Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 126-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
      2. Мемлекеттік органдар:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешевке жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің   
2011 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 126-ө өкімімен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы арнайы
экономикалық аймақтар туралы» және «Қазақстан Республикасының
кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2011 жылғы 21 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрiнiң 2012.08.13 № 149-ө Өкiмiмен.

Р/с

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Акт нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ИЖТМ,
Астана қаласының әкімдігі

2012 жылғы тамыз

2.

Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгі шарттарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ,
Астана қаласының әкімдігі

2012 жылғы тамыз

3.

Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын басқару үшін тұлғаларға конкурстық іріктеу жүргізу қағидасын, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ

2012 жылғы тамыз

4.

Арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлға ретінде рұқсат алу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ

2012 жылғы тамыз

5.

Арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша сарапшылық кеңес туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ

2011 жылғы қыркүйек

6.

Арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасын рәсімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ

2011 жылғы қыркүйек

7.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № 703 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ,
Астана қаласының әкімдігі

2012 жылғы тамыз

8.

«Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың тізбесін қалыптастыру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ

2012 жылғы тамыз

9.

Негізге алынып, алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының растаманы беру қағидасын және оның нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, Астана қаласының әкімдігі

2012 жылғы тамыз

10.

Нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынатын, арнайы экономикалық аймақ аумағында өткізілетін, арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсатына сай келетін қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде толығымен пайдаланылатын тауарлар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ, Астана қаласының әкімдігі

2012 жылғы тамыз

11.

Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру, осындай қамтамасыз етудің арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясында бар болуын растайтын құжаттарды ұсыну қағидасын және Қаржылық қамтамасыз ету қаражаты есебінен бюджет шығындарының орнын толтыру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині,
ИЖТМ

2012 жылғы тамыз

12.

«Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы

Бірлескен бұйрық

ИЖТМ,
Қаржымині

2012 жылғы тамыз

13.

Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеуге өтінімдер мен сауалнамалар нысандарын бекіту туралы

ИЖТМ бұйрығы

ИЖТМ

2011 жылғы қыркүйек

14.

Құрылатын арнайы экономикалық аймақтың технико-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы

ИЖТМ бұйрығы

ИЖТМ

2011 жылғы қыркүйек

15.

Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының есептілікті ұсыну қағидасы мен кезеңділігін бекіту туралы

ИЖТМ бұйрығы

ИЖТМ

2011 жылғы қыркүйек

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады