Этил спирті өндірісіне мемлекеттік монополия енгізу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 127-ө Өкімі

      Монополияны енгізуден болатын мүмкін салдарды және экономикалық шығындарды көрсете отырып, этил спирт өндірісіне мемлекеттік монополия енгізу жөнінде, спиртке акциз ставкаларды қайта қарау, заңнамаға этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымына мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша түзетулер енгізу жөнінде, сондай-ақ заңсыз этил спиртінің, арақ пен күшті ликер бұйымдарының заңсыз өндірілуін анықтау жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Жәмішев                - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі,
Болат Бидахметұлы        жетекші

Ерғожин                - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Дәулет Еділұлы           Салық комитетінің төрағасы, жетекшінің
                         орынбасары

Шериязданов            - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ермек Тұяқбекұлы         Салық комитеті акциздерді әкімшілендіру
                         басқармасының бас сарапшысы, хатшы

Жұмаділдаев            - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әнуар Серқұлұлы          Салық комитеті төрағасының орынбасары

Мұқанов                - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа Берік Бикенұлы           және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
                         агенттігі (қаржы полициясы) Экономикалық
                         және қаржылық қылмыстарды ашу департаменті
                         бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Спатаев                - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Асхат Сейітбатталұлы     комитеті Экономикалық қауіпсіздік
                         департаментінің басқарма бастығы (келісім
                         бойынша)

Жақсымбетова           - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әсел Жұматайқызы         Салық және кеден саясаты, талдау және болжау
                         департаменті салық саясаты басқармасының
                         бастығы

Паяев                  - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Айбек Мінәйімбекұлы      Салық комитеті акциздерді әкімшілендіру
                         басқармасының бастығы

Жақсығалиев            - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Қаныбек Сисенғалиұлы     министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті
                         профилактикалық қызмет басқармасының
                         бастығы

Құрманов               - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Бауыржан Серікұлы        1-ші департаментінің бөлім прокуроры
                         (келісім бойынша)

Ұзақов                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Думан Мұратұлы           комитеті Экономикалық қауіпсіздік
                         департаментінің басқарма қызметкері
                         (келісім бойынша)
      2. Жұмыс тобы 2010 жылғы 9 қыркүйекке дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне монополияны енгізуден болатын мүмкін салдарды және экономикалық шығындарды көрсете отырып, этил спирт өндірісіне мемлекеттік монополия енгізу жөнінде, спиртке акциз ставкаларды қайта қарау, заңнамаға этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымына мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша түзетулер енгізу жөнінде, сондай-ақ заңсыз этил спиртінің, арақ пен күшті ликер бұйымдарының заңсыз өндірілуін анықтау жөнінде ұсыныстар енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.Б. Жәмішевке жүктелсін.

      Премьер-Министр                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады