1. Қоса беріліп отырған «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес нормативтік-құқықтық актілердің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 12 наурыздағы
№ 48-ө өкімімен
бекітілген
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының
2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы
қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
р/с |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау қағидаларын бекiту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
МГМ (жинақтау), ҚТҮКШІА, ЭДСМ |
2012 жылғы наурыз |
2. |
Газбен жабдықтау жүйелерi объектілерiнiң қауiпсiздiктерi жөніндегі талаптарды бекiту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ТЖМ (жинақтау), ҚТҮКШІА, МГМ |
2012 жылғы наурыз |
3. |
Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекiту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
МГМ |
2012 жылғы наурыз |
4. |
Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттiк-жеке меншік әріптестік шеңберiнде ілеспе газды инвесторға берудің тәртібі мен талаптарын бекiту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
МГМ (жинақтау), ЭДСМ, ИЖТМ |
2012 жылғы наурыз |
5. |
Тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесі объектілерiнiң жұмыс режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
МГМ (жинақтау), ҚТҮКШІА |
2012 жылғы наурыз |
6. |
Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндiру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекiту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
МГМ |
2012 жылғы наурыз |
7. |
Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған үлгілік шарттарын бекiту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
МГМ (жинақтау), ҚТҮКШІА ТЖМ |
2012 жылғы наурыз |
8. |
Тауарлық және сұйытылған мұнай газды бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекiту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
МГМ (жинақтау), ҚТҮКШІА, ТЖМ |
2012 жылғы наурыз |
9. |
Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ҚТҮКШІА (жинақтау), МГМ, ТМРА |
2012 жылғы наурыз |
10. |
Мемлекеттiң артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикi және тауарлық газ бағасын айқындау қағидаларын бекiту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
МГМ (жинақтау), ЭДСМ |
2012 жылғы наурыз |
11. |
Ішкi нарықта тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекiту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
МГМ (жинақтау), ЭДСМ |
2012 жылғы ақпан |
12. |
Қазақстан Республикасының iшкi нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекiту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
МГМ |
2012 жылғы наурыз |
13. |
Газ және газбен жабдықтау саласындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы |
Бірлескен бұйрық |
МГМ, ЭДСМ |
2012 жылғы наурыз |
14. |
Газ және газбен жабдықтау саласындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы |
Бірлескен бұйрық |
МГМ, ЭДСМ |
2012 жылғы наурыз |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі;
МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі;
ТЖМ – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі;
ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі;
ҚТҮШІА – Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі;
ТМРА – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі.