Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органының 20 жылдығына арналған Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестің отырысын өткізу

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 101-ө Өкімі

      2011 жылғы 10 - 12 қазан аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органының 20 жылдығына арналған Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестің (бұдан әрі - МСМК) отырысын өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) Қазақстан Республикасының мүдделі орталық атқарушы органдарымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органының 20 жылдығына арналған МСМК-ның отырысын өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2011 жылғы 10 - 12 қазан аралығында Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органының 20 жылдығына арналған МСМК-ның отырысын өткізуге жұмсалатын шығыстарды 2011 жылға арналған республикалық бюджетте 006 «Өкілдік шығындар» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі делегация мүшелерінің әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, сондай-ақ жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді қамтамасыз етсін.
      4. Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдері Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігімен (Монополияға қарсы агенттік) бірлесіп, Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органының 20 жылдығына арналған МСМК отырысын өткізу, МСМК-ға қатысушы делегация мүшелерін шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, іс-шаралар өткізетін жерлерді дайындау мен безендіруді, іс-шаралар өткізу үшін залдарды, қатысушыларды орналастыру үшін қонақ үйлерді брондауды, МСМК-ға қатысушыларға көліктік қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін.
      5. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (Монополияға қарсы агенттік) жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады