1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру бойынша «Bnews» сайтындағы үкіметтік баспасөз клубының конференцияларындағы орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары отырыстарының кестесі (бұдан әрі – кесте) бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік органдар және ұйымдар кестенің уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және іс-шаралар өткізілгеннен кейін екі күн мерзімде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне кестенің орындалуы туралы ақпарат жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 1-күніне Қазақстан Республикасының Үкіметіне кестенің орындалуы туралы жиынтық ақпарат енгізсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 15 ақпандағы
№ 31-ө өкімімен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту –
Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына
Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру бойынша «Bnews»
сайтындағы үкіметтік баспасөз клубының конференцияларындағы
орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары
отырыстарының кестесі
(іске асыру мерзімі: 2012 жылғы ақпан-желтоқсан)
№ |
Спикер |
Сөйлейтін сөзінің тақырыбы |
Өткізу мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі В.К.Божко |
Қыс кезінде азаматтардың қауіпс здігін қамтамасыз ету - адам әлеуетін, қоғамның тұрақты дамуын сақтау жөніндегі міндеттердің бірі |
Ақпан |
2. |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі С.З.Қайырбекова |
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі басымдықтарының іске асырылу барысы туралы |
Ақпан |
3. |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.Н.Әбдіқалықова |
Жұмыспен қамту және әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары |
Наурыз |
4. |
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы істері агенттігінің төрағасы С.К.Нокин |
Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес «Қол жетімді баспана - 2020» бағдарламасын әзірлеу жөніндегі шаралар туралы |
Наурыз |
5. |
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі Н.Д.Қаппаров |
Экологиялық саясатты жүзеге асырудағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі |
Наурыз |
6. |
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі С.М.Мыңбаев |
Мұнай және газ саласындағы инвестициялық жобалар |
Сәуір |
7. |
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С.Сәрсенов |
Электрондық үкіметті дамыту және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру |
Сәуір |
8. |
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы төрағасының орынбасары Қ.У.Бишімбаев |
Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіру |
Мамыр |
9. |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б.Т.Жұмағұлов |
Адам әлеуетін арттыру – Қазақстан дамуының басты басымдығы |
Мамыр |
10. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Т.А.Мұсабаев |
Ғарыш қызметінің даму болашағы |
Маусым |
11. |
Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі Б.А.Сағынтаев |
V Астана экономикалық форумының қорытындыларын шығару |
Маусым |
12. |
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы Ғ.Р.Әбдірақымов |
Адал бәсекелестік - тиімді жаңғырту кепілі |
Маусым |
13. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің жауапты хатшысы Е.И.Аман |
Өсімдік шаруашылығын дамытудың басым бағыттары |
Тамыз |
14. |
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы М.М.Оспанов |
Тарифті саясат туралы |
Қыркүйек |
15. |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.Б.Жәмішев |
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын орындау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қабылдаған шаралар |
Қыркүйек |
16. |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Д.Қ.Мыңбай |
Негізгі даму басымдықтарын түсіндіру |
Қыркүйек |
17. |
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі А.Қ.Жұмағалиев |
Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекет басшысының Жолдауы шеңберінде жобаларын іске асыру |
Қыркүйек - қазан |
18. |
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Б.Т.Бейсенғалиев |
Президент Жолдауы аясындағы «КазАгроның» стратегиялық басымдықтары |
Қыркүйек - қазан |
19. |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.Н.Әбдіқалықова |
Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің даму перспективалары |
Қараша |
20. |
Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі Б.А.Сағынтаев |
Өңірлердің дамуы: қорытындылары және даму перспективалары |
Қараша |
21. |
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар А.Ө.Исекешев |
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы |
Қараша |
22. |
Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Д.Р.Құсдәулетов |
«Жеке детективтік қызмет туралы» Заң жобасын әзірлеу туралы |
Желтоқсан |