құқық белгiлейтiн жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамада көрсетiлген мүліктің техникалық сипаттамасы туралы мәлiметтер иеліктен айыру сәтіндегі жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамада көрсетiлген мәлiметтермен сәйкес келмесе, нотариус осындай өзгерiстердің тiркелгенiн растайтын құжатты талап етедi.
      Ескерту: 92-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрлігінің 1999 жылғы 8 қазандағы N 81 бұйрығымен . (бұйрықтың күші жойылды - Әділет министрінің 2000 жылғы 1 сәуірдегі  N 30 бұйрығымен.)
      Ескерту: 92-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қарашадағы N 175 бұйрығымен , 2004 жылғы 17 мамырдағы N 136 бұйрығымен , 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 13 бұйрығымен .

      93. Нотариус өмір бойы асырау шартын мынадай талаптар сақталынған жағдайда куәландырады:
      1) сатылу бағасының есебінен рента төлеуші тұрғын үй, тамақ пен киімі, күтім мен қажетті көмек қажеттіліктерін қамтамасыз ету түріндегі өмір бойы асырауды жүзеге асыруға міндеттенеді. Сондай-ақ рента төлеушінің жол-жораға қызметінің ақысы да қарастырылуы мүмкін;
      2) асыраудың жалпы көлемінің құны шартта белгіленуі тиіс, мұндайда бір айдағы асыраудың жалпы көлемі заңнама кесімдері белгіленген жалақының екі айлық көлемінен кем болмауы керек.
      Ескерту: 93-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      94. Өмір бойы асырау шартының мәтінінде барлық көрсетілген шарттар анық баяндалуы керек. Сонымен бірге асыраудағы мерзімді төлемдерді ақша түрімен төлеуді заттай алмастыру ұсынысы шартпен қарастырылуы мүмкін.
      Ескерту: 94-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      95. Нотариус меншік құқығының кез-келген объектісін (жылжымайтын әрі жылжитын мүлікті де) айырбастау шартын куәландырады.

      96. Айырбастау шартын нотариуспен тараптардың таңдауы бойынша жылжымайтын мүліктің кез-келген объектісінің тұрған жері бойынша куәландырады, бұл жағдайда нотариус басқа объекті тұрған жердегі жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама бойынша тыйым салу жоқ екендігі фактісін белгілейді. Жылжымайтын мүлікке арналған ауыртпалықтардың болмауы немесе болуы туралы мәлімет мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарда БНАЖ арқылы салыстырылады.
      Ескерту: 96-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 2000.11.20 N 527-к, 2004.05.17 N 136, 2010.09.30 N 271 бұйрықтарымен.

      96-1. Нотариус мүлікті сыйға тарту шартын куәландыру кезінде ҚР ҚК-нің 509-бабына сәйкес осы нотариаттық іс-әрекетті жасаудан бас тарту үшін негіздердің бар-жоғын тексереді. Бұл жөнінде нотариус шарт мәтініне тиісті жазу жазылады.
      Ескерту: 96-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен.

      97. Мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүлікті және уәкiлеттi тiркеу органдары осы автокөліктің кепілде жоқтығы туралы анықтаманы талап етеді (автомотокөлік құралдары, тракторлар және т.б.) иеліктен алу кезінде нотариус көлік құралдарының техникалық паспортын (тіркеу туралы куәлік), сондай-ақ жұбайдың келісімін не иеліктен алынатын мүліктің меншік иесінің некеде тұрмайтыны туралы арызды талап етеді. Бағалау актісі нотариусқа мүдделі адамдардың тілегі бойынша беріледі.
      Ескерту: 97-тармақ толықтырылды, өзгертілді  - Әділет Министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 7 бұйрығымен , 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен , 2004 жылғы 7 шілдедегі N 206 бұйрығымен .

      98. Мемлекеттік тіркеуге жатпайтын мүлікті иеліктен алу шартын куәландыру кезінде нотариус ұсынылған құжаттар негізінде (құнды қағаздар, ақша құжаттары және т.б.) оның иелігін анықтайды, немесе иеліктен алынатын мүліктің иелігінің және оның бағасының тараптардың айтуымен анықталғандығы туралы шарт мәтініне белгі қояды. Сонымен қатар, қажет болған жағдайларда осы Нұсқаулықтың 44-тармағындағы ережелер бойынша жұбайлардың нотариаттық куәландырылған келісімі туралы арыз талап етеді.

      99. Жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуге жататын жылжитын мүлікті иеліктен алу шартын куәландыру кезінде нотариус аталған шарттарды мемлекеттік тіркеуге алудың қажеттігін түсіндіреді, бұл туралы нотариаттық куәландыратын құжаттың мәтiнiнде белгi соғылады.
      Ескерту: 99-тармақ толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қарашадағы N 175 бұйрығымен .

МҮЛІКТІ АҚЫСЫЗ ПАЙДАЛАНУҒА НЕМЕСЕ ЖАЛҒА БЕРУ
ТУРАЛЫ ШАРТТАРДЫ КУӘЛАНДЫРУ

      100. Жеке меншіктегі жылжымайтын мүлікті ақысыз пайдалануға не жалға беру туралы шарттарды куәландыру кезінде нотариус жылжымайтын мүлікке құқық беретін осы Нұсқаулықтың 83-тармағында көрсетілген құжаттарды, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамаларын талап етеді. Нотариус істе көрсетілген құжаттардың көшірмелерін қалдырады. Жылжымайтын мүлікке арналған ауыртпалықтардың болмауы немесе болуы туралы мәлімет мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарда БНАЖ арқылы салыстырылады.
      Ескерту: 100-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2004.05.17 N 136, 2010.09.30 N 271 бұйрықтарымен.

      101. Заттық құқық негізінде жалға берушінің иелігіндегі мүлікті ақысыз пайдалануға не жалға беру туралы шарттарды куәландыру кезінде осы Нұсқаулықтың алдыңғы тармағында көрсетілген құжаттармен қатар мүлік иесімен жасалған шарт талап етіледі, оның көшірмесі нотариустың істерінде қалдырылады. Егер мұндай шарттың мерзімі бір жылдан жоғары болса, ол заңмен белгіленген тәртіпте тіркелуі керек.

      102. Тіркеуге жататын мүлікті уақытша ақысыз пайдалануға не жалға беру туралы шартты куәландыру кезінде нотариус жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама бойынша ауыртпалықтардың (оның ішінде пайдалануға тыйым салулардың) жоқтығын тексереді.
      Пайдалануға тыйым салынған жағдайда шартты куәландыру тыйым салу алынғанша тоқтатылады, бұл туралы нотариаттық іс-әрекетті жасауды кейiнге қалдыру туралы қаулы шығарылады.
      Ескерту: 102-тармаққа толықтыру, өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қарашадағы N 175 бұйрығымен , 2004 жылғы 17 мамырдағы N 136 бұйрығымен .

      103. Мүлікті уақытша пайдалану немесе жалға беру туралы шарттың жағдайлары тараптардың келісімімен, қажет жағдайларда - сондай-ақ Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдар талаптарымен айқындалады.

      104. Жеке меншіктегі тұрғын үйлерді жалға беру (немесе уақытша ақысыз пайдалануға беру) тұрғын үйдің барлық меншік иелерінің келісімімен жүргізіледі. Келісім шарттары Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңында белгіленген ережелер бойынша айқындалады.

      105. Нотариус мемлекеттік жер пайдаланушыға тиісті жер учаскесін (оның бөлігін) өкілетті орган арқылы мемлекеттің келісімімен ғана ұзақ мерзімді (5 жылдан аса мерзімге) жалға беру шартын куәландыруға құқылы.
      Қызметтік тұрғын үйге қызмет көрсету үшін учаске ретінде бөлінген қызметтік жер тізіліміне құқықтан басқа мемлекеттік жер пайдаланушыларға тиесілі жер учаскелерін уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын куәландыруға жол берілмейді.
      Ескерту: 105-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қарашадағы N 175 бұйрығымен .

      106. Нотариус жалға алу, субаренда, екінші рет ақысыз жер пайдалану шартының мерзімі және т.б. жалдау, жалға алу, бірінші жер пайдалану және т.б. шартының мерзімінен аспауы керек немесе бір уақытта тоқтатылады.

      107. Нотариус тараптарға жылжымайтын мүлікті (оның ішінде жер учаскелерін) бір жылдан аса мерзімге уақытша ақысыз пайдалануға немесе жалға беру құқығының белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуге жататындығын түсіндіреді.

МҮЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ
ШАРТТАРДЫ КУӘЛАНДЫРУ

      108. Нотариус азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың, оның ішінде шетел азаматтарының ортақ (бірлескен немесе үлестік) меншігіндегі мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттарды куәландырады.

      109. Нотариус тараптардың келісімімен белгіленген ортақ мүлікті пайдалану тәртібі туралы шартты куәландырады. Дау болған жағдайда нотариус сотқа жүгіну тәртібін түсіндіреді.

      110. Нотариус ортақ меншіктегі жылжымайтын мүлікті пайдалану тәртібі туралы шартты куәландыру кезінде шолып шығу үшін осы Нұсқаудың 84-тармағында аталған құқық белгілеуші құжаттарды, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы талап етеді. Жылжымайтын мүлікке арналған ауыртпалықтардың болмауы немесе болуы туралы мәлімет мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарда БНАЖ арқылы салыстырылады.
      Ескерту: 110-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2004.05.17 N 136, 2010.09.30 N 271 бұйрықтарымен. 

      111. Әрбір қатысушыға қатысты пайдалану тәртібі туралы шартта ол пайдалануға құқылы жылжымайтын мүліктің нақты бөлігі, олардың реттік нөмірі мен мөлшерін көрсетумен техникалық құжаттың атауы көрсетіледі.

      112. Нотариус жылжымайтын мүліктің заңдастырылмаған бөліктерін пайдалану тәртібін белгілеуші шартты куәландыруға құқылы емес.

      113. Мүлікті пайдалану тәртібі туралы шартты куәландыру кезінде тараптар жер учаскесін пайдалану тәртібін айқындап та, айқындамай да жер учаскесіндегі тұрғын үйді пайдалану тәртібін белгілеуге құқылы.

      114. Мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттың пайдалану тәртібі белгіленетін ортақ мүліктегі үлесті сатып алушы тұлға үшін міндеттейтін күші болады.

      115. Жылжымайтын мүлікті пайдаланудың тәртібі туралы шарт дербес құқық белгілеуші құжат болып табылмайды, ол құқық белгілеуші құжатқа қосымша ретінде жүреді және заңмен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуге жатады.

      116. Егер ортақ (үлестік немесе бірлескен) меншікке қатысушылар ортақ меншік тәртібін тоқтатқысы келсе, нотариус оларға мүлікті пайдалану тәртібі мен мүлікті бөлу шартын бекітудің құқықтық салдарының айырмашылығын, сондай-ақ соңғының жасалу шарттары мен тәртібін түсіндіреді.

МҮЛІКТІ БӨЛУ ТУРАЛЫ ШАРТТАРДЫ
КУӘЛАНДЫРУ

      117. Нотариус ортақ (бірлескен немесе үлестік) меншіктегі мүлікті бөлу туралы шарттарды куәландырады.
      Ортақ мүлікті бөлек (жеке) меншікке ауыстыруға жол берудің шарты мүліктің бөлінетін бөлігін құқықтық дербес нысаны ретінде қарастыру мүмкіндігі болып табылады (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 218 221-баптар ).

      118. Тұрғын үйді (пәтерді) сол тұрған қалпында бөлу үй-жайдың тұрғын жайы да, қосымша жайлары да бөлгеннен кейін бірнеше тұлғаның меншігінде (пайдалануында) қалмайтын жағдайда мүмкін болады. Сондықтан егер бөлінген бөлікте (бөліктерде) жеке есік шығарудың және қажетті қосымша жаймен қайта жабдықтаудың техникалық мүмкіндігі болмаса, тұрғын үйді немесе пәтерді бөлуді куәландыруға нотариустың құқығы жоқ. Бұл жағдайда нотариус мүдделі адамдарға олармен мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарт жасалуы мүмкін екендігін түсіндіреді.

      119. Жылжымайтын мүлікті бөлу кезінде ортақ пайдаланылатын үйдің төбесі, іргетасы, үй астындағы жер учаскесі бөлінбейтіндіктен ортақ үлес меншігінде қалады. Үй жанындағы жер учаскесі, егер жер учаскесін бөлу жер учаскесіне құқықтық куәландыратын құжатта көрсетілсе, немесе бөлу кезінде жеке меншікке ауысқан жылжымайтын мүлік бөлігінің мөлшеріне пара-пар үлес көрсетіле отырып ортақ меншік үлесінде қалдырылған жағдайда бөлінуі мүмкін.

      120. Ортақ меншікке қатысушылар арасындағы келісім бойынша тұрғын емес үй-жайды бөлу шартын бекіту кезінде ортақ пайдаланудағы басқа да орындар (дәліздер, баспалдақтар және т.б.) қалдырылуы мүмкін.

      121. Мүлікті бөлгеннен кейін ортақ үлестік меншікте қалатын мүлік бөлігі дербес объект ретінде бөлініп, оған дербес кадастрлық нөмір беріледі, басқа бөліктері бұрынғы қосалқы меншік иелерінің жеке меншігіне көшеді.

      122. Тұрғын үй-жайды бөлу туралы шарттың мәтінінде әрбір бұрынғы меншік иесіне ауысқан жиынтық пайдалы алаңның, тұрғын үйдің (пәтердің) жалпы пайдалы алаңына қатынасы арифметика тілімен көрсетілуі керек, сондай-ақ жалпы үлестік меншікте қалатын объектілер көрсетілуі керек.

      123. Тұрғын емес үй-жайды бөлу туралы шарттың мәтінінде әрбір бұрынғы меншік иесінің меншігіне ауысқан үй-жайлардың (негізгі, сондай-ақ қосымша үй-жайлар), барлық үй-жайдың жалпы жиынтық ортақ ауданына (оның ішінде үлестік меншікке жатқызылғандар) қатысы арифметика тілімен көрсетілуі керек, сондай-ақ үлестік меншікте қалған объектілер көрсетілуі керек. Егер ортақ үлеске дәліздер, баспалдақ аралығы және т.б. жатса, нотариус арифметика тілімен олардың жалпы ауданының барлық үй-жайдың жалпы жиынтық ауданына, сондай-ақ бұрынғы қосалқы меншік иелерінің бөлуден кейін олардың жеке меншігіне жатқызылған жылжымайтын мүліктің мөлшерінде пара-пар есептелген жалпы пайдалану орындарына жалпы үлестік меншігіндегі үлестерінің мөлшерін көрсетуі керек.

      124. Нотариус сонымен бірге ол бойынша жалпы (үлестік немесе бірлескен) меншікке қатысушылардың барлығының келісімі бойынша қатысушылардың біреуі (немесе бірнешеуі) жалпы мүліктің нақтылы бөлігін, оның ішінде тұрғын үйдің (пәтердің) жеке бөлігін меншікке ала алады, ал басқа бөлігі қалған қатысушылардың жалпы (бірлескен немесе үлестік) меншігінде қалады.

      125. Нотариус жұбайлардың мүлкін бөлу кезінде ортақ бірлескен меншік режимін және неке бұзуын мүліктік салдарын анықтайтын некелік келісім- шарттың бар-жоғын анықтайды. Мұндай шарт болған жағдайда мүлікті бөлу неке шартында белгіленген тәртіп пен шартқа сәйкес жүргізіледі.

      126. Жылжымайтын мүлікті бөлу туралы шарты, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті бөлу шартын куәландыру кезінде нотариус:
      - белгіленген тәртіпте тіркелген құқық белгілеуші құжатты;
      - жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтары (ауыртпалықтары) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасы.
      Егер бұл тараптар келісімінде көзделсе, мүлікті бағалау актісі талап етіледі.
      Ескерту: 126-тармаққа өзгерту енгізілді - Әділет министрлігінің 2004 жылғы 17 мамырдағы N 136 бұйрығымен .

      127. Мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжитын мүлікті бөлу туралы шартты куәландыру кезінде нотариус осы мүліктің тараптарға тиістілігін растайтын құжаттарды талап етеді. Алайда тиістілігі қандай да бір құжаттармен айқындалмаған мүлікке қатысты шартта куәландырылады. Бұл жағдайда мүліктің кімге тиістілігі тараптардың айтуымен көрсетіледі. Егер тараптардың келісімімен көзделсе мүлікті бағалау актісі талап етілуі мүмкін.

      128. Мүлікті бөлу (үлесті бөлу) туралы шарт заңмен белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркелуге жатады. Үлесті бөлу кезінде құқық белгілеуші құжат үлестің бөлінуі туралы белгі соғылып, құқықты иеленушіге (құқықты иеленушілерге) қайтарылады.

НЕКЕЛІК КЕЛІСІМ-ШАРТТАРДЫ КУӘЛАНДЫРУ

      129. Некелік шарт міндетті нотариаттық куәландыруға жатады.
      Нотариус некелік шарт туралы мәмілелерді куәландырудың жалпы ережелеріне сәйкес куәландырады.
      Некелік шартта тараптардың мүліктік құқығы мен міндеттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа шарттар да реттелінеді.

      130. Некелік шарттар неке тіркелгенге дейін және сонымен қатар тіркелгеннен кейін де куәландырыла береді.

      131. Некелік шарт жасалған соң жұбайлардың мүліктік келісім тәртібі ерлі-зайыптылардың неке кезіндегі жинаған мүліктерін иелену, пайдалану мен билеуде тең құқыққа ие болатындығы жөніндегі бірлескен меншіктің бекітілген заң тәртібінің орнына қолданылады.
      Бұндай жағдайларда нотариус жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжаттарды және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы талап етуге міндетті.
      Ескерту: 131-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігінің 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 13 бұйрығымен .

      132. Некелік шарт жасау кезінде тараптар өз қалаулары бойынша:
      1. Ортақ (бірлескен немесе үлестік) меншік тәртібін, не неке кезінде жинаған барлық мүліктеріне бөлек меншік тәртібін, бұған қоса алғанда, жұбайлардың біреуінің болашақта иеленетін мүліктерінің бөлігіне немесе жекелеген түрлеріне меншік тәртібін таңдауға;
      2. Бір-бірін асырау жөніндегі (оның ішінде неке бұзылған жағдайда да) өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауға;
      3. Жұбайлардың табыстарына қатысу тәртібін белгілеуге;
      4. Отбасының шығындарды бөлу тәртібін анықтауға;
      5. Неке бұзылған жағдайда, жұбайлардың әрқайсысына берілетін мүлікті анықтауға;
      6. Некелік шартқа жұбайлардың мүліктік қатынастарына байланысты кез-келген өзге де жағдайларды енгізуге құқылы.
      Сонымен қатар некелік шартта көзделген құқықтар мен міндеттер белгілі мерзімдермен шектелуі не ерекше жағдайлардың туындауына немесе туындамауына байланысты болуы мүмкін.

      133. Некелік шарт жұбайлардың келісімі бойынша кез-келген уақытта өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін, бұл жағдайда некелік шарттың өзгертілуі немесе бұзылуы туралы келісім міндетті түрде нотариаттық куәландыруға жатады. Некелік шартты орындаудан біржақты бас тартуға жол берілмейді.

      134. Нотариус жұбайларға мүлік жөнінде мәмілелер жасағанда нотариустың сонымен қатар басқа да мүдделі адамдардың осы шарттың жағдайларымен танысуы тиіс екенін түсіндіреді.

ӨСИЕТТЕРДІ КУӘЛАНДЫРУ

      135. Нотариус Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес іс-әрекетке қабілетті азаматтар жасаған және олардың өздері нотариусқа табыс еткен өсиеттерді куәландырады, мұндай жағдайда өсиет қалдырушының азаматтығына мән берілмейді.

      136. Бірнеше тұлғалар атынан не өкілдер арқылы өсиеттерді куәландыруға жол берілмейді ("Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 1-тармағы ).

      137. Өсиет өсиетті қалдырушының өз қолымен жазылуға не оны құрастырудың орны, күні мен уақыты көрсетіле отырып өсиет қалдырушының өз қолы қойылуға тиіс.
      Нотариус өсиет қалдырушының сөзінен өсиетті жазып алған және оған қолы қойылған кезде өсиетке қол қоятын куәгерде қатысуға тиіс.
      Өсиет қалдырушының сөзінен өсиетті жазып алған кезде нотариус жалпыға ортақ техникалық құралдарды (жазу машинкасын, дербес компьютерін және т.б.) пайдалануы мүмкін.
      Ескерту: 137-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      137-1. Өсиет қалдырушының тілегі бойынша нотариус оның мазмұнымен таныспай-ақ құпия өсиетті куәландыруы мүмкін.
      Құпия өсиет, оның жарамсыз болып қалу қаупі ескеріліп, өсиет қалдырушының өз қолымен жазылуға және қолы қойылуға, екі куәнің және нотариустың қатысуымен куәлар өз қолдарын қоятын конвертке желімденіп салынуға тиіс.
      Куәлар қол қойған конверт куәлардың және нотариустың қатысуымен, нотариус куәландырып қол қоятын басқа конвертке салынып желімденеді, оған нотариус куәландыру жазбасын жазады.
      Нотариус конверт құжаттар мен бағалы қағаздарды сақтауды қабылдау кезінде қолданатын ережелерге сәйкес нотариуста сақталуы мүмкін.
      Құпия өсиетті куәландырғанда нотариус ҚР АК-нің 1050-бабында көрсетілген өсиет нысанына қойылатын талаптарды өсиет қалдырушыға түсіндіруге міндетті.
      Ескерту: 137-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      137-2. Өсиет қалдырушының сөзінен нотариус жазып алған өсиетті өсиет қалдырушы өсиетке қол қойылғанға дейін нотариустың қатысуымен және куәлардың қатысуымен толық оқуға тиіс.
      Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетті жеке өзі оқи алмайтын жағдайда болса, ол үшін оның мәтінін нотариустың қатысуымен куә жария етеді, бұл туралы өсиет қалдырушының жеке өсиетті оқи алмауының себебі көрсетілген куәландырған жазбаға дейінгі өсиет мәтініне тиісті жазу жазылады.
      Егер өсиет куәнің қатысумен жасалса, өсиеттің мәтіні мен тізілімде куәнің тегі, аты, туған жылы мен жері, сондай-ақ тұрақты мекен-жайы көрсетілуге тиіс. Өсиетке өсиет қалдырушының орнына қол қойған адамға қатысты да нақ осындай мәліметтер қосылуға тиіс.
      ҚР АК-нің 1050-бабының 4-тармағында көзделген адамдар куәлер бола алмайды, сондай-ақ өсиет қалдырушының өсиетке орнына қол қоя алмайды.
      Ескерту: 137-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      138. Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетке өз қолымен қол қоя алмайтындай жағдайда болса, оның өтініші бойынша нотариустың өсиет қалдырушының және куәгердің қатысуымен өсиетке басқа адамның қолы қойылады. Бұл ретте өсиет қалдырушының өсиетке өзі қол қоя алмауының себебі көрсетіле отырып, өсиет мәтінінде және куәландыру жазбасында тиісінше жазу жазылады.
      Ескерту: 138-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      139. Өсиет бір немесе бірнеше жеке тұлғалардың пайдасына, сондай-ақ заңды тұлғалардың және мемлекеттің пайдасына да жасалады. Егер өсиет бірнеше адамдардың пайдасына жасалса, өсиет қалдырушы әрбір мұрагердің үлес мөлшерін, немесе олардың әрқайсысына тиісті мүлікті немесе барлық мұрагерлердің мұрадағы үлестерінің тең екенін көрсетуі керек.

      139-1. Егер көрсетілген өсиеттегі мұрагер мұра ашылғанға дейін қайтыс болатын, оны қабылдамайтын не одан бас тартатын немесе лайықсыз мұрагер ретінде мұрадан шеттетілетін жағдайда, сондай-ақ мұрагердің мұра қалдырушының құқықтық шарттарын өсиет бойынша орындамаған жағдайда өсиет қалдырушының басқа мұрагерді тағайындауы мүмкін.
      Ескерту: 139-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен

      140. Мұрагер, егер мұны өсиет қалдырушының өзі қаламаса, басқа жағдайларда өсиет жасау кезінде қатысуға құқылы, емес бұл жөнінде өсиет қалдырушының (өсиетке оның тапсыруы бойынша қол қойған адамның куәгердің), нотариустың және оның мөрінің бедерлемесімен, қойған қолдарының расталуымен өсиеттің екі данасында да белгі соғылады.
      Ескерту: 140-тармақ толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қарашадағы N 175 бұйрығымен .

      141. Өсиетті куәландыру кезінде нотариус өсиет қалдырушыға заң бойынша жасы кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз мұрагерлердің өсиеттің мазмұнына қарамастан міндетті үлесін алуға құқықтары туралы түсіндіреді.
      Ескерту: 141-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен

      142. Өсиетті куәландыру кезінде өсиет қалдырушыдан оның мұралық мүлкіне құқығын растайтын дәлелдерді ұсыну талап етілмейді.

      143. Өсиет қалдырушы мұрагердің мінез-құлқының сипатына қатысты, олар қайтыс болған жағдайда олармен мұраға қалдырылған мүлікке билік ету бостандығын шектейтін талаптан басқа, мұраны алуды белгілі бір талаптармен шарт қоюға құқылы.
      Мұрагерді тағайындау немесе мұра алу құқығынан айыру туралы өкімге енгізілген құқыққа қарсы талаптар жарамсыз.
      Нотариус өсиеттік бас тартуды, міндеттерді жүктеуді, мұрагерді қосымша тағайындауды, өсиет орындаушыны тағайындауды қамтитын талаптардың өсиетке енгізілуі мүмкіндігін өсиет қалдырушыға түсіндіреді.
      Ескерту: 143-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      144. Өсиеттің мәтініне өсиетті орындаушыны тағайындау туралы шарттың қосылуы мүмкін. Өсиетті орындаудың мұрагер болып табылмайтын адамға жүктелуі мүмкін. Бұл жағдайда осы адамның өз қолымен жазылған өсиеттің өзінде, не өтінішке қоса берілген өтінішінде білдірілген келісімі қажет.
      Өсиет орындаушы болып әрекет қабілеті жоқ адам, сол сияқты өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қойған адам тағайындалмайды.
      Ескерту: 144-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      145. Нотариаттық органда өсиетті есепке алудың кітабы жүргізіледі. Оған осы органда куәландырылған өсиеттер, сондай-ақ нотариаттық куәландыруға теңестірілген өсиеттерді куәландыруға өкілетті лауазымды адамдардан алынған өсиеттер туралы мағлұматтар енгізіледі.

      146. Өсиеттің:
      1) Өзі бұрын жасаған өсиеттен (толық немесе ішінара) бас тарту туралы нотариусқа арыз беру;
      2) жаңа өсиет жасау жолымен күшінің жойылуы мүмкін.
      Өсиеттің:
      1) өзі бұрын жасаған өсиеттің белгілі бір бөлігін өзгерту туралы өз қолымен жазған арызды нотариусқа беру;
      2) бұрын жасалған өсиеттің бір бөлігін өзгертетін жаңа өсиет жасау жолымен өзгертілуі мүмкін.
      Өкіл арқылы өсиеттің күшін жоюға немесе өзгертуге жол берілмейді. Өсиеттің күшін жою немесе өзгерту туралы арыздағы қолдың түпнұсқалығы нотариаттық куәландырылуға тиіс.
      Нотариус өсиеттің күшін жою немесе өзгерту туралы хабарлама алған жағдайда, сондай-ақ бұрын жасалған өсиеттің күшін жоятын немесе өзгертетін жаңа өсиет алған кезде нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімде және БНАЖ электрондық тізілімінде, әліпбилік кітапта, істерде сақталатын өсиет данасында, мүмкіндігіне қарай - өсиет қалдырушыдағы өсиет данасына бұл жөнінде жазба жасайды, ол алынады (күші жойылған жағдайда) және арызбен бірге (егер арыз берумен өсиеттің күші жойылса немесе өзгертілсе) істердің сақталатын данасында тігіледі.
     Өсиеттің күшін жою немесе өзгерту туралы хабарлама нотариаттық
куәландырылуға тиіс ("Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 57-бабы).
     Ескерту: 146-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2000.11.20 N 527-к, 2010.09.30 N 271 бұйрықтарымен.

     147. Егер өзгертілетін өсиет басқа нотариат кеңсесінде сақталса, нотариус осы органға өсиетті бұзу туралы куәландырылған өтінішті қосып хабарлама жібереді.

     147-1. Қызмет көрсетілетін нотариаттық округтен тыс тұрғылықты тұратын азаматтың атынан өсиетті куәландырған жағдайда, мұндай өсиетті куәландырушы нотариус азамат тұрғылықты тұратын орын бойынша орналасқан аумақтық нотариаттық палатаға өсиетті оның көшірмесінің қосымшасынсыз куәландыру туралы хабарлама жібереді, бұл туралы нотариус өсиет қалдырушыға ескертуге және бұл туралы өсиетте белгі жасауға міндетті.
     Ескерту: 147-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрлігінің 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 13 бұйрығымен .

СЕНІМХАТТАРДЫ КУӘЛАНДЫРУ

      148. Нотариустар бір немесе бірнеше адамның атынан бір немесе бірнеше адамның атына сенімхаттарды куәландырады.
      Өкіл тікелей өзіне қатысты, бір мезгілде өзі өкіл болып табылатын басқа адамға қатысты сенімхат бойынша іс-әрекеттер жасай алмайды.
      Ескерту: 148-тармақ толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      149. Сенімхат мәтінінде оның жасалған (қол қойылған) жері мен күні, сенім білдірушінің тегі, аты, әкесінің аты мен туған жері, тұратын жері (заңды тұлғалар үшін - заңды тұлға органының толық атауы мен орналасқан жері) және сенім білдірілген адамның тегі, аты, әкесінің аты мен тұратын жері, ал қажет болған жағдайларда атқаратын қызметі де көрсетілуге тиіс.
      Ескерту: 149-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      150. Сенімхаттың қолданылу мерзімі жазбаша көрсетіледі және үш жылдан аспауы керек.
      Егер сенімхатта мерзім көрсетілмесе, ол жасалған күннен бастап бір жылға дейін күшін сақтайды.
      Жасалған күні көрсетілмеген сенімхат жарамсыз болып есептеледі.
      Өкілдің сыйға тартуды жасауға сыйғатартылушы аталмаған және сыйға тартылған заты көрсетілмеген сенімхаты жарамсыз.
      Ескерту: 150-тармақ толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      151. Нотариаттық куәландыру талап етілетін мүлікті басқаруға, мәмілені жасауға арналған сенімхат, сондай-ақ қайта сенім білдіру тәртібімен берілетін сенімхат (Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 167-бабының 4-тармағында көрсетілген сенімхаттан басқа) нотариаттық куәландыруға жатады.

      151-1. Сенімхат заңды тұлғаның талабы бойынша оның атынан нотариаттық куәландырылуы мүмкін. Бұл жағдайда сенімхатқа қол қойған лауазымды адамның өкілеттігі тексерілуге тиіс.
      Мемлекеттік органның, коммерциялық немесе коммерциялық емес органның атынан ақшаны және басқа да мүліктік құндылықтарды алуға немесе беруге сенімхатқа осы ұйымның бас (аға) бухгалтерінің қолы қойылуға тиіс.
      Ескерту: 151-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен

      152. Қайта сенім білдіру тәртібімен берілетін сенімхат қайта сенім білдіру құқығы көрсетілген тек негізгі сенімхат ұсынылғаннан кейін немесе негізгі сенімхат бойынша өкілдің сенімхатты берген адамның мүддесін қорғау жағдайына байланысты дәлелдемелерді ұсынғаннан кейін барып куәландырылады. Сенімхатты куәландыру кезінде сенім білдірілген адамнан оның сенім білдірілетін мүлікке құқығын растайтын дәлелдемелер талап етілмейді (автомотокөлік құралдарына берілген сенімхаттардан басқа).
      Қайта сенім білдіру тәртібімен берілген сенімхат негізінде одан әрі қайта сенім білдіруге жол берілмейді.
      Қайта сенім білдіру тәртібімен берілген сенімхатта негізгі сенімхатта берілген құқықтардан артық құқық болуға тиіс емес. Мұндай сенімхаттың мерзімі өзін беруге негіз болған сенімхаттың қолданылу мерзімінен артпауы тиіс.
      Қайта сенім білдіру тәртібімен берілген сенімхатта негізгі сенімхатты куәландырудың уақыты мен орны, негiзгi сенiмхатты куәландырған нотариустың аты-жөнi, тегi, тiзiлiмдiк нөмiр берілген адамның тегі, аты, әкесінің аты, тұратын жері, сондай-ақ өкілеттіктер берілетін адамдар, қажет жағдайда олардың қызметі көрсетілуі керек. Негізгі сенімхатта қайта сенім білдіру туралы белгі соғылады. Негізгі сенімхаттың көшірмесі нотариуста қалатын сенімхаттың данасына қосылады ("Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 58-бабының 2-тармағы ).
      Ескерту: 152-тармақ толықтырылды, өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен , 2004 жылғы 7 шілдедегі N 206 бұйрығымен , 2004 жылғы 4 қарашадағы N 325 бұйрығымен .

      153. Сенімхат беруші тұлға кез-келген уақытта сенімхатты немесе қайта сенім білдіру туралы сенімхатты бұзуға құқылы, ал сенімхат берілген тұлға кез-келген уақытта одан бас тартуға құқылы. Бұл құқықтардан бас тарту жөніндегі келісім жарамсыз болып табылады.

      154. Бас тарту туралы сенім білдірушінің (ұсынылушының) арызы нотариаттық куәландырылуға тиіс. Бұл ретте сенім білдіруші сенім білдірушіге және сенім білдірушіге мәлім үшінші тұлғаларға, сенімхат берілген өкілдікке, сондай-ақ сенімхатты куәландырған нотариусқа сенімхаттан бас тартылғаны туралы хабарлауға міндетті.
      Ескерту: 154-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

Кепілгерлік шарттарын куәландыру

      154-1. Нотариус мәмілелерді куәландыру үшін осы Нұсқаулықта белгіленген жалпы ережелер бойынша және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы нормаларына сәйкес кепілгерлік шарттарын куәландырады.
      Егер шартта өзгеше көзделмесе, кепілгерлік шарты нақты, яғни қолданыста бар талаптарды ғана қамтамасыз етеді.
      Ескерту: Жаңа параграфпен (154-1-тармақ) толықтырылды - ҚР Әділет министрлігінің 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 13 бұйрығымен .

4-ТАРАУ
ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛТАЙ
ҚҰЖАТТАРЫН КУӘЛАНДЫРУ

      155. Нотариус шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттары: құрылтай шарты мен Жарғыны куәландырады.
      Құрылтай шартын куәландыру кезінде нотариус осы Нұсқаулықта белгіленген мәмілелерді куәландырудың жалпы ережелерін басшылыққа алады. Жарғыны куәландыру кезінде нотариус құрылтайшылардың қолдарының дұрыстығын куәландырады.
      Ескерту: 155-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрлігінің 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 13 бұйрығымен .

      156. Нотариус құқықтық нысандардағы өзге коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың (өндірістік және тұтыну кооперативтерінің, қоғамдық және діни бірлестіктердің, қоғамдық қорлардың, қауымдастықтардың, мекемелердің, мемлекеттік кәсіпорындардың және т.б.) құрылтай құжаттарын куәландырудан бас тартуға құқығы жоқ.

      156-1. Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттарына оның құрылтайшысы (құрылтайшылары) немесе сенімхат негізінде қызмет ететін олардың өкілі (өкілдері) қол қояды. Мұндай жағдайда құрылтай шартының мәтінінде немесе Жарғыда куәландырылатын жазбада сенімхаттың тіркелген күні, нөмірі және кім куәландырғаны (бергені) көрсетіледі.
      Егер құрылтайшылар кәмелеттік жасқа толмаған адамдар болса, онда құрылтай құжаттары осы Нұсқаулықтың 63-тармағын есепке ала отырып куәландырылады.
      Ескерту: 156-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрлігінің 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 13 бұйрығымен .

5-ТАРАУ
МҰРАМЕН СЕНІМГЕРЛІК БАСҚАРУШЫНЫ ТАҒАЙЫНДАУ

      Ескерту: 5-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 7 шілдедегі N 206 бұйрығымен .

      157. <*>
      Ескерту: 157-тармақ өзгертілді, алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен , 2004 жылғы 7 шілдедегі N 206 бұйрығымен .

      158. Нотариус мұра ашылған жер бойынша, бір немесе бірнеше заңды мұрагерлердің өтініші бойынша, сондай-ақ егер заң бойынша мұрагерлер жоқ немесе белгісіз болса, жергілікті атқарушы органның өтініші бойынша мұраны сенімгерлікпен басқарушыны тағайындайды.
      Мұраны сенімгерлікпен басқарушының тағайындалуымен немесе оның таңдалуымен келіспейтін мұрагер заң бойынша оның тағайындалуын сотта даулауға құқылы.
      Заң бойынша мұрагерлер келген жағдайда, сенімгерлікпен басқарушының оған қажетті шығыстардың орны толтырыла және мұраның есебінен қисынды сыйақы төлене отырып, олардың талабы бойынша кері шақырылып алынуы мүмкін.
      Ескерту: 158-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      159. Егер мұрагерлердің арасында тұратын жері нотариусқа белгісіз адамдар бар болса, нотариус олардың тұратын жерін анықтауға (мұрагерлерден, олардың көршілерінен сұрастыруға, адрестік бюродан және т.б. мәліметтерді сұратуға) қисынды шаралар қабылдауға міндетті
      Нотариус мұрагерлерді бұқаралық ақпарат құралдарда хабар беру жолымен шақырады. Ашылған мұра туралы жариялау жөніндегі шығындарды мүдделі адамдар өтейді, олар болмаған жағдайда - мұралық мүлік есебінен өтеледі ("Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабы).
      Ескерту: 159-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      160-162. <*>
      Ескерту: 160-162-тармақтар алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 7 шілдедегі N 206 бұйрығымен .

      163. <*>
      Ескерту: 163-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .
      Ескерту: 163-тармақ алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 7 шілдедегі N 206 бұйрығымен .

      164. Сенімгерлікпен басқарушыны тағайындау туралы нотариус қаулы шығарады.
      Қаулыда:
      1) қаулының шығарылған күні, уақыты мен жері;
      2) қаулыны шығарған нотариустың тегі, аты, әкесінің аты, оның лицензиясының нөмірі не мемлекеттік нотариаттық кеңсенің атауы;
      3) тағайындалатын мұраны сенімгерлікпен басқарушының тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы мен жері, оның тұрғылықты жері, төлқұжаттық деректері;
      4) мұра қалдырушының тегі, аты мен әкесінің аты, сонда-ақ қайтыс болған күні, соған қатысты қорғау шараларын қабылдау қажет болатын мүліктің атауы мен тұрған жері көрсетіле отырып, мұралық мүлікті қорғауға қабылданған шаралар туралы тапсырманың мазмұны;
      5) мұраны сенімгерлікпен басқарушының өкілеттігін түсіндіру жөніндегі жазба;
      6) мөрінің бедерлемесі қоса берілген нотариустың қолы болуға тиіс.
      Ескерту: 164-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен , 2004 жылғы 7 шілдедегі N 206 бұйрығымен .

      165. Мұралық мүлік сақтауға берілген сенімгерлікпен басқарушы мұралық мүлікті ысырап еткені, иеліктен айырғаны немесе жасырып қалғаны үшін және мұрагерлерге келтірілген шығындар үшін жауапкершілігі жөнінде тілхат алына отырып ескертіледі. Тілхат мұралық мүлік тізімдемесі актісінде баяндалуы немесе жеке құжат түрінде болуы мүмкін.
      Ескерту: 165-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .
      166-168. <*>
      Ескерту: 166, 167, 168 тармақтар алынып тасталынды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      169-170. <*>
      Ескерту: 169-170-тармақтар алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 7 шілдедегі N 206 бұйрығымен .

      171. <*>
      Ескерту: 171-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .
      Ескерту: 171-тармақ алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 7 шілдедегі N 206 бұйрығымен .
 

            172-175. <*>
      Ескерту: 172-175-тармақтар алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 7 шілдедегі N 206 бұйрығымен .

      176-177. <*>
      Ескерту: 176-177-тармақтар өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен , алынып тасталды -  2004 жылғы 7 шілдедегі N 206 бұйрығымен .

      178. <*>
      Ескерту: 178-тармақ алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 7 шілдедегі N 206 бұйрығымен .

      179. Сенімгерлік басқарушы мүлікті пайдаланудан іс жүзінде алынған пайданы шегере отырып, мұрагердің мүлік сақтауға және басқаруға байланысты шығыстары үшін мұрагерден өтем алуға, сондай-ақ екеуінің арасындағы келісіммен анықталған мөлшерде сыйақы алуға құқылы.
      Ескерту: 179-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен , 2004 жылғы 7 шілдедегі N 206 бұйрығымен .

      180-182. <*>
      Ескерту: 180, 181, 182-тармақтар алынып тасталынды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      183. <*>
      Ескерту: 183-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен , алынып тасталды - 2004 жылғы 7 шілдедегі N 206 бұйрығымен .   

6-ТАРАУ
МҰРАҒА ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ КУӘЛІКТЕР БЕРУ

      184. Нотариус мұраның ашылған орны бойынша мұраға құқық туралы куәлік мұрагердің өтініші бойынша беруге міндетті.
      Мұраға құқық туралы куәлік заң бойынша, сонымен бірге өсиет бойынша да беріледі.
      Ескерту: 184-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      185. Мұраға құқық туралы куәлік мұра ашылған күннен бастап алты ай өткеннен кейін беріледі.
      Өсиет бойынша, сондай-ақ заң бойынша мұра қалдырылған кезде, егер нотариуста куәлік алуға өтініш етушілердің арасында тиісті мүлікке не бүкіл мұраға қатысты басқа мұрагерлердің жоқ екендігі туралы сенімді деректері болса, куәліктің мерзім біткенге дейін берілуі мүмкін.
      Мұраға құқық туралы куәлікті берудің бұрын белгіленген мерзімдерінің әрбір нақты жағдайында нотариус басқа мұрагерлердің жоқтығын растайтын құжаттар тізбесін өз бетімен белгілейді.
      Ескерту: 185-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен

      186. Мұраны қабылдаудан бас тарту туралы арызды нотариус мұраның ашылған орны бойынша, ол өзінің мұраға қатыстылығы жөнінде білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап алты айдың ішінде қабылдайды. Дәлелді себептер болған кезде бұл мерзімнің сотпен, бірақ екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
      Нотариус мұрагердің арызын мұраны қабылдаудан бас тарту құқығынан айырылған жағдайда, ҚР АК-нің 1074-бабының 4-тармағымен көзделген, сондай-ақ қамқоршылық пен қорғаншылықта тұрған адамдардың мұрада бас тартуы кезінде қамқоршылық пен қорғаншылық органдары алдын-ала рұқсат бермеген жағдайларда қабылдамайды. ("Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабы)
      Мұраны қабылдаудан бас тарту, өсиет қалдырушы мұрадан айырған мұрагерлерден басқа, өсиет бойынша немесе заң бойынша кез келген кезектегі мұрагерлердің арасынан басқа адамдардың пайдасына жасалуы мүмкін.
      Егер мұрагер өсиет бойынша, заң бойынша да мұраны қабылдауға шақырылатын болса, оның осы негіздер немесе негіздердің екеуі бойынша да мұрадан, сондай-ақ, мұраның қалған бөлігінің мұраға қабылдануына қарамастан, өсім құқығы бойынша өзіне тиесілі мұрадан бас тартуға құқылы.
      Арызды қабылдау кезінде нотариус мұрагерлерге мұраны қабылдаудан бас тарту туралы іс-әрекеттердің тұрлаулылығын түсіндіреді бұл туралы арызда тиісінше жазба жазылады.
      Ескерту: 186-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен

      187. Егер арыз басқа нотариусқа (нотариат органына) берілетін болса, онда мұрагер қолының растығы нотариаттық түрде куәландырылады және арыз иесіне берілетін данаға мұра ашылған орындағы нотариусқа арыз беру тәртібі мен мерзімі түсіндірілгені туралы жазылады.
      Мұрадан бас тарту өтiнiшiндегi қолдың түпнұсқалығын куәландырған нотариус, мұраны жерiнде ашқан нотариусқа бұл фактi туралы хабарлайды
      Ескерту: 187-тармақ толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 7 шілдедегі N 206 бұйрығымен .

      188. Мемлекеттің атынан өсиет бойынша мұраны беру жөніндегі өтінішті мұраның ашылған жері бойынша тиісінше түрде ресімделген сенімхаты бар салық органы береді.
      Ескерту: 188-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      189. Нотариус мұрагерліктен бас тартқаны немесе мұраға құқық туралы куәлікті алу жөніндегі арыздарды жазбаша түрде алады және оларды Нотариаттық іс жүргізу нұсқаулығының талаптарына сәйкес мұралық істі тіркеу кітабы мен есеп жүргізетін алфавиттік кітапқа тіркейді.
      Ескерту: 189-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен , 2002 жылғы 22 қарашадағы N 175 бұйрығымен .

      190. Егер арыз мұрагер қол қойған қол өзінікі екені туралы нотариаттық куәландырылмай нотариусқа пошта арқылы түссе, нотариус арызды қабылдап, оны белгілі тәртіп бойынша тіркейді, бірақ мұрагердің шын мәнінде ресімделген арыз жіберуін, не өзінің нотариусқа келуін ұсынады.

      191. Мұра қалдырушы мен мұраны қабылдаушы мұрагерлер арасындағы туыстық және некелік қатынастар арыз беру кезінде де, сонымен қатар мұраға құқық туралы куәлік берілгенде де тексеріледі.

      192-195. <*>
      Ескерту: 192-195-тармақтар алынып тасталынды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      196. Мұра өсиет бойынша мұралық ету тәртібімен мемлекетке өткенде мұраға құқық туралы куәлік тиісті мемлекеттік (салық) органына табыс етіледі, ол алты ай мерзімнен бұрын берілмеуі тиіс.
      Ескерту: 196-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      197. Заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік бергенде нотариустың тексеретіндері:
      1) мұра қалдырушының қайтыс болу фактісі;
      2) мұраның ашылу уақыты мен орны;
      3) мұрагерлердің мұра қалдырушылармен туыстық және басқадай
қатыстарының барлығы;
      4) мұраға құқық туралы куәлік берілетін мұралық мүліктің
құрамы мен орналасқан жері.
      Ескерту: 197-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      198. Қайтыс болу фактісі мен мұраны ашу уақыты АХАЖ органдарының мұра қалдырушының қайтыс болғаны туралы куәлігімен, оның Ұлы Отан соғысында қаза тапқандығы туралы КСРО-ның, Қазақстан Республикасының және ТМД елдерінің әскери бөлім командованиесінің, госпиталь әкімшілігінің және органдарының берген хабарламасымен, немесе өзге құжаттарымен, арқылы дәлелденеді.
      Қайтыс болу фактісін дәлелдеуге медициналық мекемелер берген дәрігерлік анықтама мен қайтыс болу туралы куәлік, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы майдандарында қаза тапқанынан басқа, әскери бөлімдер мен құрамалардың қаза тапқаны (хабарсыз кеткені) туралы құжаттары қабылданбайды.
      Ескерту: 198-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      199. Мұраның ашылу орны мұра қалдырушының тұрған жері туралы құзыретті орган берген анықтамамен расталады, ал егер тұрған жері белгісіз болса, мұралық мүліктің орналасқан жері немесе оның негізгі бөліктері туралы осы орган берген құжатпен расталады.
      Мұрагерлерде аталған құжаттар болмаса, нотариус мұраның ашылу орнын белгілегені туралы заңды күшіне енген сот шешімін талап етеді.

      200. Заң бойынша мұрагерлікке негіз болып табылатын қатынастарға жататындар:
      1) Туыстық және некелік қатынастар алынып тасталынды;
      2) Мұра қалдырушының асырауында болу.

      201. Мұрагерлердің мұра қалдырушымен туыстық қатынастары:
      1) АХАЖ органдарының куәлігімен;
      2) метрикалық кітаптардан алынған көшірмелермен;
      3) алынып тасталынды ;
      4) туыстық қатынастар фактісін белгілеу туралы заңды күшіне енген сот шешімімен;
      5) алынып тасталынды ;
       Ескерту: 201-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      202. Егер мұрагерлік құқық туралы өзін мұра қалдырушының асырауындағы адаммын деп есептейтін адам сұрайтын болса, онда нотариус кемінде бір жыл уақыт бойы оның қайтыс болғанға дейін мұра қалдырушының асырауында болған болмағанына, сондай-ақ оның мұра ашылғанға дейін еңбекке жарамды, не жарамсыз болғанына қажетті жағдайларды көзін жеткізуі керек.
      Асырауындағы адамның жасына байланысты еңбекке жарамсыздығы - куәлік, туу туралы куәлік; денсаулық жағдайына байланысты еңбекке жарамсыздығы - зейнеткерлік кітапша немесе Сараптау комиссиясының медициналық куәландыру анықтамасы бойынша тексеріледі.
      Ескерту: 202-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      203. Мұрагерлік үшін негіз болып табылатын қатынастар дәлелдемесін беру мүмкіндігінен айырылған мұрагерлер барлық басқа мұрагерлердің жазбаша келісімімен мұраға құқық туралы куәлікке енгізілуі мүмкін. Бұл келісім жазбаша нысанда мұраға құқық туралы куәлік берілгенге дейін мәлім етілуге тиіс.
      Ескерту: 203-тармақ толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      204. Мұралық мүліктің құрамы мен тұрған жерін нотариус мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы және жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін, сондай-ақ мұра қалдырушыға тиесілі болған құнды қағаздар, ақша қаражаттары және с.с. құжаттар негізінде тексереді.
      Тіркеуге жатпайтын мүлік міндетті нотариаттық сақтандыруды қажет етпейді.
      Ескерту: 204-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      205. Егер мұралық жиынтыққа мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы және жылжымайтын мүлік (соның ішінде жарғылық капиталдағы үлестер) кірсе, нотариус құқық белгілеуші құжаттар негізінде, ал жарғылық капиталдағы үлестер құжат (анықтама) бойынша бухгалтерлік құжаттардан көшірме, заңды тұлға құрылтайшыларының (қатысушылардың) жалпы жиналысының хаттамасының көшірмесі негізінде аталған мүліктің мұра қалдырушыға тиесілі екендігін тексереді. Жылжымайтын мүлікке арналған құқық белгілейтін құжаттар туралы мәліметтер мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарда БНАЖ арқылы салыстырылады.
      Ескерту: 205-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің  м.а. 2010.09.30 N 271 бұйрығымен.

      206. Өсиет бойынша мұрагерлік құқық туралы куәлік берілген кезде нотариус мыналарды тексереді:
      1) мұра қалдырушының қайтыс болу фактісі;
      2) өсиет қалдырушы жоймаған өсиеттің бар екендігі;
      3) мұраның ашылу уақыты мен орны;
      4) мұраға құқық туралы куәлік беріліп отырған мұралық мүліктің құрамы мен тұрған жерін;
      5) мұрадағы міндетті үлеске құқығы бар адамдар шеңбері және жұбайлардың жалпы мүлкіндегі орташа үлеске құқығы бар көзі тірі жұбайының бар болуы.

      207. Өсиет қалдырушының қайтыс болу фактісін, мұраның ашылу уақыты мен орнын, мұралық мүліктің құрамы мен тұрған жерін анықтау үшін нотариус осы Нұсқаулықта бұрын аталған құжаттарды талап етеді.

      208. Өсиеттің бар болу фактісін өсиетті куәландырған нотариус (нотариаттық орган) немесе нотариатты куәландырылған өсиетке теңестірілген өсиет сақтауға берілген нотариус дәлелдейді, ол өсиетке оның белгіленген тәртіпте жойылмағандығы туралы белгі қояды.

      209. Нотариус мыналардың негізінде мұрадағы міндетті үлеске және жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске құқығы бар адамдар шеңберін анықтайды:
      1) өсиет бойынша мұрагердің (мұрагерлердің) жазбаша арызы;
      2) мұрадағы міндетті үлеске құқығы бар адамның жазбаша арызы;
      3) жұбайлардың некеде болу кезінде жинаған ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік беру туралы көзі тірі зайыптың жазбаша өтініші;
      4) неке туралы куәлік.

      210. Өсиет мәтінінде мұрагерлердің өсиет қалдырушымен туыстық қатынастары көрсетілсе, осы қатынастарды дәлелдейтін құжаттарды талап ету қажет. Мұндай құжаттарды беру мүмкін болмаған ретте, нотариус оларды көрсетпей-ақ мұрагерлік құқық туралы куәлік беруге құқылы. Бұл жағдайда куәлік мәтінінде туыстық қатынастар көрсетілмейді.

      211. 211-тармақ алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      212. Өсиет бойынша мұрагерлік құқық туралы куәлік берілген барлық жағдайларға өсиет нотариустың істерінде қалады.

      213. Заң бойынша мұрагерлік құқық туралы куәлік тек мұрагер болған (ұсыну құқығы бойынша мұра қалдыру) ата-ананың біреуі мұра ашу уақытында көзі тірі болмаса, мұра мұра қалдырушының немерелеріне және шөберелеріне беріледі. Олар заң бойынша мұра қалдыру кезінде қайтыс болған ата-анаға тиесілі болатын үлесте мұра алады.
      Ескерту: 213-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .
      214. <*>
      Ескерту: 214-тармақ алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      215. Мұраға құқық туралы куәлікті беру кезінде нотариус басқа мемлекеттік кеңселерден және жеке нотариустардан да мұраның ашылған жері бойынша мұрагерлік істің жоқтығы туралы ақпараттық анықтаманы талап етеді.
      Өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәлікті беру кезінде, өсиет басқа нотариуспен куәландырылған жағдайда, нотариус өсиеттің өзгертілмегені және күшінің жойылмағаны туралы мәліметтерді өсиеттің сақталу орнынан талап етеді. Көрсетілген мәліметтер өсиеттің өзінде күні қойыла отырып баяндалуға және құзыретті адамның қолымен және мөрімен бекітілуге тиіс.
      Ескерту: 215-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      216. Егер мұрагерлер мұраны ресімдеу үшін қажетті құжаттарды (құқық белгілейтін құжаттар, туыстықты дәлелдейтін құжаттар және т.б.) нотариусқа көрсету мүмкіндігінен айырылса, нотариус қажетті құжаттарды талап ету жөнінде жәрдемдеседі. Егер тиісті органдарда аталған құжаттар сақталмаса, нотариус мүдделі адамдарға сотқа жүгіну тәртібін түсіндіреді.

      217. Мұраға құқық туралы куәлік (заң бойынша да, өсиет бойынша да) барлық мұрагерлерге бірге не қалауына қарай әрқайсысына жеке-жеке беріледі.

      218. Мұралық мүлікке несие берушілер қойған талаптарды нотариус Мұрагерлік істерді есепке алу кітабына тіркейді.

      219. Заң бойынша да, өсиет бойынша да мұраға құқық туралы куәлік берілген ретте нотариус белгіленген тәртіпте тіркелген жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтары (ауыртпалықтары) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасын талап етеді.
      Өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәлік беру кезінде мемлекетке барлық жағдайларда бағалау актісі (жылжымалы сияқты, жылжымайтын мүлікке де) талап етіледі.
      Ескерту: 219-тармаққа толықтыру, өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен , 2004 жылғы 17 мамырдағы N 136 бұйрығымен .

      219-1. Мұрагер нотариусқа жүгінген сәтте жылжымайтын мүлікке құқық ресімделген не мұра қалдырушының атына ресімдеу сатысында болған, алайда бұл құқықты мұра қалдырушы заңнамада белгіленген тәртіппен тіркемеген жағдайда, нотариус ҚР АК (Ерекше бөлім) 1040-бабына сәйкес, мұрагерге мүліктік емес құқықтан, соның ішінде мұра қалдырушыға меншік құқығын тіркеу үшін реттеуші органға өтініш жасау құқығынан, құрылыстарды пайдалануға беру құқығынан, жер учаскесіне мемлекеттік акт алу үшін уәкілетті органға жүгіну құқығынан және мұра қалдырушының қайтыс болуына қарамастан тоқтатылмайтын басқа да мүліктік емес құқықтар мен міндеттерден тұратын мұралыққа құқығы туралы куәлік береді.
      Ескерту: 219-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 10 тамыздағы N 215 бұйрығымен (бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      220. Мұралық мүліктің белгілі бір бөлігіне қатысты мұраға құқық туралы куәлік алған мұрагерлерге кейінірек бұрын берілген куәлікте көрсетілмеген мүлікке мұрагерлік құқық туралы одан кейінгі куәліктер беріледі.
      Мұраға құқық туралы қосымша куәлік берілген кезде оған мұраны қабылдаған барлық мұрагерлер келіскен жағдайда нотариусқа келген қосымша мұрагерлер де енгізілуі мүмкін.
      Қосымша куәлік берілген кезде бұрын берілген куәлікке қосылған құжаттар қайтадан талап етілмейді.

      221. Кәмелетке толмаған немесе әрекет қабілеті жоқ (әрекет қабілеті шектеулі) адамға мұраға құқық туралы куәлік берілген кезде (заң бойынша да, өсиет бойынша да) нотариус осы куәліктің көшірмесін мұрагердің тұратын жеріндегі қамқоршы және қорғаншы органға оның мүліктік мүдделерін қорғау үшін хатпен қоса жолдайды.

      222. Мұраны беруден бас тарту туралы және мұраға құқық туралы куәліктер беру туралы арыздар негізінде мұрагерлік іс қозғалады және реттік нөмір беріледі. Одан кейін басқа мұрагерлер (соның ішінде қосымша) мен несие берушілер берген арыздар да Мұрагерлік істерді есепке алу кітабында тіркеледі. Барлық арыздарда мұралық іс нөмірін және бірінші келіп түскен өтінішке берілген нөмір сақталады.
      Ескерту: 222-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      223. Мұралық істе мұрагерлердің мұраға құқық туралы куәлік беруі үшін ұсынған қажетті құжаттары болады.

7-ТАРАУ
ЖҰБАЙЛАРДЫҢ ЖӘНЕ ОРТАҚ БІРЛЕСКЕН МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
НЕГІЗІНДЕ МҮЛКІ БАР БАСҚА АДАМДАРДЫҢ ОРТАҚ МҮЛІКТЕРІ
ҮЛЕСКЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ КУӘЛІКТЕР БЕРУ

      224. Мүлкі ортақ бірлескен меншікте тұрған адамдардың бірлескен жазбаша арызы бойынша нотариус ортақ мүліктегі үлесті алуды қалаған адамға немесе адамдарға осындай үлеске меншік құқығы туралы куәлік береді.

      225. Жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік берген кезде нотариус мыналарды талап етеді:
      1) неке қатынастарын куәландыратын құжат (неке туралы куәлік);
      2) ортақ бірлескен меншік режимінен ерекшеленетін, мүліктің өзге режимін белгілейтін неке келісімінің бұрын олардың арасында жасалғандығы туралы жұбайлардың арызы;
      3) алынып тасталынды
      4) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасы;
      5) автомотокөлік құралдарына техникалық төлқұжат (тіркеу туралы куәлік және т.б.), кеме куәлігі және т.б.
      6) жұбайлар мүлкінің құрамы мен мөлшерін растайтын өзге де құжаттар (тұрғын үй-құрылыс, тұрғын үй және өндірістік кооперативтердегі жинақтар, ақша салымдары, шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық капиталдарындағы үлестер).
      Мүлікті бағалау актісі бұл жұбайлар арасындағы келісімде айқындалған жағдайда талап етіледі.
      Ескерту: 225-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен , 2004 жылғы 17 мамырдағы N 136 бұйрығымен .

      226. Көзі тірі жұбайына жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске құқық туралы куәлік берген кезде нотариус осы Нұсқаулықтың 225-тармағында аталған құжаттардан басқа қайтыс болу туралы куәлікті талап етеді.

      227. Жұбайлардың бірі қайтыс болған жағдайда жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлікті мұра ашылған жердегі нотариус көзі тірі жұбайдың жазбаша өтініші бойынша мұраны қабылдаған мұрагерлер мұндай куәліктің берілуіне қарсы болмаған жағдайда ғана, мұрагерлік құқық туралы куәлік берілгенге дейін бір уақытта сонымен бірге бере алады.
      Егер көзі тірі жұбай мұраға құқық туралы куәлік берілген соң жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік беру жөнінде жүгінсе, нотариус оған сотқа бару тәртібін түсіндіреді.

      228. Жұбайлардың бірі қайтыс болған жағдайда жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік беру туралы көзі тірі жұбайдың арызын алған жағдайда, нотариус қайтыс болған жұбайдың мұраны қабылдаған мұрагерлеріне почта арқылы хабар жолдайды, онда көзі тірі жұбайдың үлесіне меншік құқығы туралы куәлік беруді өтінген жұбайлардың ортақ мүлкінің құрамы көрсетіледі, сондай-ақ осындай куәлік беру туралы наразылықтар болған ретте сотқа жүгіну тәртібі түсіндіріледі.
      Мұрагерлердің қатарында әрекет қабілеті жоқ (әрекет қабілеті шектеулі) азаматтар болған жағдайда хабар қамқоршы және қорғаншы органға да жолданады.

      229. Егер қайтыс болған жұбайдың мұрагерлері нотариусқа өздері келсе, оларға нотариус осы Нұсқаудың 229-бабында аталған жағдайлар туралы ауызша түрде хабарлайды, бұл жөнінде жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік беру жөніндегі көзі тірі жұбайлардың арызына мұрагердің қолы қойылып, белгі соғылады.

      230. Егер хабарда көрсетілген, бірақ заңда белгіленген мерзімнен аспайтын мерзімде мүдделі адамдардың наразылықтары немесе жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік беруді уақытша тоқтату туралы сот ұйғарымы келіп түспесе, нотариус көзі тірі жұбайға аталған куәлікті береді.

      231. Егер неке шарты өзгеше белгіленбесе, жұбайлар ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік көзі тірі жұбайға неке уақытында алынған ортақ мүліктің жартысынан аспайтын бөлігіне беріледі.

      232. <*>
      Ескерту: 232-тармақ алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен

      233. Жекешелендірілген тұрғын үйдегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік берген кезде нотариус мыналарды талап етеді:
      1) белгіленген тәртіппен тіркелген құқық белгілеуші құжат;
      2) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасы;
      3) алынып тасталды ;
      4) егер жекешелендіру туралы шартқа кәмелетке толмаған балалар қосылса, қамқоршы және қорғаншы органдардың келісімі.
      Ескерту: 233-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігінің 2004 жылғы 17 мамырдағы N 136 бұйрығымен

      234. Шаруа (фермерлік) қожалығындағы үлеске меншік құқығы туралы куәлік берген кезде нотариус мыналарды талап етеді:
      1) шаруа (фермерлік) қожалығын бірлесіп жүргізетін адамдар шеңберін растайтын шаруашылық кітаптан алынған көшірме;
      2) белгіленген тәртіппен тіркелген, жылжымайтын мүлікке (тұрғын үй, жер учаскесі және т.б.) құқық белгілеуші құжаттар;
      3) белгіленген тәртіппен тіркелген ауылшаруашылық техникасына техникалық құжаттама және осы техниканы бағалау актісі.

      235. Егер мүдделі адамдар шаруа (фермерлік) қожалығы мүлкінің құрамында жұмыс малын, құсты, көп жылдық көшеттерді, тұқым қорын, астықты, егістіктерді, басқа мүлікті, сондай-ақ шаруа (фермерлік) қожалығының шаруашылық қызметі нәтижесінде алынған басқа да өнімді атаса, онда мұндай мүлікті нотариус тараптардың келісімі бойынша бағалайды, не олардың қалауы бойынша бағалаушы-маман тізімдеме жасай отырып жүргізеді.

      236. Мүлікті иеліктен алуға тыйым салынған жағдайда, куәліктердің барлық түрлері тек несие берген банктің (заңды тұлғаның) не кепіл ұстаушының рұқсатымен беріледі.
      Сот немесе тергеу органы салған тыйым болған жағдайда, куәлік беру тыйым жойылғанға дейін уақытша тоқтатылады.

      237. Жұбайлардың немесе ортақ бірлескен меншік құқығында мүлкі бар басқа адамдардың ортақ бірлескен меншігіндегі үлеске құқық туралы куәлік құқық белгілейтін дербес құжат болып табылады. Сондықтан осындай куәліктер беру кезінде мүлікке құқық белгілейтін құжаттар алынып тасталады және олар нотариуста қалады.
      Құқық белгілеуші құжат (куәліктің берілгені туралы белгісі бар) нотариус жұбайлардың бірлескен меншігінде тұрған мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік бергенде және оларға қоса мүліктің меншік иелері құрамында үлестері аталған жағдайда айқындалмайтын басқа адамдар болғанда ғана қайтарылады. Бұл ретте нотариустың iстерiнде құқық белгілейтiн құжаттың көшiрмесi қалады.
      Ескерту: 237-тармақ толықтырылды - ҚР Әділет министрінің   2002 жылғы 22 қарашадағы N 175 бұйрығымен .     

      238. Нотариус қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы куәліктің белгіленген тәртіппен тіркелуге тиіс екендігін түсіндіреді.

      239. Тұрғын үйге (саяжайға), үйдің (саяжайдың) бөлігіне пәтерге меншік құқығы туралы куәлік олардың тұрғын жері бойынша беріледі.

8-ТАРАУ
МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУҒА ТЫЙЫМ САЛУ ЖӘНЕ ТЫЙЫМДЫ ЖОЮ

      240. Мүлікті кепілге алып несие беру туралы банктің немесе заңды тұлғаның хабары бойынша, сондай-ақ кепіл туралы шартты ресімдеу кезінде аталған жылжымалы және жылжымайтын мүлік тұрған жердегі нотариус осы мүлікті иеліктен алуға тыйым салады. Мүлікті иеліктен алуға тыйым салу туралы нотариус жазбаша түрде жылжымалы және жылжымайтын мүлікті тіркеу органдарына хабарлайды.

      241. Тыйым салу банктің немесе заңды тұлғаның несие беру хабарламасына бұл туралы белгіленген нысанда жазу түсіру жолымен жүргізіледі. Тыйым салу туралы нотариустың жазуы бар хабарламаның бір данасы тиісті тіркеу органына, бір данасы - тиісті банкке немесе заңды тұлғаға, хабарламаның бір данасы нотариаттық кеңсенің істерінде қалады.

      242. Тіркеуге жататын мүлік кепілдігі туралы шарт бойынша тыйым салу кепіл туралы шартта бұл туралы жазу түсіру жолымен жүргізіледі. Кепіл туралы шарт бойынша тыйым салу туралы нотариус мүлікті тіркейтін органына хабарлайды.
      Ескерту: 242-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен

      243. Барлық жағдайларда тыйым салу жеке құжат жасау жолымен жүзеге асады, бұл құжат хабарламаға не кепіл туралы шартқа тігіледі.

      244. Иеліктен алуға тыйым салу нотариаттық әрекеттерді тіркеуге арналған тізілімде , тыйым салу тізілімінде тіркеледі, сондай-ақ тыйым салуды есепке алудың алфавиттік кітабына енгізіледі. Мүлікке иелік етуге шектеу салу туралы мәлімет БНАЖ-не енгізіледі.
      Нотариус несие берген ұйымнан несиенің өтелгені немесе кепіл туралы шарттың тоқтағаны туралы хабарлама алған жағдайда мүлікті иеліктен алуға салынған тыйымды алып тастайды.
      Ескерту: 244-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің  м.а. 2010.09.30 N 271 бұйрығымен.

      245. Алынған несиенің өтелгендігі туралы банк хабарламасы немесе кепіл шартының тоқтатылғандығы туралы кепіл ұстаушының хабарламасы алынған соң нотариус иеліктен алуға салынған тыйымды жояды, бұл туралы жылжымалы және жылжымайтын мүлікті тіркеу органдарына жазбаша түрде хабарланады және нотариаттық әрекеттерді тіркеуге арналған тізбеде тыйымды алып тастау туралы белгі қойылады.

9-ТАРАУ
ҚҰЖАТТАРДЫҢ КӨШІРМЕЛЕРІ МЕН ОЛАРДАН АЛЫНҒАН
ҮЗІНДІЛЕРДІҢ ДҰРЫСТЫҒЫН КУӘЛАНДЫРУ

      246. Нотариус құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын егер ол Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмеген және заңдық мәні болған жағдайда куәландырады.
      Нотариус заңды мағынасы жоқ жеке хаттарды, монографияларды, мақалаларды, кiтаптарды, газеттiк шығарылымдарды және де нормативтiк құқықтық актiлердiң және басқа да құжаттардың көшiрмесiнiң дұрыстығын куәландыруға құқығы жоқ.
      Ескерту: 246-тармақ толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен , 2004 жылғы 7 шілдедегі N 206 бұйрығымен .

      247. Өсиеттің көшірмесінің дұрыстығы өсиет қалдырушының қайтыс болғаны туралы куәлік көрсетілген кезде ғана куәландырылады.

      248. Нотариус құжаттың көшірмесінің дұрыстығын күші тоқтатылған құқық қатынастары баяндалған деген негізбен (мысалы, мерзімі өтіп кеткен сенімхат көшірмесін) куәландырудан бас тартуға құқылы емес.

      249. Нотариус тазартылған, қосымша жазу жазылған, сызып тасталған сөздері, сондай-ақ ескертілмеген өзге де түзетулері бар құжаттың, немесе егер құжат қарындашпен жазылса, мәтіні түсініксіз болса, тиісті түрде нөмірленбеген, бауланбаған және бекітілмеген бірнеше бетке жазылса, немесе мөрдің бедерлемесі анық емес, өшіріліп қалған құжаттың көшірмесінің дұрыстығын куәландыруға құқылы емес.

      250. Нотариалды куәландырылған көшірмеде түпнұсқа құжаттың дәлме-дәл мәтіні болуға, лауазымды адамдардың қолдарының бар екендігі көрсетілуге, сондай-ақ құжат бекітілген мөрдің нақты мәтіні болуға тиіс. Көшірмеде нотариустың куәландыру жазбасы, оның қолы және мөрдің бедерлемесі қойылады.

      251. Бірнеше бетке жазылған құжат көшірмесі осы Нұсқаулықтың 37-тармағының ережелері сақталып жасалуға тиіс.

      252. Нотариус шетел мемлекетінің ресми мекемелері берген құжаттың көшірмесінің дұрыстығын куәландыруды құжатта ресмилендіру туралы белгі болғанда ғана жүргізеді. Егер Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеті арасында тиісті келісім болған жағдайларда құжатты ресмилендіру немесе апостиль талап етілмейді. Z990011
      Ескерту: 252-тармақ толықтырылды - ҚР Әділет министрінің   2002 жылғы 22 қарашадағы N 175 бұйрығымен .

      253. Құжаттан алынған көшірменің дұрыстығы көшірме жасалатын құжатта өзара байланысты емес жеке-жеке мәселелердің шешімі болған жағдайда куәландырылады. Көшірмеде құжаттың белгілі бір мәселе бойынша бөлігінің толық мәтіні қайталануға тиіс. Бірнеше жеке-жеке, бірақ өзара байланысты бір тұлғаға қатысты (жеке де, заңды да) мәселелері бар құжаттан алынған жазулардың дұрыстығы куәландырылмайды.

      254. Азамат берген құжат көшірмесінің дұрыстығы жеке тұлға қолының дұрыстығын заңда белгіленген тәртіппен нотариус немесе нотариаттық іс-әрекет жасауға заңмен өкілеттік алған лауазымды тұлға куәландырған жағдайда куәландырылады.

      255. Құжаттың көшірмесінен алынған көшірменің дұрыстығы бұрын нотариаттық тәртіпте куәландырылған болса және оны түпнұсқа құжатты берген заңды тұлға ғана куәландырылады.
      Соңғы жағдайда құжаттың көшірмесі аталған заңды тұлғаның бланкісінде жасалуға, оның мөрімен бекітілуге және оның түпнұсқа құжат құжатты берген заңды тұлғада жатыр деген белгісі болуға тиіс.

      256. Құжаттың көшірмесінен алынған көшірмені куәландыру тәртібі құжаттың көшірмесін куәландыру ережелеріне ұқсас. Бұл ретте көшірмеден алынған көшірменің дұрыстығы онда арнайы нысандағы куәландыру жазуын жазу жолымен куәландырылады. Тізілімде құжаттың мазмұны мен деректемелері, сондай-ақ көшірмені алғаш куәландырған орган туралы жазу жазылуға тиіс.

10-ТАРАУ
ҚҰЖАТТАРДАҒЫ ҚОЛДАРДЫҢ ТҮПНҰСҚАЛЫҒЫН КУӘЛАНДЫРУ

      257. Нотариус мазмұны заң актілеріне қайшы келмейтін және құжаттағы қолдың түпнұсқалығын куәландырады.
      Ескерту: 257-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .
      258-259. <*>
      Ескерту: 258, 259-тармақтар алынып тасталынды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      260. Нотариаттық әрекет жасату үшін нотариусқа арызды өзі берген адам қолының дұрыстығы арыз берумен қатар (жұбайының мүлікті иеліктен шығаруға келісім беруі және т.б.) арыз берушінің жеке басы анықталады, ал оның қолының дұрыстығы жеке басын куәландыратын құжат негізінде тексерілді деген нотариустың қол қоюымен (тізбеде тіркелмей) куәландырылады.
      Нотариус құжатта 14 пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандардың қолының дұрыстығын ата-аналарының бiреуiнің (асырап алушының, қамқоршының) қатысуымен, ал әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi адамдардың - қамқоршылардың келiсiмiмен куәландырады.
      Ескерту: 260-тармақ толықтырылды, өзгертілді - ҚР Әділет министрінің   2002 жылғы 22 қарашадағы N 175 бұйрығымен , 2004 жылғы 7 шілдедегі N 206 бұйрығымен .

      261. Өсиетті жою, сенімхатты жою туралы, мұрадан бас тарту, өсиетті орындаушының келісімі туралы, бірге иемденушіні тұрғын үйдің (пәтердің) бөлігін сату туралы хабардар ету туралы арыздар міндетті нотариаттық куәландыруға жатады.

      262. Азаматтың құжатқа қойған қолының дұрыстығын куәландыра отырып, нотариус құжатта жазылған фактілерді куәландырмайды, ол тек қолды белгілі бір адамның қойғанын растайды. Қолдардың дұрыстығын куәландыру кезінде нотариус осы Нұсқаулықтың 16 17 -тармақтары бойынша азаматтардың әрекетке қабілеттілігін анықтайды
      Ескерту: 262-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігінің 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 13 бұйрығымен .

      263. Егер құжатта куәландыру құқығы мемлекеттік органға берілген жағдайлар көрсетілген болса (мәселен, туу, неке қию, қайтыс болу уақыты және т.б.), азаматтың құжатқа қойған қолының дұрыстығы куәландырылмайды.
      Ескерту: 263-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      264. Банкке ұсынылатын, қолдардың үлгілері мен заңды тұлға мөрінің үлгісі бар карточкалардағы заңды тұлғалар лауазымды адамдары қолдарының дұрыстығын куәландыру кезінде нотариус заңды тұлғаның құқық қабілеттілігін, сондай-ақ қолдың дұрыстығын және лауазымды адамның қол қою өкілеттіктерін тексереді.
     Қол қою құқығына заңды тұлғаның құқық қабілеттілiгiн және лауазымды адамның өкiлеттiгiн растайтын құжаттардың көшiрмесi нотариуста қалады.
      Ескерту: 264-тармақ толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қарашадағы N 175 бұйрығымен .

11-ТАРАУ
ҚҰЖАТТАРДЫҢ БІР ТІЛДЕН ЕКІНШІ ТІЛГЕ АУДАРМАСЫНЫҢ
ДҰРЫСТЫҒЫН КУӘЛАНДЫРУ

      265. Егер нотариус тиісті тілдерді білген жағдайда, ол бір тілден екінші тілге жасалған аударманың дұрыстығын куәландырады.

      266. Егер нотариус құжат жазылған тілді немесе құжаттың оның ішінде нотариаттық куәландырылған мазмұнын аудару қажет болған тілді білмесе аударманы аудармашы жасауы мүмкін.
      Бұл ретте нотариус осы Нұсқаулықтың 14-тармағының талаптарына сәйкес, және аудармашының өкілеттігін тексереді жеке басын анықтайды.
      Аудармашының өкілеттігі оның біліктілігін растайтын (білімі туралы диплом, аудармашы қызметіне қабылданғаны туралы бұйрық және т.б.) құжат бойынша тексеріледі.
      Ескерту: 266-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      267. Егер аударманың дұрыстығын куәландыру үшін шетел мемлекетінің ресми мекемелері берген құжат ұсынылса, мұндай нотариаттық әрекет құжатта оның ресмилендірілгендігі немесе апостилi туралы белгі болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
      Ескерту: 267-тармақ толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қарашадағы N 175 бұйрығымен .

      268. Егер нотариаттық әрекет жасау кезінде (мәмілені куәландыру, көшірменің дұрыстығын куәландыру және т.б.) бір мезгілде басқа тілге аудару да жүзеге асырылса, онда аударма түпнұсқамен бір бетте жазылады, түпнұсқа оң жақта, аударма сол жақта тұратындай етіп тік сызықпен сызылған бір бетте аударма түпнұсқамен бірге, екі мәтін қатар орналастырылады. Аударма аударылатын құжаттың бүкіл мәтінінен жасалуға (соның ішінде куәландыру жазуы, құжатты ресмилендіру туралы жазба және т.б.) және қойылған қолдармен аяқталуға тиіс. Аударма астына аудармашының қолы қойылады. Куәландыру жазбасы құжат мәтінінің және оның аудармасының астына жазылады.
      Нотариус бір тілден екінші тілге аударманың дұрыстығын және онда қойылған қолдардың түпнұсқалығын, заңның, соның ішінде осы Нұсқаулықтың 249 255 257 262 -тармақтарының қағидалары бойынша талаптарға сәйкес келетінін куәландырады.
      Газет басылымдарының, кітаптардың, мақалалардың, монографиялардың, Қазақстан Республикасының заңдары мен заңға тәуелді актілерінің аудармаларымен нотариаттық әрекеттер жасау авторлық құқықтар сақтала отырып және заңмен белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      Құжатты шет тілден орыс тіліне аударудың дұрыстығын куәландыру кезінде аударма жеке парақта жасалады және түпнұсқа құжатпен бірге (тууы туралы, неке туралы куәліктерден, төлқұжаттардан, сондай-ақ әр түрлі куәліктерден, кредиттік карточкалардан, автокөлік құралдарына жүргізушілік құқықтары мен техникалық төлқұжаттарынан басқа) осы Нұсқаулықтың 37-тармағында көзделген тәртіппен тігіледі.
      Түпнұсқадан бөлек мәтінде орналастырылған аударма түпнұсқа құжатқа бекітіледі, нөмірленеді, бауланады және нотариустың қолымен және оның мөрімен бекітіледі.
      Ескерту: 268-тармақ толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

12-ТАРАУ
АЗАМАТТЫҢ ТІРІ ТАБЫЛУ ФАКТІСІН КУӘЛАНДЫРУ

      269. Нотариус мүдделі (жеке де, заңды да) тұлғалардың жазбаша арызының негізінде азаматтың тірі табылу фактісін куәландырады.

      270. Жеке адамның тірі табылу фактісі адамның нотариаттық органға келуі жағдайында да, нотариустың бұл фактіні нотариаттық кеңседен тыс жерде куәландыруы жағдайында да белгіленеді.

      271. Жеке тұлғаның тірі табылу фактісін белгілеу үшін нотариустың оның жеке басын жеке басты куәландыратын құжат бойынша тексеруі жеткілікті.

      272. Кәмелетке толмаған адамның тірі табылу фактісін куәландыру оның заңды өкілдерінің (ата-анасының, асырап алушыларының, қамқоршыларының, қорғаншыларының), сондай-ақ кәмелетке толмағанды қорғауына алған мекемелер мен ұйымдардың өтініші бойынша жүргізіледі. Кәмелетке толмаған адамның жеке басы оның заңды өкілдерінің сөзі бойынша белгіленеді.
      Нотариус кәмелетке толмағанның жеке басын анықтау бойынша қосымша шаралар (көршiлерден, мұғалiмдерден және т.б. сұрау) қолдануы мүмкiн.
      Ескерту: 272-тармақ толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қарашадағы N 175 бұйрығымен .

      273. Азаматтың тірі табылу фактісін растау түрінде мүдделі адамдарға куәлік беріледі. Бұл куәліктің бір данасы нотариаттық органның (нотариустың) істерінде сақталады.

13-ТАРАУ
АЗАМАТТЫҢ БЕЛГІЛІ БІР ЖЕРДЕ ТАБЫЛУ ФАКТІСІН
КУӘЛАНДЫРУ

      274. Нотариус мүдделі (жеке немесе заңды) тұлғалардың жазбаша арызы бойынша жеке адамның белгілі бір жерде табылу фактісін куәландырады.

      275. Азаматтың белгілі бір жерде табылу фактісі оның нотариаттық органға келуі жағдайында да, бұл фактіні нотариус нотариаттық кеңседен тыс жерде куәландырған жағдайда да белгіленеді.
      Кәмелетке толмаған адамның белгілі бір жерде табылу фактісін куәландыру оның заңды өкілдерінің (ата-анасының, асырап алушыларының, қамқоршыларының, қорғаншыларының), сондай-ақ кәмелетке толмағанды қамқорлығына алған мекемелер мен ұйымдардың өтініші бойынша жүргізіледі.

      276. Азаматтың белгілі жерде табылу фактісін белгілеу үшін нотариус оның жеке басын жеке басты куәландыратын құжат бойынша анықтайды. Кәмелетке толмағанның жеке басы осы Нұсқаулықтың 14-тармағына сәйкес анықталады.
      Ескерту: 276-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігінің 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 13 бұйрығымен .

      277. Аталған фактіні растау түрінде мүдделі адамдарға куәлік беріледі. Куәліктің бір данасы нотариаттық органның (нотариустың) істерінде қалады.

14-ТАРАУ
ҚҰЖАТТАРДЫҢ КӨРСЕТІЛУ УАҚЫТЫН КУӘЛАНДЫРУ

      278. Нотариус құжаттардың көрсетілу уақытын жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша арызы негізінде куәландырады.

      279. Көрсетілу уақытын куәландыру жүзеге асырылатын құжаттар әртүрлі болуы мүмкін - өнертабысты сипаттау, басқа ғылыми және әдеби шығармалар, іссапар куәліктері және т.б.

      280. Құжаттарды көрсетілу уақытын куәландыру кезінде нотариус жеке тұлғаның жеке басын, не құжатты ұсынған заңды тұлға өкілінің өкілеттіктері мен жеке басын анықтайды.

      281. Көрсетілген уақытын куәландыру қажет құжат нотариусқа кемінде үш данада беріледі. Егер үш түпнұсқа дананы беру мүмкін болмаса, онда нотариус осы құжаттың көшірмесінің дұрыстығын куәландырады (нотариатты түрде немесе жай қол қою арқылы) және әрбір данада берілген уақыты туралы куәландыру жазуын жазады. Мұнда түпнұсқаны қоса отырып екі дананы, қажет болған жағдайда бір дананы тиісті адресатқа жолдау мүмкіндігі болу үшін мүдделі адамға береді, бір данасы нотариаттық органның (нотариустың) істерінде қалады.

     282. Егер нотариусқа бір мезгілде бірнеше құжат берілсе, куәландыру жазуы олардың әрқайсысына жазылады.    

15-ТАРАУ
ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ АРЫЗДАРЫН БАСҚА ЖЕКЕ
ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА БЕРУ

      283. Нотариус жеке және заңды тұлғалардың арыздарын басқа жеке және заңды тұлғаларға береді.

      284. Арыздарды беруді нотариус қолхат алу арқылы дербес немесе кері хабар беру арқылы почтамен жүзеге асырады. Арыздар телефакс, компьютер жүйелерін және өзге техникалық құралдарды пайдалану арқылы берілуі мүмкін.
      Арыздарды беру үшін техникалық құралдарды пайдалануға байланысты шығындарды нотариаттық әрекетті жасауды өтінген адам төлейді.

      285. Арызды беру фактісі арыздың мәтініндегі нотариустың қолымен де, арызды беру туралы куәлік беру арқылы да белгіленеді.
      Куәлікте арызға алынған жауаптың мазмұны немесе белгіленген мерзімде жауаптың түспегендігі туралы мағлұматтар көрсетілуі мүмкін.

      286. Арыздар жолдау және арыздардың жолданғандығы туралы куәліктер беру нотариаттық әрекеттерді тіркеуге арналған тізбеде тіркеледі.

      287. Арыз бен куәлік 3 данада ресімделеді, олардың бірі адресатқа жолданады, бірі тиісті арыз бен куәліктің адресатқа жолданғандығы туралы белгімен жолдаушыда қалады, ал бірі нотариустың істерінде қалады.

16-ТАРАУ
АҚШАЛАРДЫ ДЕПОЗИТКЕ ҚАБЫЛДАУ

      288. Заңдарда көзделген жағдайларда нотариус ақшаларды несие берушіге беру үшін оларды борышқордан депозитке қабылдайды.

      289. Депозитке ақша қабылдау кезінде нотариус борышкердің жеке басын анықтайды және оған ҚР нотариустарының депозиттік операциялар есебінің тәртібі туралы Нұсқаулық қағидаларына сәйкес ақша жарнасы жөніндегі түбіртекті береді.
      Борышкердің өтініші бойынша ақша жарнасы жөніндегі жазудың берешекті белгілейтін құжатта жазылуы мүмкін.
      Ескерту: 289-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      290. Өз органының депозитіне міндеттеме затын (ақшалар) қабылдай отырып, нотариус жарна негіздерін, яғни несие беруші құқықтарының және борышқор міндеттерінің пайда болу негіздерін тексермейді.

      291. <*>
      Ескерту: 291-тармақ алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      292. Жарнаның түскендігі жөнінде нотариус несиелерге (депонентке) хабарлайды. Депоненттің арызы бойынша депозиттен ақша беруді жүргізеді.
      Депоненттің жеке басын анықтау туралы жазуды оның жеке басын куәландыратын құжат деректемелерін көрсете отырып, нотариус арызда жазады, сондай-ақ депозиттік ақшаны алуға оның құқығын растайтын құжаттың (мұраға құқық туралы куәлік, сенімхат және б.) атауы көрсетіледі.
      Ақша заңды тұлғаларға төлемдік тапсырмалармен олардың шоттарына аударылады.
      Ескерту: 292-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен

      293. Егер борышқор несие берушінің мекен-жайын (тұрған жерін) көрсетпесе, ал нотариусқа бұл мекен-жай белгісіз болса, борышқорға несие берушіге ақша жарнасы туралы хабар беру оның міндетіне жататындығы хабарланады.

      294. Егер ақшалар нотариаттық органға почтамен немесе несие мекемесінен келіп түссе, онда түскен ақшалардан тиісті мемлекеттік баж салығы ұсталып қалады (жекеше нотариустың нотариаттық әрекеттеріне ақы), ал қалған депозитке қабылданады.

      295. Ақшаларды депозитке қабылдау міндеттемені орындау жерінде, яғни несие беруші - жеке тұлға міндеттеме пайда болған сәтте тұрақты немесе көбінесе тұратын жерде жүргізіледі. Заңды тұлға үшін бұл жер мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте аталған оның органының орналасқан жері болып табылады.
      Ескерту: 295-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .

      296. Ақшаларды депозитке енгізген адамға қайтаруға тек несие берушінің жазбаша келісімімен немесе заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жол беріледі.
      Ақшаны қайтару туралы нотариустың депозитiне ақша салған жеке және заңды тұлғалардың талаптары осы Нұсқаулықтың 23-тармағының талаптарына сәйкес жазбаша білдірілуге тиіс.
      Ескерту: 296-тармақ толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен , 2004 жылғы 7 шілдедегі N 206 бұйрығымен .

      297. Ақшаны есепке алу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.

      297-1. Нотариустың депозиттiк есебiндегi ақша нотариустың табысы болып табылмайды.
      Ескерту: 297-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің   2002 жылғы 22 қарашадағы N 175 бұйрығымен .

17-ТАРАУ
ОРЫНДАУ ҚАҒАЗДАРЫН ЖАЗУ

      Ескерту: 17-тарау (298-309 тармақтар) алынып тасталынды - ҚР Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен .   

18-ТАРАУ
ВЕКСЕЛЬДЕР НАРАЗЫЛЫҚТАРЫН ЖАСАУ

      310. Төлемеу, акцептемеу және акцепті даталамауда вексель наразылығын нотариус Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүргізеді.

      311. Акцептемеу, төлемеу, сондай-ақ акцепті даталамау (қарапайым болсын, аудармалы болсын) туралы наразылықты нотариус оған вексель берілген сәттен бастап бір күн ішінде, оған акцептемеу, төлемеу немесе акцепті даталамау фактісін куәландыратын тиісті жазу жолымен жүргізеді.

      312. Егер аудармалы вексельде оның акцептелуі туралы ескерту болса, онда вексельдің акцептелуі жағдайында вексель бойынша төлемеу туралы наразылық атқарушы құжат әрі оны төлеушінің шотынан өндіріп алу үшін негіз болып табылады. Бұл ереже қарапайым вексельді ұстаушыға да қолданылады.

      313. Вексельдерге төлемеу наразылығын төлеуші тұратын жердегі немесе төлеу орнындағы нотариус, ал акцептемеу және даталамау жөніндегі вексель наразылығын - төлеуші орналасқан жердегі нотариус жүргізеді.

      314. Наразылыққа вексель қабылдау күнінде нотариус төлеушіге немесе вексель ұстаушыға вексель төлемі немесе акцепті туралы талаптар қояды.
      Егер төлеуші аудармалы вексельде акцепт туралы белгі жасаса, вексель вексель ұстаушыға наразылықсыз қайтарылады.
      Төлеуші вексельді төлеуден немесе акцептеуден бас тартқан немесе нотариаттық кеңсеге келмеген жағдайда, нотариус Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен белгіленген нысан бойынша төлемеу немесе акцептемеу жөніндегі наразылық туралы акт жасайды және тізілімде тиісті жазу, сондай-ақ вексельдің өзінің төленбегені немесе акцептелмегені туралы белгі қояды.

      315. Егер төлеушінің орналасқан жері белгісіз болса, вексель наразылығы наразылық туралы актіде және тізілімде төлем немесе вексельді акцептемеу туралы талапты ұсынбай жасалады. Наразылық білдірілген вексель вексель ұстаушыға немесе ол өкілеттеген адамға беріледі.

19-ТАРАУ
ҚҰЖАТТАРДЫ ЖӘНЕ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ
САҚТАУҒА ҚАБЫЛДАУ

      316. Нотариус құжаттар мен бағалы қағаздарды сақтауға жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша арызы негізінде қабылдайды.

      317. Нотариустар сақтауға тапсырылатын құжаттар мен бағалы қағаздарды олардың мазмұнына, сондай-ақ белгілі адамға (адамдарға) тиесілігіне қарамастан қабылдайды. Мұндай нотариус құжаттар мен бағалы қағаздарды сақтау нәтижесінде үшінші адамдарға келтірілген зиян үшін жауап бермейді.

      318. Құжаттар немесе бағалы қағаздар тізімдеме бойынша тапсырылады, тізімдеме екі данада жасалады және оған құжаттарды сақтауға тапсырған адам, сондай-ақ нотариус мөрін басып қол қояды. Егер тізімдеме бір беттен артық бетке жазылса, тізімдеме беттері нөмірленуге, баулануға және нотариус қолымен және мөрімен бекітілуге тиіс.

      319. Тізімдеменің бір данасы нотариуста қалады, екінші құжаттарды немесе бағалы қағаздарды сақтауға тапсырған адамға беріледі.

      320. Мүдделі адамның өтініші бойынша нотариус, егер құжаттар немесе бағалы қағаздар тиісті түрде буып-түйілсе (бума нотариустың қолымен және мөрімен, сондай-ақ құжаттарды немесе бағалы қағаздарды сақтауға тапсырған адамның қолымен бекітіледі), оларды тізімдеме жасамай қабылдай алады. Бұл жағдайда нотариус тек буманың сақталуы үшін жауап береді.

      321. Қабылданған құжаттар немесе бағалы қағаздар аталған нотариаттық әрекет жасаған нотариаттық органның (нотариустың) мөрімен хатталған темір шкафтарда немесе сейфтерде жеке пакеттерде сақталады.

      322. Құжаттардың немесе бағалы қағаздардың сақтауға қабылданғандығы жөнінде нотариус мүдделі адамдарға тиісті куәлік береді. Куәліктің бір данасы нотариустың істерінде сақталады.

      323. Құжаттардың немесе бағалы қағаздардың сақталу мерзімі мүдделі адамның арызында көрсетілген мерзім негізінде айқындалады және құжаттарды немесе бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау туралы нотариус беретін куәлікте көрсетіледі.
      Нотариус құжаттардың куәлікте аталған мерзім ішінде құжаттардың сақталуы үшін жауап береді.

      324. Құжаттарды немесе бағалы қағаздарды сақтау үшін және куәлік беру үшін мүдделі адамдар мемлекеттік нотариустарға мемлекеттік баж салығы ставкалары бойынша, жекеше нотариустарға - Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген мемлекеттік баж салығының мөлшеріне сәйкес ставкалар бойынша ақы төлейді.
      Егер құжаттарды немесе бағалы қағаздарды нотариуста сақтау бұрын келісілген мерзімнен асып кетсе, ал нотариус сақтауды жалғастырса, құжаттарды немесе бағалы қағаздарды сақтауға берген адам нотариусқа мемлекеттік баж салығын (жекеше нотариус қызметіне ақыны) қосымша төлейді.
      Ескерту: 324-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 4 қарашадағы N 325 бұйрығымен .

      325. Сақтауға қабылданған құжаттар немесе бағалы қағаздар оларды сақтауға берген адамға (не оның өкіліне) ол құжаттардың немесе бағалы қағаздардың сақтауға қабылдануы жөнінде куәлікті (қажетті болған ретте - тізімдемені де) көрсеткен жағдайда, не заңды күшіне енген сот шешімі негізінде қайтарылады. Құжаттарды немесе бағалы қағаздарды сақтауға тапсырған адамның (не оның өкілінің) жазбаша арызы негізінде құжаттар немесе бағалы қағаздар куәлікте келісілген мерзімнен бұрын да беріледі.

      326. Құжаттарды немесе бағалы қағаздарды сақтауға тапсырған адам қайтыс болған жағдайда құжаттар немесе бағалы қағаздар мұраға құқық туралы заңда белгіленген тәртіпте берілген куәлік негізінде мұрагерлерге беріледі.

20-ТАРАУ
ТЕҢІЗ НАРАЗЫЛЫҚТАРЫН ЖАСАУ

      327. Кеме иесінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін дәлелдерді қамтамасыз ету мақсатында нотариус кеме иесіне мүліктік талап қоюға негіз бола алатын, кеменің жүзу немесе тұру, апатқа ұшырау, жүктердің бүлінуі т.с.с. уақытында орын алған оқиға туралы кеме капитанының арызын қабылдайды.

      328. Өз арыздарында кемелердің капитандары жүзу кезінде болған оқиғалар (апат, жүктің бүлінуі және т.с.с.) туралы хабарлайды.
      Теңіз наразылығы туралы арызда оқиға жағдайларының және капитанға сеніп берілген мүлікті сақтау үшін ол қабылдаған шаралардың сипаттамасы болуға тиіс.

      329. Егер теңіз наразылығын мәлімдеу қажеттігін тудырған оқиға айлақта болған болса наразылық оқиға сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде мәлімденуге тиіс.

      330. Наразылықты белгіленген мерзім ішінде мәлімдеу мүмкін болмаған ретте, теңіз наразылығы туралы арызда мерзімді өткізіп алу себебі көрсетілуге тиіс.

      331. Теңіз наразылығы туралы арызда баяндалған жағдайларды растау үшін кеме капитаны сауда теңіз қатынасын реттейтін заңдарға сәйкес арыз берумен қатар, бірақ кеме айлаққа кірген сәттен бастап жеті күннен кешіктірмей (немесе егер оқиға айлақта болса, ол болған сәттен бастап) нотариусқа қарауға кеме журналын және капитан куәландырған кеме журналынан алынған көшірмені беруге міндетті.

      332. Нотариус капитаны арызының, кеме журналы мағлұматтарының негізінде, сондай-ақ капитанның өзінен және мүмкіндігінше, кеменің командалық құрамындағы кемінде екі куәдан және кеме командасындағы екі куәдан жауап алу негізінде теңіз наразылығы туралы акт жасайды және оны өзінің қолымен және мөрімен куәландырады.

      333. Теңіз наразылығы туралы актінің бір данасы капитанға немесе ол өкілеттік берген адамға беріледі. Басқа данасы капитан арызымен және кеме журналынан алынған көшірмемен нотариаттық орган істерінде қалады.

21-ТАРАУ
ДӘЛЕЛДЕРДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

      334. Мүдделі адамдарға қажетті дәлелдер беру кейін олар үшін мүмкін емес немесе қиын тиеді деп болжауға негізі бар мүдделі адамдардың өтініші бойынша нотариус сотта немесе өзге әкімшілік органда іс қозғалғанға дейін дәлелдерді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.
      Мүдделі тұлғалар нотариуске өтініш ету сәтінде сот өндірісінде немесе басқа құзыретті органда болса, нотариус іс жөніндегі дәлелдемелерді қамтамасыз етпейді.

      335. Егер дәлелдер шетел мемлекеті органына берілуге тиіс болса, осы Нұсқаулықтың 334-тармағында аталған ереже қолданылмайды. Бұл жағдайларда, мүдделі адам жүгінген сәтте іс шетел мемлекеті органдарының іс жүргізуінде жатқанына қарамастан, дәлелдер қамтамасыз етіледі.

      336. Мүдделі адам нотариусқа дәлелдерді қамтамасыз ету талап етілетін жағдайларды баяндап, дәлел болатын объектіні немесе жағдайларды көрсетіп, арыз береді, сондай-ақ сотта немесе қандай да бір әкімшілік органда қозғалған іс жоқ деген мағлұмат беріледі. Арызды қабылдаған кезде нотариус мүдделі адамның арыздағы қолының дұрыстығын куәландырады. Нотариус мүдделі адамға егер дәлелдерді қамтамасыз ету сотта немесе өзге әкімшілік органда іс қозғалған соң жүргізілсе, мұндай қамтамасыз етудің заң талаптарына сәйкес күші болмайтындығын түсіндіреді.

      337. Дәлелдерді қамтамасыз ету туралы мәселені нотариус әрбір кезде нақты жағдайларды ескере отырып шешеді. Дәлелдерді қамтамасыз ету қажеттілігі туралы мәселені шешу кезінде нотариус болашақта дәлел алу қиыншылығының немесе мүмкіншілігінің болмау қаупінің қаншалықты үлкен және шынайы екендігін анықтайды. Егер нотариус дәлелді қамтамасыз ету туралы арыздың негізсіздігі туралы қорытындыға келсе, ол аталған нотариаттық әрекетті жасаудан бас тартады және бас тарту туралы қаулы шығарады.

      338. Нотариус дәлелдерді қамтамасыз ету тәртібінде азаматтардан жауап алады, құжаттар мен заттарды қарауды жүргізеді, ал қажет болған ретте сараптама тағайындайды.

      339. Дәлелдерді қамтамасыз ету жөніндегі іс жүргізу әрекеттерін орындау кезінде нотариус Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдарының нормаларын басшылыққа алады.

      340. Нотариус барлық мүдделі адамдарға дәлелдерді қамтамасыз ету уақыты мен орны туралы хабарлайды, алайда олардың келмей қалуы дәлелдерді қамтамасыз ету жөніндегі әрекеттерді орындауға кедергі болып табылмайды. Мүдделі адамдарға хабарламай, дәлелдерді қамтамасыз етуге кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда, немесе кейіннен іске кімнің қатысатынын алдын-ала белгілеуге болмайтын кезде жол беріледі. Мұнда мүдделі адамдарға хабар бермеу себептері жауап алу немесе жазбаша және заттай дәлелдерді қарау хаттамасында көрсетілуі тиіс.

      341. Дәлелдерді қамтамасыз ету тәртібінде куәдан жауап алу кезінде нотариус хаттама жасайды, онда мыналар көрсетіледі:
      1) жауап алу күні, уақыты және орны;
      2) жауап алушы нотариустың тегі мен аты-жөні;
      3) нотариаттың органның атауы;
      4) жауап алуға қатысушы адамдардың тектері, есімдері және әкелерінің аттары, туған жылы мен тұратын жері;
      5) куәнің тегі, аты, әкесінің аты, оның туған жылы, тұратын жері;
      6) әдейі жалған мәліметтер беру үшін және мәліметтер беруден бас тарту үшін жауапкершілік туралы ескертілгендігін көрсету;
      7) куә жауаптарының мазмұны (қойылған сұрақтар және оған берілген жауаптар).
      Хаттаманың әрбір бетіне жауап берген адам қол қояды, ал соңғы бетке жауап алуға қатысушы адамдар мен нотариус қол қояды.

      342. Жазбаша және айғақты заттар оларды қарау жолымен қамтамасыз етіледі. Қарау нотариусқа алып келу мүмкін емес дәлелдердің тұрған жерінде жүргізіледі. Қарау сараптамаға ұласуы мүмкін, бұл үшін сарапшы шақырылады.

      343. Жазбаша және айғақты заттарды қарау нәтижелері туралы хаттама жасалады, онда мыналар көрсетіледі:
      1) қарау жүргізілген күн, уақыт және орын;
      2) қарауды жүргізген нотариустың тегі мен аты-жөні;
      3) қарауға қатысқан мүдделі тұлғалардың (соның ішінде сарапшының) тегі, есімі, әкесінің аты, туған жылы және тұратын жері;
      4) қарау кезінде анықталған мән-жайлар.
      Қарауға қатысқан адамдар мен нотариус хаттамаға қол қояды.
      Бір беттен артық бетке жазылған хаттама нөмірленеді, бауланады және нотариустың қолымен және мөрімен бекітіледі.

      344. Ғылым, техника, өнер саласындағы арнайы білімдерді талап ететін мәселелерді түсіндіру үшін нотариус сараптама тағайындауы және өткізуі мүмкін. Сараптама тағайындау жөнінде нотариус қаулы шығарады, онда мыналар көрсетіледі:
      1) қаулының шығарылу күні, уақыты және орны;
      2) өтініші бойынша сараптама тағайындалған адамның тегі, аты, әкесінің аты;
      3) сараптама жүргізу тапсырылған сараптама мекемесінің атауы. Егер сараптама жүргізу нақты адамға тапсырылса, онда оның тегі, аты, әкесінің аты, тұратын жері, жұмыс орны мен лауазымы көрсетіледі;
      4) қорытынды талап етілетін мәселелер тізбесі.
      Қаулыға нотариус мөрін басып қолын қояды.

      345. Сараптаманың жүргізілуі туралы акт жасалады, оған сарапшы және сараптамаға қатысатын адамдар қол қояды. Сарапшының қорытындысына сарапшы қол қояды.

      346. Дәлелдерді қамтамасыз ету жөніндегі іс жүргізу аяқталған соң мүдделі адамға дәлелдерді қамтамасыз ету тәртібінде жасалған әрбір құжаттың бір данасы беріледі, бір-бір данасы нотариаттық орган істерінде қалады.

      347. Дәлелді қамтамасыз ету туралы арыз айтып жүгінген мүдделі адам сарапшыларға сыйақы және аталған нотариаттық әрекет жасауға байланысты жасалған басқа шығындарды төлейді.    

22-ТАРАУ
НОТАРИУСТЫҢ БАСҚА МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚ
НОРМАЛАРЫН ҚОЛДАНУЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР

      348. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде нотариус басқа мемлекеттердің құқық нормаларына сәйкес нотариаттық әрекеттер жасайды. Басқа мемлекеттердің құқық нормалары олар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қайшы келмеген жағдайда нотариаттық әрекеттер жасау кезінде қолданылады.

      349. Шетелдік заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары үшін белгіленген тәртіпте және шарттарда нотариаттық әрекеттер жасауға жүгінуге құқылы.
      Шетел азаматының азаматтық әрекет қабілетсіздігі ол азаматы болып табылатын елдің заңы бойынша айқындалады. Азаматтығы жоқ адамның азаматтық әрекет қабілетсіздігі ол тұрақты тұратын елдің заңы бойынша айқындалады.
      Шетел заңды тұлғаларының азаматтық құқық қабілеттілігі аталған заңды тұлға белгіленген тәртіпте тіркелген елдің заңы бойынша айқындалады.
      Қазақстан Республикасы аумағында жасалатын мәмілелерге қатысты шетел заңды тұлғаларының азаматтық құқық қабілеттілігі және шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың азаматтық әрекет қабілетсіздігі Қазақстан Республикасының заңдары бойынша айқындалады.

      350. Егер шетел құқығы талаптарына сәйкес жасалған құжат көрсеткен тұлға, немесе шетелде қолдануға арналған құжатты нотариалды куәландыруды қажет ететін адам нотариаттық әрекет жасатуға келсе, шетел мемлекетінің құқық нормаларын қолдану қажеттігі пайда болады.

      351. Шетел құқығы оның шетел мемлекетінде қалыптасқан түсіндірілу және қолданылу практикасына сәйкес қолданылады.

      352. Шетел құқық нормасының мазмұнын айқындау кезінде нотариус Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне сұрау салуға немесе тиісті ұйымға (соның ішінде ұйымға) түсіндіруді сұрап келуге құқылы.
      Нотариус нотариаттық әрекет жасауға жүгінген мүдделі адамнан немесе оның өкілінен қажетті мағлұматтарды, сондай-ақ тиісті құқық қатынастарын реттейтін нормативтік актілердің мәтіндерін талап етуге құқылы.

      353. Нотариус Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жасалған құжаттарды қабылдайды.
      Шетелде қолданылатын құжаттар нысаны, мазмұны және атауы бойынша Қазақстан Республикасында қолданылатын құжаттардан айтарлықтай ерекшелене алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына белгісіз бірқатар ерекшеліктері болады. Кейбір мәмілелердің шарттары мен нысандары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеуі немесе қайшы келуі, бірақ халықаралық-құқықтық нормаларға сәйкес келуі мүмкін. Атап айтқанда, шетелде куәландырылған немесе шетелде қолдануға арналған сенімхатта оның қолданылу мерзімі болмауы мүмкін, мұндай сенімхат жойылғанға дейін қолданылады, немесе сенімхат мәтіні өкілеттік беру нысанында баяндалуы мүмкін. Бұған қоса, сыйға беру шарты мүліктің меншік иесінің бір жақты декларациясы түрінде жасалуы мүмкін.

      354. Шетелде қолдануға арналған құжаттарды куәландыру кезінде нотариус Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен нысанда куәландыру жазуын жазады.
      Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайда, нотариус басқа мемлекет заңдары белгілеген нысанда куәландыру жазуын жасауға құқылы.

      355. Шетел азаматының қайтыс болуынан соң қалған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мүлікті немесе Қазақстан Республикасы азаматының қайтыс болуынан соң шетел азаматына тиесілі мүлікті қорғауға, сондай-ақ мүлікке қатысты мұраға деген құқық туралы куәлік беруге байланысты әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

      356. Егер мұралық мүлікті қорғауға шаралар қабылдау кезінде мұрагерлер Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын шетел азаматтары екендігі анықталса, нотариус Қазақстан Республикасының әділет органдары мен Сыртқы істер министрлігі арқылы оларға мұраның ашылу уақыты мен орны туралы хабар жолдайды. Хабар нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі дайындайды және бекітеді әрі оны нотариустардың назарына ұсынады.

      357. Егер Қазақстан Республикасы мен азаматы мұра алып отырған басқа мемлекет арасында халықаралық шарт жасалса, нотариус осы шарт нормаларын басшылыққа ала отырып, мұралық мүлік құрамы мен құнын белгілейді, мұрагерлер шеңберін анықтайды, мұра қалдырушы өсиетінің барын не жоқтығын тексереді, қажет болған реттерде мұралық мүлікті қорғауға шаралар қабылдайды және мұраның ашылуы мен қабылданған шаралар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының аумағындағы тиісті мемлекеттің дипломатиялық немесе өзге де шетелдік өкіліне хабарлайды.

      358. Заң (өсиет) бойынша мұраға құқық туралы куәлік, егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес беріледі.

      359. Өсиет бойынша мұраға құқық куәлік берген кезде, нотариус өсиет (және оны жою) нысаны өсиет жасаған немесе оны жойған сәтте өсиет қалдырушы тұрақты тұрғын елдің құқығы бойынша айқындалатынын ескеруге тиіс.

      360. Нотариус құжаттарды төмендегілер оларға апостиль қойған не ресмилендірген жағдайда, шетел мемлекетінің құзыретті органдарының лауазымды адамдарының қатысуымен шетелде жасалған немесе олардан жолданған құжаттарды қабылдайды.
      Ескерту: 360-тармақ толықтырылды, өзгертілді - ҚР Әділет министрінің   2002 жылғы 22 қарашадағы N 175 бұйрығымен , 2004 жылғы 7 шілдедегі N 206 бұйрығымен .

      361. Консулдық ресмилендіру тиісті құжаттардың олар шыққан мемлекеттің заңдарына сәйкестігін тексеруден тұрады және, әдетте, оларды өзге мемлекетте пайдалану мақсатында осындай құжаттардағы лауазымды адам қолының және өкілетті мемлекеттік орган мөрінің дұрыстығын куәландыру болып табылады.

      362. Нотариус шетелде шетел мемлекетінің құзыретті органдарының лауазымды адамдарының қатысуымен жасалған немесе олардың атынан берілген құжаттарды, бұл Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда немесе осындай құжаттардың белгілі түрлерін ресмилендіруді өзара жоюды көздейтін Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген жағдайда, ресмилендірусіз қабылдайды.
      Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Минск Конвенциясына, Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы Шартқа, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Шартқа сәйкес, Қазақстан Республикасы аумағында мына мемлекеттердің елтаңба мөрімен бекітілген және мекеме немесе оған арнайы өкілеттенген орган өз құзыреті шегінде дайындаған немесе куәландырған құжаттар ресмилендірусіз қабылданады. Қытай Халық Республикасы, Монғолия, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түркменстан, Өзбек Республикасы, Украина.

      363. Нотариус өзге мемлекеттер органдарына (сотта, аралық немесе төрелік сотта, сондай-ақ өзге әкімшілік, қаржылық, валюталық, кеден және т.б. органдарда) іс жүргізу үшін қажетті дәлелдерді қамтамасыз етеді.
      Дәлелді қамтамасыз етуді нотариус мүдделі тұлғаның өтініші бойынша, бұл адамның кейін дәлелді алуы мүмкін болмайды немесе қиын болады деп қауіптенуіне негіздің барына немесе жоқтығына қарамастан, бірақ ол аталған нотариаттық әрекетті жасау шетел мемлекеті органында іс жүргізу үшін қажет деген дәлел берген жағдайда, жүргізеді.
      Нотариус дәлелді қамтамасыз ету жөніндегі әрекеттерді істің кез-келген дәрежесінде, ол қозғалғанға дейін де, ол қаралып жатқан кезде де, сондай-ақ кассациялық немесе апелляциялық қарау сатысында да жүргізуге құқылы.

      364. Нотариус басқа мемлекеттердің органдарында іс жүргізу үшін талап етілетін дәлелдемелерді қамтамасыз ету үшін жазбаша және айғақты заттарды қарап, сараптама белгілейді. Аталған нотариаттық іс-әрекеттер, егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартпен өзгеше белгіленбесе, осы Нұсқаушылықтың 21-тарауында белгіленген ретпен жүргізіледі.

      365. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта нотариус құзыретіне Қазақстан Республикасы заңдарында көзделмеген нотариаттық әрекет жасау жатқызылса, онда нотариус нотариаттық әрекетті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген тәртіпте жүргізеді.

      366. Қазақстан Республикасының заңында көзделмеген, бірақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта көзделген нотариаттық әрекеттерді нотариус тек Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға құқылы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады