"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 28 тамыздағы № 120-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Мемлекеттік органдар:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр                                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2010 жылғы 28 тамыздағы
№ 120-ө өкімімен   
бекітілген     

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы»
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы
Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

р/с

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Акт нысаны

Жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Модельдік келісімшарттарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МГМ, ИЖТМ, Қаржымині, ЭДСМ, ТЖМ, Қоршағанортамині

2010 жылғы тамыз

2.

Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, МГМ

2010 жылғы тамыз

3.

Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, МГМ, Қаржымині

2010 жылғы тамыз

4.

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, МГМ

2010 жылғы тамыз

5.

Жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпаратты жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға сақтау, жүйелеу және жинақтау үшін ақысыз беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, МГМ

2010 жылғы тамыз

6.

Мемлекет меншігіндегі болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасынан тысқары жерге әкету ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, МГМ

2010 жылғы тамыз

7.

Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, МГМ

2010 жылғы тамыз

8.

Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын іске асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МГМ, ИЖТМ

2010 жылғы тамыз

9.

Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МГМ, ИЖТМ

2010 жылғы тамыз

10.

Болашақ ұрпақ мүддесінде минералдық шикізат қорларын сақтау үшін жер қойнауы учаскелерін консервациялау ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, МГМ, Қоршағанортамині

2010 жылғы тамыз

11.

Кең таралған пайдалы қазбалардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ

2010 жылғы тамыз

12.

Жер қойнауын пайдалану құқығын беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МГМ, ИЖТМ, Қоршағанортамині, ТЖМ

2010 жылғы тамыз

13.

Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қор жөніндегі мемлекеттік комиссиясы және пайдалы қазбалар қор жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, МГМ

2010 жылғы тамыз

14.

Республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің тізбесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда оларды шаруашылыққа шектеп пайдаланудың ережесін, сондай-ақ  экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ, Қоршағанортамині, ИЖТМ, МГМ, ММ

2010 жылғы тамыз

15.

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тізілімін қалыптастыру мен жүргізудің ережесін және осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, МГМ

2010 жылғы тамыз

16.

Келісімшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг жүргізу мен бақылау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МГМ, ИЖТМ, Еңбекмині, Қоршағанортамині, ТЖМ

2010 жылғы тамыз

17.

Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, МГМ, ТЖМ

2010 жылғы тамыз

18.

Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көму және сарқынды суларды ағызу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, МГМ, Қоршағанортамині

2010 жылғы тамыз

19.

Қазақстан Республикасының кен орындарын алғашқы ашушылар туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, МГМ

2010 жылғы тамыз

20.

Мұнай өндірудің және айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МГМ

2010 жылғы тамыз

21.

Жағалау жиегінің нақты орналасқан жерін айқындау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МГМ, ИЖТМ

2010 жылғы тамыз

22.

Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МГМ, ИЖТМ

2010 жылғы тамыз

23.

Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МГМ, ИЖТМ

2010 жылғы тамыз

24.

Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру пайдалануға беру және пайдалану қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МГМ, ИЖТМ, Қоршағанортамині, ТЖМ, АШМ

2010 жылғы тамыз

25.

Жер қойнауына мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, МГМ

2010 жылғы тамыз

26.

Ұлттық компанияның үлестік қатысуы көзделетін келісімшарттарда ұлттық компанияның мемлекеттік мүдделерді білдіру тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МГМ, ИЖТМ

2010 жылғы тамыз

27.

Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, МГМ

2010 жылғы тамыз

28.

Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қажетті материалдар мен заттарға қойылатын нормативтерді және талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МГМ, Қоршағанортамині, ТЖМ

2010 жылғы тамыз

29.

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларының сараптамасын жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МГМ, Әділетмині, Қоршағанортамині, Қаржымині, ЭДСМ, ИЖТМ

2010 жылғы тамыз

30.

Теңізде, ішкі су айдындарында, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МГМ, ИЖТМ, Қоршағанортамині, ТЖМ,АШМ

2010 жылғы тамыз

31.

Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МГМ

2010 жылғы тамыз

32.

Мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газ жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МГМ, ИЖТМ, Қоршағанортамині, ТЖМ

2010 жылғы тамыз

33.

Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік балансқа қосу және оларды мемлекеттік баланстан шығару ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, МГМ

2010 жылғы тамыз

34.

Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МГМ, ИЖТМ, Қоршағанортамині, ТЖМ

2010 жылғы тамыз

35.

Кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс-белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, МГМ, Қоршағанортамині

2010 жылғы тамыз

36.

Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қоршағанортамині, ИЖТМ

2010 жылғы тамыз

37.

Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша мемлекеттік органдарға ақпарат беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, МГМ, ЭДСМ

2010 жылғы тамыз

38.

Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жер қойнауын пайдаланушыларға қызмет көрсету ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ТЖМ, ИЖТМ, МГМ

2010 жылғы тамыз

39.

Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, МГМ, Қоршағанортамині

2010 жылғы тамыз

40.

Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру, сондай-ақ барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, МГМ, Қоршағанортамині

2010 жылғы тамыз

41.

Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшартты (шартты) жасасу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ,

2010 жылғы тамыз

42.

Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МГМ, ИЖТМ, Қоршағанортамині, БҒМ

2010 жылғы тамыз

43.

Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, Қоршағанортамині, МГМ

2010 жылғы тамыз

44.

Жер қойнауының жай-күйі туралы геологиялық есептілікті ұсыну нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ

2010 жылғы тамыз

45.

Техногендік минералдық тізілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, Қоршағанортамині

2010 жылғы тамыз

46.

«Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» деген мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, МГМ

2010 жылғы тамыз

47.

Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен темір жол эстакадалары қуаттарын пайдалану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МГМ, ИЖТМ, ККМ

2010 жылғы тамыз

48.

Электрондық сатып алу жүйелері жұмыстарының жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі жұмысымен қадамдастыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ижтм, мгм

2010 жылғы тамыз

49.

Тәулігіне екі мың текше метр және одан да көп көлемдегі өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін оларды барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге арналған рұқсатты беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ижтм

2010 жылғы тамыз

50.

Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шартына енгізілетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі ең аз қазақстандық қамтуды есептеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, МГМ

2010 жылғы тамыз

51.

Жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы қазақстандық қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасаудың және ұсынудың нысандары мен ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

мгм, ижтм

2010 жылғы тамыз

52.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін жасаудың және ұсынудың нысандары мен ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МГМ, ижтм, БҒМ, Еңбекмині

2010 жылғы тамыз

53.

Келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстарды айқындау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МГМ, ИЖТМ

2010 жылғы тамыз

54.

Келісім-шарттық аумақта немесе оның шекарасынан тыс жерде радиоактивті қалдықтарды, зиянды заттарды және сарқынды суларды көмуге арналған барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, Қоршағанортамині

2010 жылғы тамыз

55.

Өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасының талаптарына сәйкес, жер қойнауын пайдаланушының аудиторлық есептілікпен расталған есептілікті беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, МГМ

2010 жылғы тамыз

56.

Пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту және оның құрамын бекіту туралы

ИЖТМ, МГМ бұйрықтары

ИЖТМ, МГМ

2010 жылғы тамыз

57.

Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссия туралы ережені бекіту туралы

ИЖТМ, МГМ бұйрықтары

ИЖТМ, МГМ

2010 жылғы тамыз

58.

Пайдалы қазбаларды барлау және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізуші жұмыс тобы және оның құрамы туралы ережені бекіту туралы

ИЖТМ, МГМ бұйрықтары

ИЖТМ, МГМ

2010 жылғы тамыз

59.

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережені бекіту туралы

ИЖТМ бұйрығы

ИЖТМ

2010 жылғы тамыз

60.

Қазақстан Республикасында дамытылатын басымдыққа ие жоғары технологиялық өндірістер тізбесін бекіту туралы

ИЖТМ бұйрығы

ИЖТМ

2010 жылғы тамыз

61.

Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізуші жұмыс тобы мен оның құрамы туралы ережені бекіту туралы

ИЖТМ бұйрығы

ИЖТМ

2010 жылғы тамыз

62.

Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу және мониторинг, мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялау, тарату бойынша жұмыстар жүргізуге байланысты жобалау-сметалық құжаттамаға экономикалық сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы

ИЖТМ бұйрығы

ИЖТМ, МГМ, ҚТКШІА

2010 жылғы тамыз

63.

Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу және мониторинг саласындағы уақыт пен бағалау нормаларын бекіту туралы

ИЖТМ бұйрығы

ИЖТМ, Еңбекмині

2010 жылғы тамыз

64.

Кадрлардағы қазақстандық қамтуды есептеудің әдістемесін бекіту туралы

Еңбекмині бұйрығы

Еңбекмині, ИЖТМ, МГМ

2010 жылғы тамыз

65.

Кадрлардағы ең аз қазақстандық қамтуды есептеу тәртібін бекіту туралы

Еңбекмині бұйрығы

Еңбекмині

2010 жылғы тамыз

66.

Қазақстандық мамандарды оқыту бойынша қажеттіліктің ең аз деңгейін есептеу әдістемесін бекіту туралы

БҒМ бұйрығы

БҒМ, ИЖТМ, МГМ

2010 жылғы тамыз

67.

Оқытылуы тиіс қызметкерлердің жалпы санына қатысты қазақстандық кадрлардың ең аз пайыздық санын есептеу ережесін бекіту туралы

БҒМ бұйрығы

БҒМ, МГМ

2010 жылғы тамыз

68.

Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс талаптарына қосу үшін оқытуға жататын персоналдың жалпы санына пайызбен алғандағы қазақстандық кадрлардың ең аз санын білім және ғылым саласындағы уәкілетті органның құзыретті органға табыс етуі туралы ережені бекіту туралы

БҒМ бұйрығы

БҒМ, МГМ, ИЖТМ

2010 жылғы тамыз

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
ММ - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
МГМ - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ҚТКШІА - Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады