"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 23 ақпандағы № 27-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Мемлекеттік органдар:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне қабылданған шаралар туралы хабарласын.

      Премьер-Министр                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2011 жылғы 23 ақпандағы
№ 27-ө өкімімен   
бекітілген     

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер
органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010
жылғы 29 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы
қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с

Нормативтік құқықтық
актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1

Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілердің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2011 жылғы сәуір*

2

Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2011 жылғы маусым*

3

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ,
мүдделі мемлекеттік органдар

2011 жылғы сәуір

4

Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің уақытша орналастыру орталықтарында болу қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

ІІМ

2011 жылғы наурыз

5

Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтарында болу қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

ІІМ

2011 жылғы наурыз

6

Қазақстан Республикасының азаматы тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына ұсынуға міндетті қару сатып алуға рұқсат алу үшін қару иеленуге қарсы көрсетілімнің жоқ екендігі туралы медициналық қорытындының нысанын бекіту туралы

Бұйрық

ДСМ, ІІМ

2011 жылғы наурыз

7

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары қызметінің қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2011 жылғы наурыз

Ескертпе:
* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік құқықтық акті 2012 жылғы 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі;

аббревиатуралардың толық жазылуы:
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады