"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 25 наурыздағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 52-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 25 наурыздағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі:
      1) мемлекеттік органдармен бірлесіп, тізбеге сәйкес нормативтік
құқықтық актінің жобасын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің   
2011 жылғы 20 сәуірдегі 
№ 52-ө өкімімен     
бекітілген        

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
2011 жылғы 25 наурыздағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы
қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі

Р/с

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындалу мерзімі

1.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Әділетмині

2011 жылғы мамыр

2.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Әділетминінің бұйрығы

Әділетмині

2011 жылғы мамыр

3.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2011 жылғы мамыр

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады