1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2011 жылғы 11 наурыздағы
№ 33-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда
қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы
26 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Акт нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Халықтың сауда алаңдарымен қамтамасыз етілуінің ең төменгі нормативтерін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ, Қаржымині, ДСМ, ККМ, ТЖМ, ИЖТМ, БҚА, ҚТКШІА |
2011 жылғы мамыр |
2. |
Экспорттаушылардың өңделген отандық тауарларды сыртқы нарықтарға жылжыту жөніндегі шығындарының бір бөлігін өтеу қағидасын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ, АШМ, Қаржымині, ЭДСМ, БҚА |
2011 жылғы наурыз |
3. |
Экспорттаушылардың сыртқы нарықтарға жылжыту жөніндегі шығындары ішінара өтелетін өңделген отандық тауарлар тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ, АШМ, Қаржымині, ЭДСМ |
2011 жылғы наурыз |
4. |
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек бағаның шекті мәндерін және олардың бөлшек бағасының рұқсат етілетін шекті мөлшерін белгілеудің қағидасын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ, БҚА, АШМ, Қаржымині |
2011 жылғы наурыз |
5. |
Мейрамхана, дәмхана, бар, асхана санаттары бойынша қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметін жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптарды белгілеу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ, Қаржымині, ДСМ, ТЖМ, БҚА, ҚТКШІА |
2011 жылғы наурыз |
6. |
Кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындауға уәкілетті органды (ұйымды) айқындау туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ, Қаржымині |
2011 жылғы наурыз |
7. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2011 жылғы наурыз |
8. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2319 қаулысына толықтыру енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ, Қаржымині |
2011 жылғы наурыз |
9. |
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде тексеру парағының нысанын бекіту туралы |
Бұйрық |
ЭДСМ |
2011 жылғы наурыз |
10. |
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің ведомстволық есептілігінің нысанын бекіту туралы |
Бұйрық |
ЭДСМ |
2011 жылғы наурыз |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ҚТКШІА - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
БҚА - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі