Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің мерейтойлық сессиясы мен сыртқы істер министрлерінің IV кеңесін дайындау мен өткізу туралы ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 88-ө Өкімі

      Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (бұдан әрі – АӨСШК) мерейтойлық сессиясы мен сыртқы істер министрлерінің IV кеңесін дайындау мен өткізу туралы ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Қазыханов            - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Ержан Хозеұлы          министрі, жетекші

Сарыбай              - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Қайрат Шораұлы         министрінің орынбасары, жетекшінің орынбасары

Әли                  - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Ерлік Шәкірұлы         министрлігінің Жалпыазиялық ынтымақтастық
                       департаментінің директоры, хатшы

Оразқұлов            - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет
Қанат Орынтайұлы       қызметі бастығының орынбасары (келісім
                       бойынша)

Жанжүменов           - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің
Талғат Жеңісұлы        орынбасары

Қырықбаев            - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Арман Оразбайұлы       ақпарат вице-министрі

Смайылов             - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар
Жанболат               вице-министрі
Амангелдіұлы

Тыныбеков            - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
Қайрат Сағатханұлы     орынбасары

Бекжанов             - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Серік Рахметжанұлы     комитетінің Шекара қызметі директоры
                       орынбасарының міндетін уақытша атқарушы –
                       Шекаралық бақылау бас басқармасының бастығы
                       (келісім бойынша)

Бекшин               - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Жандарбек Мұхтарұлы    министрлігінің Мемлекеттік
                       санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
                       комитетінің төрағасы

Каналимов            - Астана қаласының әкімі аппараты басшысының
Ерлан Ермекұлы         орынбасары

Қоңырбаева           - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Алма Уәлиханқызы       министрлігінің Халықаралық ақпарат комитеті
                       төрағасының орынбасары

Мулькин              - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Сейітғали              Кедендік бақылау комитеті төрағасының
Жалмұхамедұлы          орынбасары

Смағұлов             - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
Баянбек                министрлігінің Азаматтық авиация комитеті
Жарылғапұлы            төрағасының орынбасары

Әбдірашов            - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Жәнібек                министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі
Жарасқанұлы            басшысының орынбасары

Жанаев               - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Ерлан Нұрханұлы        министрлігінің Валюта-қаржы департаменті
                       директорының орынбасары

Кәрібеков            - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Әбділманнап            министрлігі Консулдық қызмет департаментінің
Уақапұлы               паспорттық-визалық басқармасының бастығы.

      2. Жұмыс тобы 2012 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне АӨСШК-нің мерейтойлық сессиясы мен сыртқы істер министрлерінің IV кеңесін өткізу жөнінде ұсыныс енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады