1. Қоса берiлiп отырған «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi (бұдан әрi – тiзбе) бекiтiлсiн.
2. Тiзбеге сәйкес мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн.
Премьер-Министр С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 234-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы
Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі
Р/с |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
«Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы |
Қаржымині, ЭДСМ |
2012 жылғы желтоқсан |
2 |
«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині, ЭДСМ |
2012 жылғы желтоқсан |
3 |
«Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ, Қаржымині |
2012 жылғы желтоқсан |
4 |
«Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ |
2012 жылғы желтоқсан |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда
министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі