Корея Республикасының Президенті Ли Мен Бактың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 168-ө Өкімі

      Корея Республикасының Президенті Ли Мен Бактың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасын Сыртқы істер министрлігі 2012 жылғы 12 – 14 қыркүйек кезеңінде Астана қаласында және Ақмола облысында Корея Республикасының Президенті Ли Мен Бактың Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі – сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес «1+10» форматы бойынша Корея Республикасының ресми делегациясы мүшелеріне жоғары деңгейде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге қатысты шығыстарды 2012 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету», 003 «Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Жекелеген азаматтар санатына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Корея Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының және Ақмола облысының әуежайларында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Корея Республикасының Президенті Ли Мен Бактың арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Астана және Көкшетау қалаларының әуежайларында қонуын және олардан ұшып шығуын;
      2) Астана қаласының және Ақмола облысының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды;
      3) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен бірлесіп (келісім бойынша), ресми делегация үшін тікұшақ дайындауды, мемлекеттер басшыларына, еріп жүретін тұлғаларға Астана қаласы – Бурабай курорт аймағы – Астана бағыты бойынша арнайы пойыз ұйымдастыруды;
      4) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен бірлесіп (келісім бойынша) Көкшетау, Астана қалаларының әуежайларында және Бурабай курорт аймағында тікұшақтарға техникалық қызмет көрсетуді, олардың тұрағын (тікұшақтар алаңын) және жанармай құюды;
      5) Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдіктерімен бірлесіп, Астана қаласы әуежайының, Астана қаласының және Щучинск қаласындағы Бурабай станциясының теміржол вокзалдарының техникалық дайындығын қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі:
      1) сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін;
      2) Қазақстан Республикасының Президенті атынан берілетін ресми/бейресми қабылдау кезінде концерттік бағдарламаның ұйымдастырылуын және іс-шараларға қажетті техникалық қолдау көрсетуді (дыбыс, жарық және сахнаны безендіру) қамтамасыз етсін.
      6. Астана қаласының әкімдігі Корея Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайды және көшелерді безендіруді, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      7. Ақмола облысының әкімдігі:
      1) Бурабай курорт аймағын сапарды өткізуге дайындау бойынша тиісті іс-шараларды;
      2) көліктік қызмет көрсетуді;
      3) теміржол станциясынан Бурабай курорты аймағына дейінгі автомобиль жолының техникалық әзірлігін;
      4) ресми делегациялардың, бірге жүретін тұлғалардың тамақтануын;
      5) мәдени бағдарлама ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      8. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) бағдарлама бойынша сәйкес ресми рәсімдерге қатыссын.
      9. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Корея Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу барысында тиісті жәрдем көрсетсін.
      10. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің  
2012 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 168-ө өкіміне  
қосымша       

Корея Республикасының ресми делегациясы мүшелеріне
қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

     1. Корея Республикасы ресми делегациясының мүшелерін (1+10 форматы бойынша) және Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін тұратын жерлерге орналастыру.
      2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, автомобильдерге арнайы рұқсаттама, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      3. Корея Республикасының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру және гүлмен безендіру.
      4. Астана қаласында және Ақмола облысында Қазақстан Республикасының Президенті атынан Корея Республикасы Президентінің құрметіне қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі ас), бейресми қабылдау ұйымдастыру.
      5. Ресми делегацияның басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      6. Іс-шараларды өткізу орындарын гүлмен безендіру.
      7. Ресми делегацияның басшысы мен мүшелеріне, сондай-ақ оларға еріп жүретін тұлғаларға Астана қаласында және Ақмола облысында көліктік қызмет көрсету.
      8. Ресми делегацияның басшысы мен мүшелеріне, сондай-ақ оларға еріп жүретін тұлғаларға Астана қаласында және Ақмола облысында медициналық қызмет көрсету.
      9. Астана қаласының қонақ үйінде екіжақты кездесу өткізу үшін залдарды жалға алу ақысын төлеуді қамтамасыз ету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады