Қазақстан Республикасында жеке детективтік қызмет институтын енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 22 ақпандағы № 26-ө Өкімі

      «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығының 5-тармағының 10) тармақшасын іске асыру үшін:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Құсдәулетов               - Қазақстан Республикасының Әділет
Дулат Рашидұлы              вице-министрі, жетекші

Есқараев                  - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Азамат Несіпбайұлы          Заңнама департаментінің директоры,
                            жетекшінің орынбасары

Есжанов                   - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Мадияр Сауырбайұлы          Заңнама департаментінің бас сарапшысы,
                            хатшы

Жақаев                    - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Талғат Оразбекұлы           комитетінің Департамент бастығы
                            (келісім бойынша) 

Тихонов                   - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
Виктор Сергеевич            аға көмекшісі (келісім бойынша)

Исаев                     - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Ырысбек Мейрамбекұлы        министрлігінің Заң департаменті
                            бастығының орынбасары

Байқуатов                 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Шамшадин Насырадинұлы       министрлігінің Криминалдық полиция
                            комитеті қылмыстық процеске қатысушыларды
                            қорғау бөлімінің бастығы

Аралбаева                 - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Әсел Айдарбекқызы           жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз
                            ету департаменті (Қазақстан Республикасы
                            Жоғарғы Сотының аппараты) құқықтық
                            қамтамасыз ету бөлімінің сектор
                            меңгерушісі (келісім бойынша)

      2. Жұмыс тобы 2011 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасында жеке детективтік қызмет институтын енгізу туралы ұсыныс енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады