Қазақстан Республикасында электрондық шот-фактураларды енгiзу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 78-ө Өкімі

        Қазақстан Республикасында электрондық шот-фактураларды енгiзу мақсатында:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында электрондық шот-фактураларды енгiзу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (келiсiм бойынша), «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы (келiсiм бойынша) Іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды орындау жөнінде шаралар қабылдасын және оның орындалу барысы туралы ақпаратты Іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты жылына екі рет, 30 қаңтар мен 30 шілдеде Қазақстан Республикасының Үкiметiне беруді қамтамасыз етсін.
      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2012 жылғы 19 cәуірдегі
№ 78-ө өкімімен    
бекітілген      

Қазақстан Республикасында электрондық шот-фактураларды
енгiзу жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с

Іс-шаралар атауы

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1

Қазақстан Республикасында электрондық шот-фактураларды енгiзу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын (бұдан әрi - ВЖТ) құру

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2012 жылғы 30 сәуір

2

Электрондық шот-фактураларды пайдалану жөніндегі әлемдік тәжірибені талдау және оны Қазақстан Республикасында қолдану бойынша ұсыныстар әзірлеу

ВЖТ қарауына ұсыныстар енгізу

Қаржымині, ККМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

2012 жылғы 31 шілде

3

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне электрондық шот-фактураларды енгiзу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының тұжырымдамасын Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияға (бұдан әрі – ВК) қарауға енгізу

ВАК қорытындысы

Қаржымині

2012 жылғы 31 тамыз

4

Электрондық шот-фактураларды енгізу жөніндегі ақпараттық жүйенің архитектурасы мен жұмыс істеу тәртібін айқындау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қаржымині, ККМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ («Қазақтелеком» АҚ) (келісім бойынша)

2012 жылғы 31 қазан

5

Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

Қаржымині, ККМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ («Қазақтелеком» АҚ) (келісім бойынша)

2012 жылғы 31 қазан, 2013 жылғы 31 қаңтар

6

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ құрамына кіретін ұйымдар арасында электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пилоттық іске қосу (2013 жылғы ақпан – наурыз)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қаржымині, ККМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы 1 сәуір

7

Электрондық шот-фактураларды енгiзуге байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің ведомствоаралық ақпараттық жүйесін пысықтау, оның ішінде жобаға қатысушылардың ERP-жүйелерінен электрондық шот-фактураларды қабылдау бойынша функционалды іске асыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

Қаржымині, ККМ

2013 жылғы 31 қаңтар

8

Электрондық шот-фактураларды енгізу кезінде практикалық көмек көрсету бойынша семинарлар, тренингтер өткізу (2013 жылдың сәуірінен бастап 2014 жылдың наурызын)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қаржымині, ККМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ («Қазақтелеком» АҚ) (келісім бойынша)

2014 жылғы 31 наурыз

9

Электрондық шот-фактураларды енгiзу мәселелері бойынша Call-Орталықтың жұмысын кеңейту (2013 жылдың сәуірінен бастап 2014 жылдың наурызы)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қаржымині, ККМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ («Қазақтелеком» АҚ) (келісім бойынша)

2014 жылғы 31 наурыз

10

Электрондық шот-фактураларды енгізу мәселелері бойынша БАҚ-та ақпараттық-түсіндіру жұмысын қамтамасыз ету (аяқтау нысаны: жаңалықтардағы, бағдарламалардағы сюжеттер, газеттердегі және ақпараттық агенттіктердегі жарияланымдар).

телевизиялық бағдарламалар

Қаржымині, МАМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «Қазақтелеком» АҚ) (келісім бойынша)

2014 жылғы 31 наурыз

11

Электрондық шот-фактураларды енгізуді түсіндіру бойынша бейнероликтер шығаруды және республикалық телеарналарда трансляциясын ұйымдастыру (Қаржымині – шығару, МАМ – ротация)

бейне-роликтер

Қаржымині, МАМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «Қазақтелеком» АҚ) (келісім бойынша)

2014 жылғы 31 наурыз

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
      «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
      «Қазақтелеком» АҚ – «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады