Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында жер асты суларының сыртқа шығуы проблемасын шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 135-ө Өкімі

      Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында Мырғалымсай кен орнының кеніштерін су басу салдарынан жер асты суларының сыртқа шығуы проблемасын шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Ахметов               - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
Серік Баужанұлы         министрлігі Төтенше жағдайларды және
                        өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік
                        бақылау комитетінің төрағасы, жетекші

Әлиев                 - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің
Болатбек Нәжмединұлы    орынбасары, жетекшінің орынбасары

Төлебаев              - Оңтүстік Қазақстан облысы Жұмылдыру
Кенжехан Атақұлұлы      дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен
                        дүлей зілзалалардың алдын алуды ұйымдастыру
                        басқармасының бастығы, хатшы

Кәрібаев              - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Ержан Ғаббасұлы         технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитеті
                        төрағасының орынбасары

Сарбасов              - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
Ақмәди Әділұлы          әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және
                        әлеуметтік әріптестік департаментінің
                        директоры

Қожахметов            - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын
Төлентай Қалиұлы        үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
                        ішкі бақылау басқармасының бастығы

Ибадуллаев            - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Энергетика
Серік Ибадуллаұлы       және коммуналдық шаруашылық басқармасының
                        бастығы

Еламанов              - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
Қалдыбек Қадырұлы       министрлігі «Өнеркәсіп қауіпсіздігі
                        проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу
                        орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
                        тау-кен геомеханикасы және маркшейдерлік іс
                        зертханасының меңгерушісі

      2. Жұмыс тобы 2011 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында Мырғалымсай кен орнының кеніштерін су басу салдарынан жер асты суларының сыртқа шығуы проблемасын шешу жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                                    К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады