Үндістан Республикасының Премьер-Министрі Манмохан Сингхтің Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 46-ө Өкімі

      Үндістан Республикасының Премьер-Министрі Манмохан Сингхтің Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2011 жылғы 15 - 17 сәуірде Астана қаласында Үндістан Республикасының Премьер-Министрі Манмохан Сингхтің Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес «1+1+10» форматы бойынша Үндістан Республикасының ресми делегациясы мүшелеріне жоғары деңгейде қызмет көрсету бойынша ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2011 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету» және 003 «Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Үндістан Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Үндістан Республикасы Премьер-Министрінің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      2) Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ресми қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.
      7. Астана қаласының әкімдігі Үндістан Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу, әуежайды және көшелерді безендіру, баратын орындарға бірге жүру, сондай-ақ мәдени бағдарламаларды ұйымдастыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды қамтамасыз етсін.
      8. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қаласының әуежайында Үндістан Республикасының Премьер-Министрін қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.
      9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2011 жылғы 7 сәуірдегі
№ 46-ө өкіміне   
қосымша       

Үндістан Республикасының ресми делегациясы мүшелеріне
қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Үндістан Республикасы ресми делегациясының мүшелерін (1 + 1 + 10 форматы бойынша) және Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қаласындағы қонақ үйде орналастыру.
      2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, автомобильдерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға
шақырулар) дайындау.
      3. Үндістан Республикасының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру және гүлмен безендіру.
      4. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың атынан Астана қаласында Үндістан Республикасының Премьер-Министрі М. Сингхтің құрметіне қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі астар) ұйымдастыру.
      5. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімовтың атынан Астана қаласында Үндістан Республикасының Премьер-Министрі М. Сингхтің құрметіне қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі астар) ұйымдастыру.
      6. Үндістан Республикасының ресми делегация басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      7. Іс-шаралар өткізілетін орындарды гүлмен безендіру.
      8. Үндістан Республикасының ресми делегацияның басшысына және мүшелеріне, сондай-ақ бірге жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсету.
      9. Үндістан Республикасының ресми делегацияның басшысына және мүшелеріне, сондай-ақ бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады