Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің мынадай өкімдеріне өзгерістер енгізілсін:
1) «Табиғи монополия субъектiлерi персоналының санын, шикiзатының, материалдарының, отынының, энергиясының шығыстарын нормалау жөнiнде жаңа әдiстемелер әзiрлеу және қолданыстағыларын қайта қарау кестесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2007 жылғы 30 қазандағы № 320-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген табиғи монополия субъектiлерi персоналының санын, шикiзатының, материалдарының, отынының, энергиясының шығыстарын нормалау жөнiнде жаңа әдiстемелер әзiрлеу және қолданыстағыларын қайта қарау кестесiнде:
реттік нөмірлері 30 және 31-жолдар алып тасталсын;
2) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2010 жылғы 16 қыркүйектегi № 132-ө өкiмінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесiнде:
реттік нөмірлері 82, 83-жолдардың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«2012 жылғы желтоқсан».
Премьер-Министр К. Мәсімов