Алматы қаласында Бiрiккен Ұлттар Ұйымының орталығын құру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 237-ө Өкімі

      Алматы қаласында Бiрiккен Ұлттар Ұйымының орталығын құру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Орынбаев                    - Қазақстан Республикасы
Ербол Тұрмаханұлы             Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші

Жошыбаев                    - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Рәпіл Сейітханұлы             министрлігінің жауапты хатшысы,
                              жетекшінің орынбасары

Садықов                     - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Барлыбай Кәрімұлы             министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық
                              департаментінің директоры, хатшы

Баймолдина                  - Қазақстан Республикасының Әділет
Зәуреш Хамитқызы              вице-министрі

Дәленов                     - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы             вице-министрі

Жақсылықов                  - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Тимур Мекешұлы                даму және сауда вице-министрі

Оқасов                      - Қазақстан Республикасы Төтенше
Сейітқажы Қажыкенұлы          жағдайлар министрлігінің аппарат
                              басшысы

Күреңбеков                  - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Амантай Жанкеұлы              вице-министрі

Әбдіқазымов                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Қабдұлкәрім Ратайұлы          қауіпсіздік комитеті төрағасының
                              орынбасары (келісім бойынша)

Тәженов                     - Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы
Амангелді Едірісұлы           барлау қызметі директорының орынбасары
                              (келісім бойынша)

Тихонюк                     - Қазақстан Республикасы Құрылыс және
Николай Петрович              тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері
                              агенттігі төрағасының орынбасары

Чиканаев                    - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Қазбек Шаймерденұлы           басқару агенттiгi төрағасының
                              орынбасары

Долженков                   - Алматы қаласы әкімінің орынбасары
Виктор Анатольевич

      2. Жұмыс тобы 2013 жылғы 15 ақпанға дейінгі мерзімде Алматы қаласында Бiрiккен Ұлттар Ұйымының орталығын құру жөнінде ұсыныстар әзірлесін және оларды Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсiн.

      Премьер-Министр                                 С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады