Грузия Премьер-Министрі Николоз Гилауридің Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 148-ө Өкімі

      Грузия Премьер-Министрі Н. Гилауридің Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын дайындау және өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2011 жылғы 6-7 желтоқсанда Астана қаласында Грузия Премьер-Министрі Н. Гилауридің Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын (бұдан әрі – сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес Грузияның ресми делегациясы мүшелеріне «1+8» форматы бойынша жоғары деңгейде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2011 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету», 003 «Халықтың республикалық деңгейдегі санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Жекелеген азаматтар санатына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының әуежайында, тұратын және баратын орындарында Грузияның ресми делегациясы мүшелерінің қауіпсіздігін, жүретін бағыттар бойынша ілесіп жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Грузия Премьер-Министрі Н.,Гилауридің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан кешкі ас пен ресми қабылдау уықытында концерттік бағдарламаны ұйымдастырсын.
      7. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Грузияның ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу уақытында тиісті жәрдем көрсетуді қамтамасыз етсін.
      8. Астана қаласының әкімдігі Грузияның ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және оларды шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайды және көшелерді безендіруді, баратын орындарға ілесіп жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламаларды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің   
2011 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 148-ө өкіміне    
қосымша        

Грузияның ресми делегациясы мүшелерін қамтамасыз ету және
оларға қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Грузия ресми делегациясының мүшелерін (1+8 форматы бойынша) және Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қаласындағы қонақ үйге орналастыру.
      2. Баспа өнімдерін (бейдждерді, сапар бағдарламаларын, автокөліктерге арнайы рұқсаттамаларды, куверттік карталарды, қабылдауға шақыруларды) дайындау.
      3. Грузияның ресми делегациясын қарсы алу және оларды шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру және гүлмен безендіру.
      4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан Астана қаласында Грузия Премьер-Министрінің құрметіне қабылдауларды (таңғы асты, түскі асты, кешкі асты) ұйымдастыру.
      5. Делегацияның басшысы мен ресми делегация мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      6. Іс-шаралар өткізілетін орындарды гүлмен безендіру.
      7. Грузияның ресми делегацияның басшысына және мүшелеріне, сондай-ақ ілесіп жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсету.
      8. Грузия ресми делегацияның басшысына және мүшелеріне, сондай-ақ ілесіп жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.
      9. Астана қаласындағы қонақ үйдің залдарын жалға алу төлемін қамтамасыз ету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады