1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында автомобиль көлігінде жолаушылар тасымалын дамыту жөніндегі шаралар кешені (бұдан әрi – шаралар кешенi) бекiтiлсiн.
2. Мүдделi орталық мемлекеттiк органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
1) шаралар кешенiнiң тиiсiнше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн;
2) жыл сайын, жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша 15 шiлдеге және 15 қаңтарға Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгiне шаралар кешенiнiң iске асырылу барысы туралы ақпарат берсiн.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi жыл сайын 1 тамызға және 1 ақпанға Қазақстан Республикасының Үкiметiне шаралар кешенiнiң орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берудi қамтамасыз етсiн.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бірінші орынбасары С.Н. Ахметовке жүктелсiн.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 19 маусымдағы
№ 119-ө өкімімен
бекітілген
Қазақстан Республикасында автомобиль көлігінде
жолаушылар тасымалын дамыту жөніндегі шаралар кешені
р/с № |
Іс-шаралар атауы |
Жауапты орындаушылар |
Аяқталу нысаны |
Қаржыландыру |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. |
Мыналарды: |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
Автомобиль көлігінде жолаушылар тасымалын дамыту жөніндегі іс-шаралар |
Талап етілмейді |
2012 жылғы III тоқсан |
2. |
Аумақтарды дамыту бағдарламаларына мынадай сипаттағы көліктік қолжетімділік индикаторларын енгізу: |
Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
Облыстардың, Астана және Алматы қалалары мәслихаттарының шешімдері |
Талап етілмейді |
2012 жылғы III тоқсан |
3. |
Мынадай мемлекеттік стандарттарды әзірлеу: |
ККМ |
Мемлекеттік стандарттардың жобалары |
Қаражат 001 «Көлiк, коммуникация, байланыс және ақпараттандыру саласындағы саясатты қалыптастыру, үйлестiру және бақылау, инфрақұрылымды және бәсекелес нарықты дамыту жөнiндегi қызметтер» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде көзделген |
2012-2013 жылдар |
4. |
Қалааралық, халықаралық, облысаралық автобус маршруттарын диспетчерлік сүйемелдеудің және Жолаушыларды электрондық билеттеудің бірыңғай жүйесін құру мәселесін, оның ішінде бірыңғай жүйені орталықтандырылған сүйемелдеуді жүргізу және автобустарды (қалалық және қала маңындағы маршруттарды қоспағанда) GPS/ГЛОНАСС навигациялық құралдарымен жарақтандыру бөлігінде пысықтау |
ККМ (жинақтау), ЭДСМ, ІІМ, облыстардың Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
ПМК-ге ұсыныс |
Талап етілмейді |
2012 жылғы IV тоқсан |
5. |
Мемлекеттік органдардың жолаушыларды автомобиль көлігімен заңсыз тасымалдау фактілерін айқындау және болдырмау және рейдтік тексерістерді тұрақты жүргізу жөніндегі өзара іс-қимылдарының схемасын әзірлеу және бекіту |
ККМ (жинақтау), ІІМ, Қаржымині |
Бірлескен бұйрық |
Талап етілмейді |
2012 жылғы III тоқсан |
6. |
Жолаушыларды автомобильмен тасымалдау саласындағы Қазақстан Республикасының көлік заңнамасын сақтау жөніндегі мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру жөніндегі бірлескен шаралар бойынша ұсыныстар әзірлеу |
ККМ (жинақтау), ІІМ, ЭДСМ, Қаржымині |
ПМК-ге ұсыныс |
Талап етілмейді |
2012 жылғы IV тоқсан |
7. |
«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: |
ККМ (жинақтау), ІІМ, ЭДСМ, Әділетмині |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ПМК-ге енгізу |
Талап етілмейді |
2012 жылғы тамыз |
8. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына: |
ККМ (жинақтау), ІІМ, ИЖТМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулысының жобасы |
Талап етілмейді |
2012 жылғы IV тоқсан |
9. |
Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың автокөлік құралдарын жаңартуға ынталандыру бойынша шаралар әзірлеу |
ККМ (жинақтау), ЭДСМ, Қаржымині, ИЖТМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
ПМК-ге ұсыныс |
Талап етілмейді |
2012 жылғы IV тоқсан |
10. |
Таксимен жолаушыларды және багажды тасымалдау бойынша қызметті жетілдіру мәселесін пысықтау |
ККМ (жинақтау), Қаржымині, ЭДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
ПМК-ге ұсыныс |
Талап етілмейді |
2012 жылғы III тоқсан |
11. |
Жолаушылар тасымалдау саласындағы маркетингтік зерттеулер жүргізу жөніндегі мәселені қарау |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
ККМ-ге ұсыныс |
Талап етілмейді |
2012-2013 жылдар |
12. |
Инновациялық технологияларды қолдана отырып маршруттарды, оның ішінде қалалық тасымалдарды диспетчерлік сүйемелдеудің бірыңғай жүйесін енгізу мәселесін қарау |
ККМ (жинақтау), ИЖТМ, ЭДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
ПМК-ге ұсыныс |
Талап етілмейді |
2012 жылғы IV тоқсан |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ПМК - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігі
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда
министрлігі