Қазақстан әйелдерінің съезін өткізу мақсатында:
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес Қазақстан әйелдерінің съезіне қатысушыларды Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ресми қабылдау өткізуге арналған шығыстарды 2011 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2011 жылғы 2 наурыздағы
№ 30-ө өкіміне
қосымша
Шығыстар
1. Қазақстан әйелдерінің съезіне қатысушылардың құрметіне Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ресми қабылдауды ұйымдастыру.
2. Сыйлықтар, кәдесыйлар және гүл сатып алу.
3. Іс-шара ететін орындарды гүлмен безендіру.