Орталық мемлекеттік органдар басшыларының бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу кестесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2012 жылғы 14 тамыздағы № 151-ө Өкiмi

      1. Қоса беріліп отырған орталық мемлекеттік органдар басшыларының бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу кестесі (бұдан әрі – кесте) бекітілсін.
      2. Орталық мемлекеттік органдар кестенің уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және іс-шара өткізілгеннен кейін екі күн мерзімде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне кестенің орындалуы туралы ақпаратты жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 1-күніне Қазақстан Республикасының Үкіметіне кестенің орындалуы туралы жиынтық ақпарат енгізсін.
      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 14 тамыздағы
№ 151-ө өкімімен
бекітілген   

Орталық мемлекеттік органдар басшыларының бұқаралық ақпарат
құралдарында сөз сөйлеу кестесін бекіту туралы
(іске асыру мерзімі: 2012 – 2013 жылдар)

      Кесте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 10 шілдеде республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам» атты мақаласын түсіндіру және ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі мақалалардың, пікірлердің, түсіндірмелердің, сұхбаттардың, сюжеттердің және теле-радио бағдарламаларының жариялану тәртібін үйлестіреді

Р/с
Спикер Тақырыбы БАҚ атауы Өткізілетін күні
1 2 3 4 5

1.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі С.З. Қайырбекова

Халықтың дәрі-дәрмекке қатысты хабардар болуын арттырудағы министрліктің бастамалары

«Казахстанская правда» газеті

2012 жылғы тамыз

2.

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы агенттігінің төрағасы С.К. Нокин

«Қол жетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы

Zakon.kz және Tengrinews.kz порталдарында оn-line конференция

2012 жылғы тамыз - қыркүйек

3.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.Н. Әбдіқалықова

Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам» атты мақаласында берген тапсырмалары шеңберінде әлеуметтік қамтамасыз етудің даму перспективалары

«Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», газеттері

2012 жылғы тамыз

4.

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы агенттігі төрағасының орынбасары Н.П. Тихонюк

Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы

«Казахстанская правда» газеті

2012 жылғы тамыз - желтоқсан

5.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.Н. Сарыбеков

Оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту – уақыт талабы

«Литер» газеті

2012 жылғы қыркүйек

6.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Т.К. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі ақпараттық технологиялардың дамуы

«Қазақстан» телеарнасы

2012 жылғы қыркүйек

7.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.К. Орынханов

Ұлттық білім беру жүйесін жаңартудың табыстылығы – жаңғыртылған процеске қол жеткізудің негізгі факторы

«Хабар» телеарнасы

2012 жылғы қыркүйек

8.

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі Б.Ә. Сағынтаев

Өңірлерді дамыту бағдарламасы

«Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», газеттері

2012 жылғы қыркүйек

9.

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы агенттігі төрағасының орынбасары Н.П. Тихонюк

ТМД аудиториясына бағдарлана отырып, «Қол жетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы туралы телебағдарламалар топтамасы

«МИР» телерадиокешені

2012 жылғы қыркүйек - қазан

10.

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Б.Ш. Шолпанқұлов

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаражатты тиімді пайдалану

«Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттері

2012 жылғы қазан

11.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы С.Р. Мусинов

Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі: жағдайы мен перспективалары

«Егемен Қазақстан» газеттері

2012 жылғы қазан

12.

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары Ғ.Н. Шойкин

Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы аясында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің ақпараттық насихат қызметінің маңызды бағыттары

«Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттері

2012 жылғы қазан

13.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.А. Ахметов

Аман-сау жүрші, қарттарым (қарт адамдарды мемлекеттік қорғау туралы)

«Егемен Қазақстан» газеті

2012 жылғы қазан

14.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы А.Қ. Ғалымова

Білім беру қызметінің сапасы мен қолжетімділігі

«Егемен Қазақстан» газеті

2012 жылғы қазан

15.

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Л.М. Кармазина

Әлеуметтік жаңғыртудың қаржылық аспекті

«Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан» газеттері

2012 жылғы қараша

16.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі С.Б. Шаяхметов

Кәсіптік білімді инвестициялау – елдің келешегі үшін салынған инвестиция

«Казахстанская правда» газеті

2012 жылғы қараша

17.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетов

Халықаралық еңбек стандарттары: Қазақстанда енгізілуі мен іске асырылуы

«Хабар» телеарнасы

2012 жылғы қараша

18.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Мамытбеков

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің инновациялық дамуы

«Казахстанская правда» газеті

2012 жылғы қараша

19.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісов

Денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамыту тұжырымдамасы туралы

«Хабар» телеарнасы

2012 жылғы желтоқсан

20.

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С. С. Сарсенов

«Ақпараттық Қазақстан – 2030» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу

«Казахстанская правда» газеті

2013 жылғы қаңтар

21.

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі Т.М. Жақсылықов

Қазақстанның әлеуметтік жаңғырту: БЭК шеңберінде интеграциялық үрдістер аясында

«Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттері

2013 жылғы ақпан

22.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Д.Қ. Мыңбай

«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпы Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» – болашақтың даңғыл жолы

«Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттері

2012 жылғы қыркүйек - қазан

23.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.Д. Құрманғалиева

Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру туралы

«Литер» газеті

2013 жылғы ақпан

24.

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта министрлігінің жауапты хатшы А.Г. Дерновой

Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам

«Казахстанская правда» газеті

2013 жылғы ақпан

25.

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің жауапты хатшысы М. К. Мырзалин

Қазақстан Республикасындағы конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайтудың басымдықтары, мазмұны мен келешегі Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуының маңызды құрамдас бөлігі ретінде

«Литер», «Дала мен қала» газеттері

2013 жылғы наурыз

26.

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министр М.Ә. Құсайынов

Мемлекеттік-жеке әріптестіктің жаңа нысандарын енгізу

«Айқын», «Литер» газеттері

2013 жылғы мамыр

27.

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары М. А. Әзілханов

Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы жолындағы халық рухани бірлігінің дәстүрлері

«Еларна» телеарнасы, «5 угол» ток-шоуы

2013 жылғы тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады