1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша):
1) тізбеге сәйкес тиісті нормативтік құқықтық актіні қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне хабарласын;
2) қабылданған нормативтік құқықтық актілерді «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтірсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2011 жылғы 24 тамыздағы
№ 108-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
электрондық ақша мәселелері бойынша өзгеріс пен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
2011 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі
Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі |
---|---|---|---|
1 |
2 |
3 |
4 |
Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптар ережесін бекіту туралы |
ҰБ Басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша) |
2011 жылғы тамыз |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі