Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының инфрақұрылымын одан әрі жайластыру мен дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 18 мамырдағы 103-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының инфрақұрылымын одан әрі жайластыру мен дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Мырзалиев
Нұржан Кершайызұлы
 

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, жетекші (келісім бойынша)

Стамбеков
Тұрғанбек Мұхаметқалиұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы, жетекшінің орынбасары (келісім бойынша)

Ержанов
Аманияз Қасымұлы

-

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары, жетекшінің орынбасары

Иванов
Андрей Аркадьевич

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Бас штаб басқармасы бастығының орынбасары, хатшы (келісім бойынша)

Мағжанов
Марат Идиятұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Бас штаб бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Әбубәкіров
Серік Абдулахметұлы

-

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті жедел іздестіру басқармасының бастығы

Мұздыбаев
Назым Қабдешұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі ғылыми-техникалық қызмет басқармасының бастығы (келісім бойынша)

Әкімбаев
Ернар Жұмагелдіұлы

-

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаменті азаматтық қорғаныс іс-шараларын жоспарлау және халықты үйрету басқармасының бастығы

Іргебаев
Серікқан Байбейсенұлы

-

Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери полиция бас басқармасы бастығының орынбасары – Әскери полиция бас басқармасының қылмыстық қудалау басқармасының бастығы

Қойшыбаева
Римма Адхамқызы

-

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Қазгеодезия» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының өндіріс бойынша орынбасарының міндетін атқарушы

Бұтаев
Құдайберді Мырзаханұлы

-

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік фитосанитариялық инспекцияның бас талдаушысы

Нокина
Гүлнар Зәкірқызы

-

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау комитеті азық-түлік өнеркәсібіне бақылау жасау және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасының бастығы

Қожахмет
Мадияр Дүйсембайұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры

Қалдыбаев
Марат Махметұлы

-

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Ғылыми-техникалық саясат және нормалау департаментінің басқарма бастығы

Талекенов
Ербол Сәтбайұлы

-

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің бас талдаушысы

Мисбахов
Эмиль Замельевич

-

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу комитетінің бас сарапшысы

Қарымсақова
Әсем Жамыханқызы

-

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу комитетінің бас сарапшысы.

      2. Жұмыс тобы 2012 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының инфрақұрылымын одан әрі жайластыру мен дамыту бойынша ұсыныстар әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жүктелсін (келісім бойынша).

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады