"Назарбаев Университеті" акционерлік қоғамын құру жөніндегі желілік кестені бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 123-ө Өкімі

      «Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 925 Жарлығын орындау үшін:
      1. Қоса беріліп отырған «Назарбаев Университеті» акционерлік қоғамын құру және дамыту жөніндегі желілік кесте (бұдан әрі - кесте) бекітілсін.
      2. Орталық атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдар кестенің тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. «Астана қаласында «Жаңа университет» ғылыми-білім беру кешенін құру жөніндегі желілік кестені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 400-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.

      Премьер-Министр                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2010 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 123-ө өкімімен   
бекітілген       

«Назарбаев Университеті» акционерлік қоғамын құру
жөніндегі желілік кесте

Р/с

Іс-шаралар және іске асыру кезеңдері

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1. Университетті ашу үшін дайындық іс-шаралары

1.

Дайындық мектебі үшін талапкерлерді қабылдауды қамтамасыз ету

ПМК-ге ақпарат

«Назарбаев Университеті» АҚ (келісім бойынша)

2010 жылғы қыркүйек

2.

Мынандай ғылыми орталықтарын құру стратегияларын әзірлеу және бекіту:
а) Халықаралық пәнаралыкинструменталдық орталық;
б) Өмір туралы ғылыми орталық;
в) Энергетикалық зерттеу орталығы

«НУ» АҚ-ның бұйрығы

«Назарбаев Университеті» АҚ (келісім бойынша)

2010 жылғы қараша

2. Екінші кезектің құрылысын бастау үшін дайындық іс-шаралары

3.

«Назарбаев Университеті» ғылыми - білім беру кешенінің 1-кезегін «НУ» АҚ-ның пайдасына сенімгерлік басқаруға беру

«Astana Knowledge city» АҚ және «Назарбаев Университеті» АҚ арасындағы шарт

«Astana Knowledge city» АҚ, «Назарбаев Уннверситеті» АҚ

2010 жылғы тамыз-желтоқсан

4.

Құрылыстан жер учаскелерін сатып алуға 066 «Астана қаласының бюджетіне «Astana Knowledge city» АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджет бағдарламасы шеңберінде қаражатты қайта бөлу бөлігінде «Назарбаев Университеті» АҚ-ның бірінші кезегінің құрылысына қаржы-экономикалық негіздемеге өзгерістер енгізу

Республикалық бюджет комиссиясының хаттамалық шешімі

«Astana Knowledge city» АҚ, БҒМ, Қаржымині (келісім бойынша)

2010 жылғы тамыз

5.

Екінші кезектің объектілерін жобалау және салу мақсаттары үшін «НУ» АҚ-ның пайдасына жер учаскесін бөлу жөніндегі іс-шаралар

Құрылысты жобалауға Астана қаласы әкімдігінің қаулысы

«Назарбаев Университеті» АҚ, Астана қаласының әкімдігі (келісім бойынша)

2010 жылғы тамыз- қыркүйек

6.

«Назарбаев Университеті» екінші кезегінің объектілерін салу үшін жеке меншік иелерінің жер учаскелерін алып қою жөніндегі іс-шаралар

Жер учаскесін беру туралы Астана қаласы әкімдігінің шешімі

«Astana Knowledge city» АҚ, Астана қаласының әкімдігі (келісім бойынша), «Назарбаев Университеті» АҚ (келісім бойынша)

2010 жылғы IV тоқсан - 2011 жылғы I тоқсан

7.

Перспективалық кеңейтуді ескере отырып, құрылыстың екінші кезегінің жаңа бас жоспарын әзірлеу

ПМК-ге ақпарат

«Назарбаев Университеті» АҚ, Астана қаласының әкімдігі, «Astana Knowledge city» АҚ (келісім бойынша), мердігер

2010 жылғы III тоқсан

8.

ТЭН әзірлеу

«Назарбаев Университеті» жобасының ТЭН-і

«Назарбаев Университеті» АҚ (келісім бойынша)

2010 жылғы III тоқсан

9.

ФЭН әзірлеу

«Назарбаев Университеті» жобасының ФЭН-і

«Назарбаев Университеті» АҚ (келісім бойынша)

2010 жылғы IV тоқсан

10.

Құрылыстың екінші кезегінің бас жоспарын Қала құрылысы кеңесінің бекітуі

Астана қаласы Қала құрылысы кеңесінің құрылыстың екінші кезегі жөніндегі оң қорытындысының хаттамасы

«Назарбаев Университеті» АҚ (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі, жобалаушы

2010 жылғы қыркүйек - қазан

11.

Құрылыстың екінші кезегінің жұмыс жобасын әзірлеу

ПМК-ге ақпарат

«Назарбаев Университеті» АҚ (келісім бойынша), жобалаушы

2011 жылғы ақпан

12.

Құрылыстың екінші кезегінің жұмыс жобасына мемлекеттік сараптама жүргізу

Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы

ҚТКШІА, «Назарбаев Университеті» АҚ (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі, жобалаушы

2011 жылғы наурыз

13.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің екінші кезектің жұмыс жобасын бекітуі (жиынтық қорытынды)

Екінші кезектің жұмыс жобасын бекіту туралы ҚТКШІА бұйрығы

ҚТКШІА, «Назарбаев Университеті» АҚ (келісім бойынша), жобалаушы

2011 жылғы сәуір

14.

Белгіленген тәртіппен құрылыстың мердігерін белгілеу

Конкурстық комиссиясының қорытындысы, келісімшарт/шарт жасау

«Назарбаев Университеті» АҚ (келісім бойынша)

2011 жылғы сәуір

15.

Құрылыс жұмыстарының басталуын қамтамасыз ету

ПМК-ге ақпарат

«Назарбаев Университеті» АҚ (келісім бойынша), мердігер, жобалаушы

2011 жылғы сәуір

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ПМК - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикам. Білім және ғылым министрлігі
ҚТКШІА - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
«НУ» АҚ - «Назарбаев Университеті» акционерлік қоғамы
«Astana Knowledge city» АҚ - «Аstana Knowledge city» акционерлік қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады