Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі О.Бабановтың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 2 шілдедегі № 122-ө Өкімі

      Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Омурбек Бабановтың Қазақстан Республикасына ресми сапарын және қазақ-қырғыз Үкіметаралық Кеңесінің үшінші отырысын дайындау және өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2012 жылғы 1-3 шілде кезеңінде Астана және Қарағанды қалаларына Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі О.Бабановтың Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі – сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі сапар барысында қазақ-қырғыз Үкіметаралық Кеңесінің үшінші отырысын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі сапар барысында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметі арасында шағын футболдан жолдастық ойынды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес Қырғыз Республикасының ресми делегациясы мүшелеріне «1+10» форматы бойынша жоғары деңгейде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге қатысты шығыстарды қаржыландыруды 2012 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер», 003 «Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қырғыз Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің Астана және Қарағанды қалаларының әуежайындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі О.Бабановтың арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана және Қарағанды қалаларының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана және Қарағанды қалаларының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      7. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан ресми және/немесе бейресми қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      8. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Қырғыз Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу барысында тиісті жәрдем көрсетсін.
      9. Астана қаласының әкімдігі Қырғыз Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу, әуежай мен көшелерді безендіру, баратын орындарға бірге жүруді, мәдени бағдарламаларды ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсін.
      10. Қарағанды облысының әкімдігі Қырғыз Республикасының ресми делегациясын Қарағанды қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу, Қырғыз Республикасының ресми делегацияның басшысына және мүшелеріне, сондай-ақ ілесіп жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсін.
      11. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің  
2012 жылғы 2 шілдедегі 
№ 122-ө өкіміне     
қосымша        

Қырғыз Республикасы ресми делегациясының мүшелерін қызмет
көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Қырғыз Республикасы ресми делегациясының мүшелерін (1+10 форматы бойынша) және Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін тұратын жерде қонақүйге орналастыру.
      2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      3. Қырғыз Республикасының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана және Қарағанды қалаларының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру және гүлмен безендіру.
      4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан Астана және Қарағанды қалаларында Қырғыз Республикасының Премьер-Министрінің құрметіне қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі, соның ішінде бейресми) ұйымдастыру.
      5. Ресми делегацияның басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      6. Іс-шаралар өтетін орындарды гүлмен безендіру.
      7. Астана және Қарағанды қалаларында Қырғыз Республикасының ресми делегацияның басшысына және мүшелеріне, ілесіп жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсету.
      8. Ресми делегацияның басшысына және мүшелеріне, сондай-ақ бірге ілесіп жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.
      9. Астана қаласының қонақ үйінде екіжақты кездесу өткізу үшін залдарды жалға алу ақысын төлеуді қамтамасыз ету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады