Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 143-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
      2. Мемлекеттік органдар:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
 
      Премьер-Министр                            К. Мәсімов 

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң 
2011 жылғы 1 қарашадағы
№ 143-ө өкiмiмен  
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» және
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі заңдарын
іске асыру жөніндегі шаралар туралы нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі

Р/с

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Оралмандарды көшіп келу квотасына қосу қағидаларын бекіту туралы
 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

қараша

2.

Көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне қоныстану өңіріне қарай сараланған және алғашқы бейімдеу, тұрақты тұратын жеріне жол жүру және мүлкін тасымалдау шығындарын қамтитын бір жолғы жәрдемақы төлеу және мүлікті алып жүру және тұрғын үй сатып алуға қаражат бөлу немесе жеңілдетілген кредиттік қарыз немесе тұрғын үй салу, қалпына келтіру немесе үй сатып алу үшін қаражат бөлу, сондай-ақ оралмандардың көшіп келу квотасын алған немесе Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұру орнына шыққан кезде қоныстану үшін нақты өңірден тысқары жерлерге өз бетімен көшіп-қонған жағдайда көрсетілген қаражатты өтеу тәртібінің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

қараша
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3.

2012 – 2014 жылдарға арналған оралмандардың көшіп келу квотасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

қараша

4.

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын белгілеу қағидаларын, шетелдік жұмыскерге жұмысқа тұруға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары мен тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині

қараша

5.

Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

қараша

6.

Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

қараша

7.

Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығу құжаттарын ресімдеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

қараша

8.

Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

қараша

9.

Білім алу мақсатында келетін көшіп-келушілердің өздерінің төлем қабілеттігін растауы қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

қараша

10.
 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

қараша

11.

Көшіп-келушілердің паспорттарын тіркеу, олардың қозғалысы, Қазақстан Республикасы аумағы бойынша транзиттік жүруі, сондай-ақ шетелдіктердің келуі үшін жабық жекелеген жерлерге (аумаққа) кіру тәртібі туралы

Бірлескен бұйрық

ІІМ
СІМ

қараша

12.

Оралмандарды көшіп келу квотасына енгізу жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы

Бұйрық 

ІІМ

қараша

13.

Уақытша орналастыру орталықтарында оралман мәртебесін бергенге дейін олардың қалауы бойынша этникалық қазақтардың және олардың отбасы мүшелерінің алғашқы қоныстануы қағидаларын бекіту туралы

Бұйрық

ІІМ

қараша

14.

Бейімдеу және кіріктіру орталықтарында оралмандардың және олардың отбасы мүшелерінің уақытша тұруы, сондай-ақ оларға бейімдеу мен кіріктіру қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Бұйрық

ІІМ

қараша

15.

Көшіп-келушілерге медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы

Бұйрық

ДСМ

қараша

16.

Қазақстан Республикасына шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың келуіне тыйым салынатын аурулардың тізбесін бекіту туралы

Бұйрық

ДСМ

қараша

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады