Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім жобасын әзірлеу бойынша Еуропалық комиссиямен келіссөздер үдерісінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2012 жылғы 26 шілдедегі № 133-ө Өкiмi

      Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім жобасын әзірлеу мақсатында:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім жобасын (одан әрі – Келісім) әзірлеу бойынша Еуропалық комиссиямен келіссөздер үдерістеріне қатысу үшін Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациясының құрамы бекітілсін.
      2. Осы өкімнің қосымшасына сәйкес Келісім жобасының бөлімдерін дайындауға жауапты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары бекітілсін.
      3. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаевқа жүктелсін.

       Премьер-Министр                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 26 шілдедегі
№ 133-ө өкімімен 
бекітілген    

Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы
кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім
жобасын әзірлеу бойынша Еуропалық комиссиямен келіссөздер
үдерістеріне қатысу үшін Қазақстан Республикасының
үкіметтік делегациясының құрамы

Волков
Алексей Юрьевич

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары, делегация басшысы, саяси бөлімді талқылау жөніндегі топтың жетекшісі

Қабиева
Дәмегүл Нәбиқызы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі, атқарушы хатшы

Айтжанова
Жанар Сейдахметқызы

Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі, сауда және саудамен байланысты мәселелерді талқылау жөніндегі топтың жетекшісі

Әбдіқазымов
Қабдолкәрім Ратайұлы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Таженов
Амангелді Ыдырысұлы

Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары (келісім бойынша)

Демеуов
Мұрат Ғанұлы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары

Рау
Альберт Павлович

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі

Майкеев
Бағдат Әбдіқадырұлы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары

Баймолдина
Зәуреш Хамитқызы

Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі, сот әділдігі, бостандық және қауіпсіздік мәселелерін талқылау жөніндегі топтың жетекшісі

Құсайынов
Марат Әпсеметұлы

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі, экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылау жөніндегі топтың жетекшісі

Орынханов
Мұрат Қадесұлы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылау жөніндегі топтың жетекшісі

Толымбаев
Берік Зиябекұлы

Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі, энергетика мәселелерін талқылау жөніндегі топтың жетекшісі

Ахметов
Серік Әбжәлиұлы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Байжүнісов
Ерік Әбенұлы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

Бектұров
Азат Ғаббасұлы

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі

Ерғожин
Дәулет Еділұлы

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

Ысқақов
Мәрлен Нұрахметұлы

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі

Смайылов
Жанболат Амангелдіұлы

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі

Қырықбаев
Арман Оразбайұлы

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі

Толыбаев
Марат Еркінұлы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

Омаров
Сапархан Кесікбайұлы

Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (келісім бойынша)

Омаров
Мұрат Ескелдіұлы

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары

Әзілханов
Марат Алмасұлы

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары

Жарқынбаев
Жасер Әзімханұлы

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары

Досмұхамбетова
Балжан Ибатқызы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігітөрағасының орынбасары

Көмекбаев
Әли Амантайұлы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттікқызмет істері агенттігі төрағасыныңорынбасары (келісім бойынша)

Шаймағамбетов
Еркін Мұстафаұлы

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары

Әлімқұлов
Еркеғали Амантайұлы

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары (Монополияға қарсы агенттік)

Калюжный
Вячеслав Афанасьевич

Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы (келісім бойынша)

Бөбеев
Мұқтар Сапарәліұлы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Тен
Игорь Викторович

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары

Сейдіғаппаров
Қанат Серікұлы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы (келісім бойынша)

Тұяқбаев
Ерлан Әлімжанұлы

Қазақстан Республикасы Экономикалыққылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастықдепартаментінің бастығы (келісім бойынша)

Бегахметов
Аслан Ерікұлы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) халықаралық-құқық бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)

Бектеміров
Қуаныш Әбдіғалиұлы

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша).

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 26 шілдедегі
№ 133-ө өкімімен
қосымша     

Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы
кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім
жобасының бөлімдерін дайындауға жауапты Қазақстан
Республикасы мемлекеттік органдарының және ұйымдарының
бекітілімі

      1. Кіріспе және негізгі қағидаттар – СІМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар.
      2. Саяси диалог және реформа. Сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты саласындағы ынтымақтастық:
      1) саяси диалогтың мақсаттары - СІМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар;
      2) демократия және заң үстемдігі – Әділетмині (жинақтау), АҚҰО (келісім бойынша), СІМ;
      3) сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты – СІМ (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша), «Сырбар» СБҚ (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), Қорғанысмині, ІІМ, ТЖМ, Әділетмині;
      4) ғарыштық қауіпсіздік – ҰҒА (жинақтау); Қорғанысмині, СІМ;
      5) халықаралық Қылмыстық сот – Әділетмині (жинақтау), СІМ, БП (келісім бойынша);
      6) қақтығыстарды болдырмау және дағдарыстық реттеу – СІМ (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша), «Сырбар» СБҚ (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), Қорғанысмині, ІІМ, ТЖМ;
      7)  өңірлік тұрақтылық – СІМ (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша), «Сырбар» СБҚ (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), Қорғанысмині, ІІМ, ТЖМ, Әділетмині;
      8) жаппай қырып-жою қаруы - СІМ (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша), «Сырбар» СБҚ (келісім бойынша), Қорғанысмині, ТЖМ, ІІМ, Қаржыминінің КБК;
      9) атыс қару-жарағы және жеңіл қару - Қорғанысмині (жинақтау), ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша), ИЖТМ, Қаржыминінің КБК, СІМ;
      10. терроризмге қарсы күрес - ҰҚК (келісім бойынша) (жинақтау), ІІМ, «Сырбар» СБҚ (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ТЖМ, Қорғанысмині, СІМ.
      3. Экономикалық ынтымақтастық:
      1) экономикалық диалог – ЭДСМ (жинақтау), Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша), СА;
      2) мемлекеттік қаржыны басқару және ішкі бақылау – Қаржымині, Есеп Комитеті (келісім бойынша);
      3) салық саласындағы тиісті басқару - Қаржымині;
      4) кеден – Қаржыминінің КБК (жинақтау), ЭДСМ;
      5) статистика – СА.
      4. Сауда және саудаға байланысты мәселелер - ЭДСМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар.
      5. Энергетика - МГМ (жинақтау), ИЖТМ, Қоршағанортамині, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша).
      6. Сот әділдігі, бостандық және қауіпсіздік:
      1) заң үстемдігі және адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды құрметтеу - Әділетмині (жинақтау), БП (келісім бойынша), АҚҰО (келісім бойынша), ЖС (келісім бойынша), ДІА;
      2) жеке мәліметтерді қорғау – Әділетмині (жинақтау), ІІМ, ККМ, ҰҚК (келісім бойынша);
      3) көші-қон, баспана ұсыну және шекараларды басқару саласындағы ынтымақтастық - ІІМ (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша);
      4) ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес - Қаржыминінің ҚМК (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша), ЭҚСЖКА (келісім бойынша);
      5) есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес – ІІМ (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша), Қаржыминінің КБК;
      6) ұйымдасқан қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ІІМ (жинақтау), ЭҚСЖКА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша);
      7) терроризмге қарсы күрес – ҰҚК (келісім бойынша) (жинақтау), БП (келісім бойынша), ІІМ, «Сырбар» СБҚ (келісім бойынша), ТЖМ, Қорғанысмині, СІМ;
      8) құқықтық ынтымақтастық - Әділетмині (жинақтау), ЖС (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ІІМ, СІМ, АҚҰО (келісім бойынша), «Сырбар» СБҚ (келісім бойынша), ЭҚСЖКА (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), Қорғанысмині;
      9) консулдық қорғау- СІМ (жинақтау), ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша).
      7. Ынтымақтастықтың басқа да бағыттары:
      1) көлік - ККМ;
      2) қоршаған ортаны қорғау - Қоршағанортамині (жинақтау), АШМ;
      3) азаматтық қорғаныс - ТЖМ;
      4) климаттың өзгеру - Қоршағанортамині;
      5) өнеркәсіптік саясат бойынша және кәсіпкерлік саласындағы ынтымақтастық - ЭДСМ (жинақтау), ИЖТМ;
      6) компаниялар туралы заңнама - ЭДСМ (жинақтау), Қаржымині, Әділетмині, Еңбекмині, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша);
      7) банктік, сақтандыру және басқа да қаржылық қызметтер - ҰБ (келісім бойынша);
      8) ақпараттық қоғам – ККМ (жинақтау), МАМ, СІМ;
      9) туризм - ИЖТМ;
      10) ауыл шаруашылығын және ауылдық аумақтарды дамыту - АШМ (жинақтау), ЭДСМ;
      11) балық аулау кәсібі және теңіз саясаты - АШМ (жинақтау), ККМ;
      12) тау-кен өндірісі – ИЖТМ (жинақтау), МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша);
      13) зерттеулер мен инновациялар саласындағы ынтымақтастық - БҒМ (жинақтау), ИЖТМ;
      14) ғарыштық қызмет саласындағы ынтымақтастық - ҰҒА;
      15) тұтынушылар құқықтарын қорғау - БҚА (жинақтау), ЭДСМ;
      16) жұмыспен қамту, әлеуметтік саясат және тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық – Еңбекмині;
      17) денсаулық сақтау - ДСМ;
      18) білім және мәдениет – БҒМ (жинақтау), МАМ;
      19) дыбыс-бейне құралдары және БАҚ саласындағы ынтымақтастық - МАМ;
      20) спорт және физикалық белсенділік саласындағы ынтымақтастық – СДШІА;
      21) азаматтық қоғам ынтымақтастығы – МАМ (жинақтау), СІМ;
      22) трансшекаралық және өңірлік ынтымақтастық – СІМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар.
      8. Қаржы саласындағы ынтымақтастық – ЭДСМ.
      9. Институционалдық, жалпы және қорытынды ережелер – СІМ (жинақтау), Әділетмині, ЭДСМ, БП (келісім бойынша).

      Ескертпе:
      аббревиатуралардың толық жазылуы:
      СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
      ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
      БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
      АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
      ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
      МГМ - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
      ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
      Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
      ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
      ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
      МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
      ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
      Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
      ЭҚСЖКА - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
      МҚІА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
      ДІА - Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі
      БҚА - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі
      ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
      СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
      СДШІА - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі
      ҰҒА - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
      ЕК - Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
      ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
      БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
      СБҚ - Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі
      АҚҰО – Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы
      ЖС - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
      ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
      Қаржыминінің КБК - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті
      Қаржыминінің ҚМК - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті
      «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады