Экономиканың басқа салаларымен ұштастыра отырып және Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру бойынша жүргізілген жұмыстар шеңберінде Ресей Федерациясымен салыстырғандағы газдың бағасына көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 154-ө Өкімі

      Экономиканың басқа салаларымен ұштастыра отырып және Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру бойынша жүргізілген жұмыстар шеңберінде Ресей Федерациясымен салыстырғандағы газдың бағасына көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамдағы жұмыс тобы құрылсын:

Келімбетов                 - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Қайрат Нематұлы              даму және сауда министрі, жетекші

Сүлейменов                 - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Тимур Мұратұлы               даму және сауда вице-министрі,
                             жетекшінің орынбасары

Исенова                    - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму
Динара Олжабайқызы           және сауда министрлігі Экономика
                             салаларын дамыту департаментінің Көлік
                             пен коммуникацияны, тұрғын
                             үй-коммуналдық шаруашылықты және
                             мұнай-газ саласын дамыту басқармасының
                             бастығы, хатшы

Рау                        - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Альберт Павлович             жаңа технологиялар бірінші вице-министрі

Дәленов                    - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы            вице-министрі

Толымбаев                  - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Берік Зиябекұлы              вице-министрі

Әлімқұлов                  - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Еркеғали Амантайұлы          қорғау агенттігі (Монополияға қарсы
                             агенттік) төрағасының орынбасары

Бірекешев                  - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
Серікқали Аманғалиұлы        министрлігі Газ өнеркәсібін дамыту
                             департаментінің директоры

Манабаева                  - Қазақстан Республикасы Еңбек және
Қайни Алдабергенқызы         халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
                             Әлеуметтік көмек көрсету департаментінің
                             директоры

Мартыненко                 - Қазақстан Республикасы Табиғи
Анна Владимировна            монополияларды реттеу агенттігі Құбыржол
                             және су кәрізі жүйелері саласындағы
                             реттеу департаментінің тариф, техникалық
                             реттеу және әдіснама басқармасының
                             бастығы

Жылқышиев                  - «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының Газ
Қуаныш Болатұлы              маркетингі департаментінің директоры
                             (келісім бойынша)

Темірханов                 - «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік
Ерқанат Уақбайұлы            қоғамының басқарушы директоры
                             (келісім бойынша)

Сулейманов                 - «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы
Рустам Эдуардұлы             Маркетинг және келісімшарттар
                             департаментінің директоры
                             (келісім бойынша)

Коқанов                    - «КазТрансГаз - Алматы» акционерлік
Азат Жақайұлы                қоғамы Маркетинг департаментінің
                             директоры (келісім бойынша)

Суворов                    - «ҚазТрансГаз» жауапкершілігі шектеулі
Александр Викторович         серіктестігінің Газ маркетингі
                             департаментінің директоры
                             (келісім бойынша)

Мақсұтов                   - «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының
Қайрат Берікұлы              басқарма төрағасының орынбасары
                             (келісім бойынша)

Ердебай                    - «Бiрiккен химия компаниясы»
Дәурен Иманжанұлы            жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
                             басқарма төрағасы (келісім бойынша).     
      2. Жұмыс тобы 2012 жылғы 31 наурызға дейінгі мерзімде экономиканың басқа салаларымен ұштастыра отырып және Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру бойынша жүргізілген жұмыстар шеңберінде Ресей Федерациясымен салыстырғандағы газдың бағасына көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлесін және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады