Республикалық штаб құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 160-ө Өкімі

      2011 жылғы 30 желтоқсан – 2012 жылғы 20 қаңтар аралығындағы кезеңде жедел жағдайға мониторинг жүргізу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда Республикалық штаб құрылсын:

Исекешев                    - Қазақстан Республикасы
Әсет Өрентайұлы               Премьер-Министрінің орынбасары –
                              Қазақстан Республикасының Индустрия
                              және жаңа технологиялар министрі, басшы

Божко                       - Қазақстан Республикасының Төтенше
Владимир Карпович             жағдайлар министрі, басшының орынбасары

Райымбеков                  - Қазақстан Республикасының
Сайлаухан Ғазизұлы            Премьер-Министрі Кеңсесінің Ұйымдастыру
                              жұмысы және аумақтық даму бөлімінің
                              меңгерушісі, басшының орынбасары

Нокин                       - Қазақстан Республикасы Құрылыс және
Серік Кеңесұлы                тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері
                              агенттігінің төрағасы

Жәмішев                     - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы             министрі

Жұмағалиев                  - Қазақстан Республикасының Байланыс және
Асқар Қуанышұлы               ақпарат министрі

Қайырбекова                 - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Салидат Зекенқызы             сақтау министрі

Келімбетов                  - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Қайрат Нематұлы               даму және сауда министрі

Қамалиев                    - Қазақстан Республикасының Көлік және
Берік Сайлауұлы               коммуникация министрі

Қасымов                     - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы    министрі

Мамытбеков                  - Қазақстан Республикасының Ауыл
Асылжан Сарыбайұлы            шаруашылығы министрі

Мыңбаев                     - Қазақстан Республикасының Мұнай және
Сауат Мұхаметбайұлы           газ министрі

Түсіпбеков                  - Қазақстан Республикасының Әділет
Рашит Төлеутайұлы             министрі

Рау                         - Қазақстан Республикасының Индустрия
Альберт Павлович              және жаңа технологиялар бірінші
                              вице-министрі

Жақсалиев                   - Қазақстан Республикасының Индустрия
Бақытжан Мұхамбетқалиұлы      және жаңа технологиялар вице-министрі

      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері өңірлік штабтар құрсын.
      3. Республикалық штаб елдегі жедел жағдайға мониторингтің тұрақты негізде жүзеге асырылуын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшылығын хабардар етуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық штабтың жұмыс органы болып айқындалсын.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады