"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 16 сәуірдегі № 47-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары тізбеге сәйкес белгіленген мерзімде:
      1) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне қабылданған шаралар туралы хабарласын.

      Премьер-Министр                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2011 жылғы 16 сәуірдегі
№ 47-ө өкімімен    
бекітілген      

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы Заңын
іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі

Р/с

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Жауапты орындаушы

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 20 қаңтардағы № 99 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МҚІА (келісім бойынша)

2011 жылғы сәуір

2

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау тәуекелі жоғары мемлекеттік лауазымдар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҚПА (келісім бойынша) (жинақтау), МҚІА (келісім бойынша)

2011 жылғы 4-тоқсан

3

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау тәуекелі жоғары мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткер адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауы тұрғысынан арнайы тексеруді жүзеге асыру тетігін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҚПА (келісім бойынша) (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша)

2011 жылғы 4-тоқсан

4

Лауазымдық нұсқаулықтарды бекіту туралы

Мемлекеттік органның бұйрығы

Мемлекеттік органдар

2011 жылғы маусым

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
МҚІА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
ҚПА - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады