Македония Республикасының Президенті Г.Ивановтың Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 121-ө Өкімі

      Македония Республикасының Президенті Георге Ивановтың Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын дайындау және өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2012 жылғы 1 – 3 шілдеде Астана қаласында Македония Республикасының Президенті Георге Ивановтың Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын (бұдан әрі – сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес «1+1+10» форматы бойынша Македония Республикасының ресми делегациясының мүшелеріне жоғары деңгейде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2012 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету», 003 «Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Азаматтардың санаттарына жекелеген медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Македония Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Македония Республикасы Президентінің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшуын, Астана қаласының әуежайында қонуын және одан ұшып шығуын;
      2) Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің және/немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан ресми қабылдаулар (бейресми қабылдаулар) кезінде концерттік бағдарламалар ұйымдастырсын;
      2) сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін.
      Астана қаласының әкімдігі Македония Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайды және көшелерді безендіруді, баратын орындарда бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламалар ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Македония Республикасының Президенті Георге Ивановты қарсы алу мен шығарып салудың ресми рәсімдеріне қатыссын.
      8. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара  қызметі (келісім бойынша) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Македония Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде тиісті жәрдемді қамтамасыз етсін.
      9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 29 маусымдағы
№ 121-ө өкіміне  
қосымша        

Македония Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне қызмет
көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Македония Республикасы ресми делегациясының мүшелерін (1+1+10 форматы бойынша) және Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қаласының қонақүйде орналастыру.
      2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      3. Македония Республикасының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру және гүлдермен безендіру.
      4. Қазақстан Республикасы Президентінің және/немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан Астана қаласында Македония Республикасы Президентінің құрметіне қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі ас), бейресми қабылдаулар, сондай-ақ техникалық үстелдер ұйымдастыру.
      5. Македония Республикасы ресми делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      6. Іс-шараларды өткізу орындарын гүлмен безендіру.
      7. Македония Республикасы ресми делегациясының басшысы мен мүшелеріне, сондай-ақ бірге жүретін адамдарға көлік қызметін көрсету.
      8. Македония Республикасы ресми делегациясының басшысы мен мүшелеріне, сондай-ақ бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.
      9. Екіжақты келіссөздер өткізу үшін Астана қаласының қонақ үйінде залдарды жалдау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады