1. Қоса беріліп отырған орталық мемлекеттік органдар басшыларының бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу кестесі (бұдан әрі – кесте) бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік органдар кестенің уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және іс-шара өткізілгенінен кейін екі күн мерзімде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне кестенің орындалуы туралы ақпаратты жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 1-күніне Қазақстан Республикасының Үкіметіне кестенің орындалуы туралы жиынтық ақпарат енгізсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 15 ақпандағы
№ 30-ө өкімімен
бекітілген
Орталық мемлекеттік органдар басшыларының бұқаралық ақпарат
құралдарында сөз сөйлеу кестесі
(іске асыру мерзімі: 2012 жылғы ақпан – желтоқсан)
Кесте Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының (бұдан әрі – Жолдау) іске асырылуы туралы мақалалардың, пікірлердің, түсіндірмелердің, сұхбаттардың, сюжеттердің және теле-радио бағдарламалардың жариялану тәртібін үйлестіреді.
Р/с |
Спикер |
Тақырыбы |
БАҚ атауы |
Өткізілетін күні |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары М.М.Молдабеков |
Ғарыш қызметінің негізгі бағыттары |
«Мегаполис» газеті |
Ақпан |
2. |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі А.Қ.Жұмағалиев |
Мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасын арттыру |
«Қазақстан» телеарнасы, «Жаңа Қазақстан» бағдарламасы |
Ақпан |
3. |
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы М.М.Оспанов |
«Сараланған тарифтер тұтынушылардың қаражатын үнемдейді» |
«Хабар» телеарнасы, «Решение принято» бағдарламасы |
Ақпан |
4. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Е.И.Аман |
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Жолдауын іске асыру |
«Казахстанская правда» газеті |
Ақпан |
5. |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.Н.Әбдіқалықова |
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын іске асыру барысы туралы |
«Қазақстан» телеарнасы «Апта kz» бағдарламасы, «Хабар» телеарнасы «Көзқарас» бағдарламасы |
Ақпан |
6. |
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің жауапты хатшысы Қ.Б.Сафинов |
Қазақстандық қамтудың дамуы |
«Казахстанская правда» газеті |
Наурыз |
7. |
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Б.И.Досмұхамбетова |
Табиғи монополияларды реттеу агенттігі қызметінің лицензияланатын түрлерін қысқарту туралы |
«Қазақпарат» ақпарат агенттігі |
Наурыз |
8. |
Қазақстан Республикасының Әділет министрі Б.М.Имашев |
Сот-құқықтық реформа |
«Хабар» телеарнасы «Решение принято» және «Үкімет пен әлеумет» бағдарламалары |
Наурыз |
9. |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.С.Мамытбеков |
Ауыл шарушылығы министрлігінің Жолдауды іске асыру бойынша негізгі іс-шаралар |
«Егемен Қазақстан» газеті |
Наурыз |
10. |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі С.З.Қайырбекова |
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі басымдықтарының іске асырылу барысы туралы |
«Хабар» телеарнасы |
Наурыз |
11. |
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері агенттігінің төрағасы С.К.Нокин |
«Қол жетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын әзірлеу жөніндегі шаралар туралы |
«Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттері |
Наурыз |
12. |
Қазақстан Республикасының Қоршаған орта қорғау министрі Н.Д.Қаппаров |
«РИО+20: «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасының (ЖКӘБ) жобалары – Жасыл экономикаға практикалық үлес» |
«Казахстанская правда» газеті |
Наурыз |
13. |
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы Ғ.Р.Әбдірахымов |
Монополияға қарсы органның тұтынушылардың құқығын қорғау саласындағы жұмысы |
«Егемен Қазақстан» газеті |
Наурыз |
14. |
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының орынбасары Е.А.Әлімқұлов |
Бірыңғай экономикалық кеңістік жағдайындағы мұнай өнімдерінің нарығы |
«Рынок и конкуренция» журналы |
Наурыз |
15. |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы Ж.Д.Құрманғалиева |
Астана – түркі әлемінің елордасы |
«Астана таймс» газеті |
Наурыз |
16. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Т.А.Мұсабаев |
Адамның ғарышқа ұшуының халықаралық күніне арналған сұхбат |
«Хабар» телеарнасы |
Сәуір |
17. |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.Б.Жәмішев |
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру |
«Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан» газеттері |
Сәуір |
18. |
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі Б.З.Толымбаев |
Газ өнеркәсібін дамыту |
«Казахстанская правда» газеті |
Сәуір |
19. |
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С.Сәрсенов |
Электрондық қызметтерді дамыту жұмыстары мен жоспарларының нәтижелері |
«Айқын» газеті |
Сәуір |
20. |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Ә.Т.Аманбаев |
Әділет органдарының электронды форматта мемлекеттік қызмет көрсетуі |
«Юридическая газета» |
Сәуір |
21. |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі С.З.Қайырбекова |
Қазақстан халқына медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі және сапасы |
«Казахстанская правда» газеті |
Сәуір |
22. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Е.И.Аман |
Басымдық – етті мал өсіру дамыту |
«Страна и мир» газеті |
Сәуір |
23. |
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының орынбасары Б.А.Парсегов |
«Адал басекелестік – тиімді жаңғырту кепілі» |
«Рынок и конкуренция» журналы |
Сәуір |
24. |
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) жауапты хатшысы Н.А.Әбді |
«Бәсекелестік – Қазақстан Республикасы экономикасын дамытудың индустриялық-инновациялық деңгейін арттыру факторы ретінде» |
«Казахстанская правда» газеті |
Сәуір |
25. |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Б.С.Әбдірәсілов |
«Білім сапасы мен қолжетімділігі – ел дамуының басымдығы» |
«Егемен Қазақстан» газеті |
Сәуір |
26. |
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі Б.О.Ақшолақов |
Мұнай өнеркәсібін дамыту |
«Казахстанская правда» газеті |
Мамыр |
27. |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Н.А.Коржова |
Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының призмасы арқылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігін жаңғыртуды жалғастыру |
«Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан» газеттері |
Мамыр |
28. |
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы Р.Н.Ахметов |
Табиғи монополиялар саласын реттеу жөнінде құқықтық тетіктерді жетілдіру |
«Мегаполис» газеті |
Мамыр |
29. |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы С.Р.Мусинов |
Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі шаралар |
«Егемен Қазақстан» газеті |
Мамыр |
30. |
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Р.В.Скляр |
Қазақстандағы автожолдарды салу және қайта жаңарту. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасын іске асыру |
«Қазақпарат» ақпарат агенттігі |
Мамыр |
31. |
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Ж.А.Смайылов |
Өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету агломерациялар мен моноқалаларды жаңа өрт сөндіру деполарын салу жолымен қорғаудың қажетті бөлігі ретінде |
«Егемен Қазақстан» газеті |
Мамыр |
32. |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Т.Қ.Дүйсенова |
Зейнетақы жүйесін дамытудың халықаралық тәжірибесі |
«Казахстанская правда» газеті |
Мамыр |
33. |
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері агенттігі төрағасының орынбасары Н.П.Тихонюк |
Тұрғын үй құрылысы |
«Хабар», «7 арна» телеарналары |
Мамыр |
34. |
Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі М.Е.Әбілқасымова |
Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың үлгілік құрылымдары бойынша ұсыныстар дайындау |
«Страна и мир» газеті |
Мамыр |
35. |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә.Байжүнісов |
Қазақстанда онкологиялық қызметтің дамуы туралы |
«Қазақстан» телеарнасы |
Маусым |
36. |
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Д.Е.Ерғожин |
Әкімшілік кедергілерді қысқарту |
«Егемен Қазақстан», «Литер» газеттері |
Маусым |
37. |
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы М.М.Оспанов |
Тарифтік саясат туралы |
«Казахстанская правда» газеті |
Маусым |
38. |
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі В.К.Божко |
«Қазақстан Республикасының азаматтары мен аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету – жемісті әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың кепілі» |
«Хабар» телеарнасы |
Маусым |
39. |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі М.Т.Өмірияев |
«Қой шаруашылығы мен жылқы шаруашылығын дамыту – мал шаруашылығының басым бағыттарының бірі» |
«Айқын» газеті |
Маусым |
40. |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Д.Қ.Мыңбай |
Дамудың түйінді басымдықтарын түсіндіру |
«Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттері |
Маусым |
41. |
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі Т.М.Жақсылықов |
Кеден одағының жұмыс істеу мәселелері және Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөз процесі |
«Егемен Қазақстан» газеті |
Маусым |
42. |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә.Байжүнісов |
«Болашақ госпиталі» отандық денсаулық сақтау саласын жаңғырту локомотивіне айналады |
«Литер» газеті |
Шілде |
43. |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.С.Мамытбеков |
Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан отандық астық нарығын шоғырландыру жөніндегі шаралар |
«Аграрный сектор» журналы |
Шілде |
44. |
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Л.М.Кармазина |
Бюджет қаражатын жұмсауды оңтайландыру |
«Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан» газеттері |
Шілде |
45. |
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы істері агенттігі төрағасының орынбасары В.Г.Ғалиев |
«Ақ бұлақ» бағдарламасының іске асырылуы |
«Хабар», «Астана» телеарналары |
Шілде |
46. |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б.Нұрымбетов |
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының іске асырылуы, өсу индикаторлары |
«Хабар» телеарнасы, «Решение принято» «Үкімет пен әлеумет» бағдарламалары |
Шілде |
47. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің жауапты хатшысы Е.М.Нұрғалиев |
Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу |
«Заң газеті» |
Тамыз |
48. |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.Д.Құрманғалиева |
Азаматтардың өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін арттыру, салауатты өмiр салтын ұстану және аурулардың алдын алу жолдары |
«Казахстансккая правда» |
Тамыз |
49. |
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Б.Ш.Шолпанқұлов |
Президент Жолдауы шеңберінде бөлінген бюджет қаражатының мақсатқа сай және тиімді пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету |
«Егемен Қазақстан», «Экспресс К» газеттері |
Тамыз |
50. |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.С.Мамытбеков |
«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасының жүзеге асуы |
«Дала мен қала» газеті |
Тамыз |
51. |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.Н.Әбдіқалықова |
Әлеуметтік қамсыздандыруды дамыту перспективалары |
«Егемен Қазақстан» газеті |
Тамыз |
52. |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары А.Ж.Күреңбеков |
Кадрлық жаңарту және ішкі істер органдарының жеке құрамын кезектен тыс аттестаттаудан өткізу қорытындысы |
«Егемен Қазақстан» газеті |
Тамыз |
53. |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.Н.Сарыбеков |
«Рухани құндылық – жастардың негізгі байлығы» |
«Айқын» газеті |
Тамыз |
54. |
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В.Петров |
Денсаулық сақтау саласын дамыту шеңберінде жолдарда медициналық-құтқару пункттерін салу бойынша Жолдаудан туындайтын міндеттерді іске асыру |
«СТВ» телеарнасы |
Тамыз |
55. |
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Р.Е.Дәленов |
Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану |
«Егемен Қазақстан», «Литер» газеттері |
Қыркүйек |
56. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Е.М.Шаймағамбетов |
Зымыран-ғарыш қызметінің экологиялық қауіпсіздігі |
«Экспресс К» газеті |
Қыркүйек |
57. |
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.В.Шкарупа |
«Инвестициялық тариф – тұрақтылық пен болжау кепілі» |
«Литер» газеті |
Қыркүйек |
58. |
Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі Б.Ә.Сағынтаев |
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы агломерациялар және моноқалаларды дамыту бағдарламасының жобасы бойынша |
«Казахстанская правда» газеті |
Қыркүйек |
59. |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.С.Шаяхметов |
«Кәсіпқор» – кәсіптік-техникалық білім берудің үздік тәжірибесі |
«Деловой Казахстан» газеті |
Қыркүйек |
60. |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі М. Өмірияев |
Агроөнеркәсіп кешеніне инновациялық технологияларды енгізудің маңыздылығы |
«Қазақстан ZAMAN» газеті |
Қазан |
61. |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.А.Ахметов |
Зейнетақы жүйесін жетілдіру |
«Казахстанская правда» газеті |
Қазан |
62. |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.К.Орынханов |
«Инновациялық кластерлер – экономиканың алғы шебінде» |
«Литер» газеті |
Қазан |
63. |
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Б.И.Досмұхамбетова |
Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің норма шығару жұмысы туралы |
«Егемен Қазақстан» газеті |
Қараша |
64. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі М.Е.Төлебаев |
Аграрлық өндірістегі жеке инвестициялардың тәуекелін азайту үшін қарызға кепілдік берудің мемлекеттік жүйесі |
«Литер» газеті |
Қараша |
65. |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б.Т.Жұмағұлов |
Мемлекет, бизнес және ғылымның өзара іс-қимыл жасауының инновациялық әлеуеті |
«Казахстанская правда» газеті |
Қараша |
66. |
Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі М.Ә.Құсайынов |
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жаңа үлгілерін енгізу |
«Курсив» газеті |
Желтоқсан |
67. |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары М.Ғ.Демеуов |
Еуразпол құру мәселелері |
«Казахстанская правда» газеті |
Желтоқсан |