1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 28 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне қабылданған шаралар туралы хабарласын.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2010 жылғы 9 тамыздағы
№ 113-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өрт
қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 28
маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы
қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2011.01.19 № 2-ө Өкімімен
Р/с |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
«Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жүргізу ережесін бекіту туралы» |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ТЖМ |
2010 жылғы қараша |
2. |
Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау ұйымдарын аккредиттеу және олар бойынша шешім қабылдау туралы құжаттарды қарау бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссияның қызметі ережесін бекіту туралы |
Уәкілетті органның бұйрығы |
ТЖМ |
2010 жылғы қараша |
3. |
Ерікті өрт сөндірушілердің бастапқы даярлық бағдарламасын бекіту туралы |
Уәкілетті органның бұйрығы |
ТЖМ |
2010 жылғы қараша |
4. |
Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі сараптау ұйымдары үшін мамандарды арнайы оқыту курстарына қойылатын талаптарды бекіту туралы |
Уәкілетті органның бұйрығы |
ТЖМ |
2010 жылғы қараша |
5. |
Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі сараптау ұйымдары үшін мамандардың арнайы оқыту курстарынан өту ережесін бекіту туралы |
Уәкілетті органның бұйрығы |
ТЖМ |
2010 жылғы қараша |
6. |
Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді бағалау жөніндегі есептерді жүргізу қағидасын бекіту туралы |
Қазақстан |
ТЖМ |
2011 жылғы қаңтар |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі