"Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 17 ақпандағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 82-ө Өкімі

      1. Қоса берiлiп отырған «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 17 ақпандағы Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi (бұдан әрi – тiзбе) бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
      3. Мемлекеттiк органдар тиiстi ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкiметiн қабылданған шаралар туралы хабардар етсiн.

      Премьер-Министр                            К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрiнiң  
2012 жылғы 19 сәуірдегі
№ 82-ө өкiмiмен    
бекiтiлген      

«Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
2012 жылғы 17 ақпандағы Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы
қажет нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi

Р/с

Нормативтiк құқықтық актiнiң атауы

Актiнiң нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттiк органдар

Орындау мерзiмі

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині

2012 жылғы сәуір

2.

Ұлттық біліктілік шеңберін бекіту туралы

Бұйрық

Еңбекмині, БҒМ, ДСМ

2012 жылғы қыркүйек

3.

Кәсіби стандарттардың құрылымын, оларды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану қағидаларын бекіту туралы

Бұйрық

Еңбекмині, БҒМ, ДСМ

2012 жылғы қыркүйек

4.

Салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы

Бұйрық

Еңбекмині, БҒМ, ИЖТМ, ККМ, АШМ, МГМ, ДСМ, ҚТҮКШIА

2012 жылғы қыркүйек

5.

Кәсіби стандарттар тізілімінің нысанын бекіту туралы

Бұйрық

Еңбекмині, БҒМ, ДСМ

2012 жылғы қыркүйек

6.

Мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және оларға біліктілік беру қағидаларын бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ, ИЖТМ, ККМ, АШМ, МГМ, ДСМ, ҚТҮКШIА

2012 жылғы маусым

7.

«Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, еңбекақының жоғары мөлшерiне және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретiн өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмiн, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстардың тiзбесiн және оны қолдану жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Бұйрық

Еңбекмині

2012 жылғы сәуір

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
      БҒМ – Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi
      ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi
      ККМ – Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi
      АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi
      МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгi
      ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi
      ҚТҮКШIА – Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады