Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстан Республикасына ресми сапарына дайындық және оны өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы 94-ө Өкімі

      Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстан Республикасына ресми сапарына дайындық және оны өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2012 жылғы 10 мамырда Астана қаласында Қырғыз Республикасының Президенті А. Атамбаевтың Қазақстан Республикасына ресми сапарына (бұдан әрі – сапар) дайындық және оны өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес «1+1+10» форматы бойынша Қырғыз Республикасының ресми делегациясы мүшелеріне жоғары деңгейде қызмет көрсету бойынша ұйымдастыру шараларын қабылдасын, 2012 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер», 003 «Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен сапарды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қырғыз Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Қырғыз Республикасының Президенті А. Атамбаевтың арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      2) Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді, Қазақстан Республикасы Президентінің атынан кешкі ас пен ресми қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Қырғыз Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде тиісті жәрдем көрсетуді қамтамасыз етсін.
      7. Астана қаласының әкімдігі Қырғыз Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайды және көшелерді безендіруді, баратын орындарда бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламалар ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      8. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2012 жылғы 8 мамырдағы 
№ 94-ө өкіміне     
қосымша        

Қырғыз Республикасының ресми делегациясы мүшелеріне
қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Қырғыз Республикасы ресми делегациясының мүшелерін (1+1+10 форматы бойынша) және Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қаласындағы қонақ үйге орналастыру.
      2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      3. Қырғыз Республикасының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру және гүлмен безендіру.
      4. Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Астана қаласында Қырғыз Республикасы Президентінің құрметіне қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі астар) ұйымдастыру.
      5. Ресми делегацияның басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      6. Іс-шараларды өткізу орындарын гүлмен безендіру.
      7. Ресми делегацияның басшысына және мүшелеріне, сондай-ақ бірге жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсету.
      8. Ресми делегацияның басшысына және мүшелеріне, сондай-ақ бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.
      9. Астана қаласындағы қонақ үйдің залдарын жалға алу ақысын төлеуді қамтамасыз ету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады