Украина Премьер-Министрі Николай Азаровтың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 23 қарашадағы № 145-ө Өкімі

      Украина Премьер-Министрі Н.Азаровтың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2011 жылғы 23 – 24 қараша аралығында Астана қаласында Украина Премьер-Министрі Н.Азаровтың Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі – сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес «1+10» форматы бойынша жоғары деңгейде Украинаның ресми делегациясы мүшелеріне қызмет көрсету бойынша ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге қатысты шығыстарды 2011 жылға арналған республикалық бюджетте «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету», 003 «Халықтың республикалық деңгейдегі санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Жекелеген азаматтар санатына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Украинаның ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Украина Премьер-Министрі Н.Азаровтың арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін;
      2) Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын, Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан ресми қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.
      7. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетіне Украинаның ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу барысында тиісті жәрдем көрсетсін.
      8. Астана қаласының әкімдігі Украинаның ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайды және көшелерді безендіруді, баратын орындарға бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламаларды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      9. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қалаcының әуежайында Украинаның Премьер-Министрі Н.Азаровты қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.
      10. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2011 жылғы 23 қарашадағы
№ 145-ө өкіміне  
қосымша       

Украинаның ресми делегациясы мүшелерін қамтамасыз ету және
оларға қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары  

      1. Украина ресми делегациясының мүшелерін (1+10 форматы бойынша) және Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қаласындағы қонақүйге орналастыру.
      2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      3. Украинаның ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру және гүлдермен безендіру.
      4. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовтің атынан Астана қаласында Украина Премьер-Министрі Н.Азаровтың құрметіне қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі) ұйымдастыру.
      5. Украинаның ресми делегацияның басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      6. Іс-шараларды өткізу орындарын гүлмен безендіру.
      7. Украинаның ресми делегацияның басшысына және мүшелеріне, сондай-ақ бірге ілесіп жүрушілерге көліктік қызмет көрсету.
      8. Украинаның ресми делегацияның басшысына және мүшелеріне, сондай-ақ бірге ілесіп жүрушілерге медициналық қызмет көрсету.
      9. Астана қаласындағы қонақ үйдің залдарын жалға алу ақысын қамтамасыз ету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады