1. Қоса беріліп отырған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу жөнінде 2012 жылға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Орталық, жергілікті атқарушы органдар және өзге ұйымдар (келісім бойынша):
1) Іс-шаралар жоспарының тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы есептік ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 3 тамыздағы
№ 142-ө өкімімен
бекітілген
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу жөнінде
2012 жылға арналған іс-шаралар жоспары
№ |
Іс-шаралар |
Орындау мерзімі |
Орындауға жауаптылар |
Қаржыландыру көлемі (мың теңге) |
Қаржыландыру көзі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу ережесін, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын тағайындау комиссиясы туралы ереже мен оның құрамын әзірлеу |
тамыз |
МАМ |
Талап етілмейді |
- |
2 |
Құлақтандыру видеороликтерін шығаруды және трансляциялауды, республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында, ақпараттық агенттіктерде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізуді бастау туралы хабарламаны орналастыруды қамтамасыз ету |
тамыз |
МАМ, «Хабар» агенттігі» АҚ (келісім бойынша), «Қазақпарат» (келісім бойынша), «Қазконтент» АҚ (Bnews) (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
Мемлекеттік ақпараттық тапсырма шеңберінде |
Республикалық және жергілікті бюджеттер |
3 |
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысу үшін тиісті құжаттар пакетін жинау бойынша жұмысты ұйымдастыру |
тамыз |
ӘІОДСҰК (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
Талап етілмейді |
- |
4 |
«Мерейлі отбасы» атағын алуға үміткерлердің тізімін қалыптастыру: |
5 тамызға дейін 10 тамызға дейін |
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
Талап етілмейді |
- |
5 |
«Мерейлі отбасы» атағын республикалық деңгейде алуға үміткерлердің тізімін қалыптастыру және «Ел арна» телеарнасына телекүнделіктер шығару үшін ұсыну |
15 тамызға дейін |
ӘІОДСҰК (келісім бойынша) |
Талап етілмейді |
- |
6 |
Телекүнделіктерді уақтылы шығаруды қамтамасыз ету |
тамыз-қыркүйек |
МАМ, «Хабар» агенттігі» АҚ (келісім бойынша) |
Мемлекеттік ақпараттық тапсырма шеңберінде |
Республикалық бюджет |
7 |
www.ncgp.kz сайтында кейіннен интерактивті дауыс беру үшін аталған сайтты үміткер-отбасылар туралы материалдармен толықтыруды қамтамасыз ету |
тамыз-желтоқсан |
МАМ, ӘІОДСҰК (келісім бойынша) |
Талап етілмейді |
- |
8 |
Жетекші республикалық телеарналар эфирінде еліміздің әрбір өңірінен бір отбасы туралы телекүнделіктер шығаруды, шығарылымын және ротациясын қамтамасыз ету |
қыркүйек-қараша |
МАМ, «Хабар» агенттігі» АҚ (келісім бойынша) |
Мемлекеттік ақпараттық тапсырма шеңберінде |
Республикалық бюджет |
9 |
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын www.ncgp.kz, www.elarna.kz, www.khabar.kz сайтында трансляциялау кезінде интерактивті дауыс беруді қамтамасыз ету |
қыркүйек- желтоқсан |
ӘІОДСҰК (келісім бойынша), МАМ |
Талап етілмейді |
- |
10 |
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын трансляциялау кезінде көп арналы телефон бөле отырып, телефонмен интерактивті дауыс беруді қамтамасыз ету |
қыркүйек- желтоқсан |
ККМ, «Қазақтелеком» АҚ (келісім бойынша) |
Бюджеттен тыс қаржылар |
- |
11 |
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын даярлау және өткізу барысы туралы ақпараттық-жаңалықтар жарияланымдар аясында сюжеттерді шығаруды қамтамасыз ету |
қыркүйек- желтоқсан |
МАМ |
Мемлекеттік ақпараттық тапсырма шеңберінде |
Республикалық бюджет |
12 |
Конкурсант отбасылар, сондай-ақ «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қорытындысы бойынша жеңімпаз отбасылар туралы ақпаратты газеттерге орналастыру арқылы арнайы айдарлар мен модульдер жұмысын қамтамасыз ету |
қыркүйек– желтоқсан |
МАМ |
Мемлекеттік ақпараттық тапсырма шеңберінде |
Республикалық бюджет |
13 |
Мемлекеттік телеарна эфирінде телешоу нысанында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаттарын салтанатты марапаттауды шығару және тарату |
желтоқсан |
МАМ, Еңбекмині, ӘІОДСҰК (келісім бойынша) «Хабар» агенттігі» АҚ (келісім бойынша) |
Мемлекеттік ақпараттық тапсырма шеңберінде |
Республикалық бюджет |
14 |
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қорытындысы бойынша кең материалдарды, жаңалықтар және қорытынды шығарылымдарда жеңімпаз отбасылар туралы сюжеттерді шығаруды ұйымдастыру |
желтоқсан |
МАМ |
Мемлекеттік ақпараттық тапсырма шеңберінде |
Республикалық бюджет |
Ескертпе: әріптік аббревиатуралардың толық жазылуы:
МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ӘІОДСҰК – Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия
«Хабар» агенттігі» АҚ - «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы
«Қазақтелеком» АҚ - «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы
«Қазконтент» АҚ – «Қазконтент» акционерлік қоғамы
«Қазақпарат» ҰК» АҚ – «Қазақ ақпараттық агенттігі» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
«ҰАТ»АҚ – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы