1. Қоса берiлiп отырған 2012 жылы Қазақстан Республикасында республикалық және халықаралық жарыстарды дайындау мен өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң құрамы бекiтілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, облыстардың және Астана, Алматы қалаларының әкiмдерi спорт түрлерi бойынша тиiстi федерациялармен келiсiм бойынша республикалық және ресми халықаралық жарыстарды (бұдан әрi – жарыстар) дайындауды және өткiзудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жарыстардың өткізілу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жария етуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі республика қалаларында қоғамдық тәртіпті қорғауды, ресми адамдар мен жарыстарға қатысушылар тұратын және жарыстар өтетін жерлерде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жарыстарға қатысушыларға медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуде жәрдем көрсетсін.
6. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі ұйымдастырушы ұсынған жарысқа қатысушылардың шығу кестесіне сәйкес жарыстарға қатысушылардың темір жол және әуе көлігімен жол жүруі үшін орындарды броньдауды қамтамасыз етуде жәрдем көрсетсін.
7. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына жіберілетін жарыстарға қатысушы шетелдік азаматтарға визалық қолдау көрсетсін және визалар беруді жүргізсін.
8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес спорттық жабдықтарды және мүкәммалды кедендік тазартуды қамтамасыз етсін.
9. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 16 тамыздағы
№ 153-ө өкімімен
бекітілген
2012 жылы Қазақстан Республикасында республикалық және
халықаралық жарыстарды дайындау мен өткізу жөніндегі
ұйымдастыру комитетінің құрамы
Ермегияев |
- |
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, төраға |
Қанағатов |
- |
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары, төрағаның орынбасары |
Тыныбеков |
- |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары |
Бектұров |
- |
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі |
Жошыбаев |
- |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы |
Қырықбаев |
- |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі |
Шолпанқұлов Берік |
- |
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Байжүнісов |
- |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі |
Қожамжаров |
- |
Ақмола облысының әкімі |
Бозымбаев |
- |
Жамбыл облысының әкімі |
Құсайынов |
- |
Қарағанды облысының әкімі |
Есімов |
- |
Алматы қаласының әкімі |
Балаева |
- |
Астана қаласы әкімінің орынбасары |
Досымбетов |
- |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы (келісім бойынша) |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 16 тамыздағы
№ 153-ө өкіміне
қосымша
2012 жылы Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін
республикалық және халықаралық жарыстардың тізбесі
р/с |
Іс-шараның атауы |
Өткізілу мерзімі |
Өткізу орны |
Жауаптылар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Триатлоннан Азия кубогының кезеңі |
7–10 шілде |
Ақмола облысы Бурабай ауылы |
ҚРСДШІА, Ақмола облысының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Триатлон федерациясы» ҚБ (келісім бойынша) |
2. |
Триатлоннан Азия кубогының кезеңі |
21–24 шілде |
Ақмола облысы Көкшетау қаласы |
ҚРСДШІА, Ақмола облысының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Триатлон федерациясы» ҚБ (келісім бойынша) |
3. |
Су добынан жасөспірімдер (қыздар) арасындағы Азия чемпионаты |
20-30 тамыз |
Тараз қаласы |
ҚРСДШІА, Жамбыл облысының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Су спорты түрлері федерациясы» ҚБ (келісім бойынша) |
4. |
Жатып сығымдаудан Азия чемпионаты |
10-16 қыркүйек |
Алматы қаласы |
ҚРСДШІА, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Бодибилдинг, пауэрлифтинг, фитнес федерациясы» ҚБ (келісім бойынша) |
5. |
Волейболдан әйелдер командалары арасындағы Азия кубогы және Қазақстан Республикасы Президентінің кубогына халықаралық турнир |
6-16 қыркүйек |
Алматы қаласы |
ҚРСДШІА, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Волейбол федерациясы» ҚБ (келісім бойынша) |
6. |
Шаңғымен тұғырдан секіруден «Гран-При» әлем кубогының жазғы кезеңі (ерлер, әйелдер) |
15-22 қыркүйек |
Алматы қаласы |
ҚРСДШІА, Алматы қаласының әкімшілігі Қазақстан Республикасы «Шаңғымен тұғырдан секіруден және шаңғы екі сайысы федерациясы» ҚБ (келісім бойынша) |
7. |
Дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесіне әлем кубогы |
15-16 қыркүйек |
Қарағанды қаласы |
ҚРСДШІА, Қарағанды облысының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Дзюдо федерациясы» ҚБ (келісім бойынша) |
8. |
Су добынан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты |
1-10 қыркүйек |
Алматы қаласы |
ҚРСДШІА, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Су спорты түрлері федерациясы» ҚБ (келісім бойынша) |
9. |
Есту бойынша мүгедектер арасындағы ерлер, әйелдер, жасөспірімдер, ардагерлер арасындағы шахматтан жеке әлем чемпионаты |
28 қыркүйек – 6 қазан |
Алматы қаласы |
ҚРСДШІА, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Шахматтан есту бойынша мүгедектер федерациясы» ҚБ (келісім бойынша) |
10. |
Белбеу күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионаты және жастар арасындағы Азия чемпионаты |
26-30 қыркүйек |
Астана қаласы |
ҚРСДШІА, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Белбеу күресінен федерациясы» ҚБ (келісім бойынша) |
11. |
Грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының Президенті кубогына халықаралық турнир |
қараша |
Астана қаласы |
ҚРСДШІА, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Күрес федерациясы» ҚБ (келісім бойынша) |
12. |
Шаңғымен тұғырдан секіруден әлем кубогының кезеңі |
12 желтоқсан |
Алматы қаласы |
ҚРСДШІА, Алматы қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасы «Шаңғымен тұғырдан секіруден және шаңғы екісайысы федерациясы» ҚБ (келісім бойынша) |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
СДШІА – Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі
МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
ҚБ – қоғамдық бірлестік
ЗТБ – заңды тұлғалар бірлестігі