"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының құрамына кіретін, акциялары қор нарығында орналастыруға арналған компаниялардың тізбесін айқындау мәселесі жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 13-ө Өкімі

      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) құрамына кіретін, акциялары қор нарығында орналастыруға арналған компаниялардың тізбесін айқындау мәселесі жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Мәсімов                      - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы              Премьер-министрі, жетекші

Келімбетов                   - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Қайрат Нематұлы                даму және сауда министрі, жетекшінің
                               орынбасары

Сүлейменов                   - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Тимур Мұратұлы                 даму және сауда вице-министрі, хатшы

Марченко                     - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Григорий Александрович         төрағасы (келісім бойынша)

Жәмішев                      - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы              министрі

Жұмағалиев                   - Қазақстан Республикасының Байланыс
Асқар Қуанышұлы                және ақпарат министрі

Камалиев                     - Қазақстан Республикасының Көлік және
Берік Сайлауұлы                коммуникация министрі

Мыңбаев                      - Қазақстан Республикасының Мұнай және
Сауат Мұхаметбайұлы            газ министрі

Рау                          - Қазақстан Республикасының Индустрия
Альберт Павлович               және жаңа технологиялар бірінші
                               вице-министрі

Құлыбаев                     - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
Тимур Асқарұлы                 акционерлік қоғамының Басқарма
                               төрағасы (келісім бойынша)

Арыстанов                    - «Қазпочта» акционерлік қоғамының
Аркен Кеңесбекұлы              Басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Дәмітов                      - «Қазақстан қор биржасы» акционерлік
Қадыржан Қабдошұлы             қоғамының президенті (келісім бойынша)

Ақанов                       - Қазақстанның қаржыгерлер
Серік Ахметжанұлы              қауымдастығының төрағасы (келісім
                               бойынша)
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.06.24 № 705 Қаулысымен.

      2. Жұмыс тобы Қордың құрамына кіретін, акциялары қор нарығында
орналастыруға арналған компаниялардың тізбесін айқындау мәселесі жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады